жылкы ауруы
жылкы ауруыМазмұны Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..6 Негізгі бөлім……………………………………………………………………………………………….7 1.1 Қуық жүйесінің аурулары туралы түсінік…………………………………………… 7-8 1.2 Созылмалы нефрит ауруы туралы түсінік…………………………………………. 8-10 1.3 Нефроз ауруы туралы түсінік………………………………………………………….. 10-12 1.4 Қуықтың әлсіреуі және параличі туралы түсінік……………………………… 11-12 1.5 Қуыққа тас байлану ауруы туралы түсінік………………………………………. 12-13 1.6 Қуыққа жасалатын операциялар…………………………………………………….. 15-17 1.7 Қуық органдарында болатын зәрдің жалпы мөлшері………………………. 17-18 2. Өзіндік зерттеу…………………………………………………………………………………….. 19 Техника қауіпсіздігі…………………………………………………………………………………. 20 Қорытынды……………………………………………………………………………………………… 21 Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………………. 22 3. Тіркелген мәліметтер………………………………………………………………………. 23-24 3.1 Жылқының цистотомиясы (1-сурет)…………………………………………………… 23 3.2 Жылқының шаптық уретростомиясы (2-сурет)…………………………………… 24 Аннотация Бұл курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, техника қауіпсіздігі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде қуық жүйесінің аурулары туралы жалпы түсінік қамтылған. Негізгі бөлімінде қуық жүйесінің аурулары, аурулардың себептері, аурулардың белгілері, аурулардың барысы, ауруларды емдеу және сақтандыру шаралары қамтылған. Сонымен қатар, қуыққа жасалатын операциялар, қуықты тіліп ашу, қуықты тесу және қуық туралы мәлімет, қуық органдарында болатын зәрдің жалпы мөлшері туралы жалпы түсінік қамтылған. Өзіндік зерттеу бөлімінде біздің практикалық дәріс барысында цистит ауруымен ауырған итті емдеу жөнінде айтылған. Техникалық қауіпсіздік бөлімінде малдарға операция жасайтын хирургия бөлімінде операцияны дұрыс орындау, және оны орындағанда сақтық шаралары, қауіпсіздік ережелері жөнінде айтылады. Қорытынды бөлімінде өз ойымды тұжырымдап, қуық жүйесінің ауруларын болдырмау туралы айтылады. Тіркелген мәліметтер бөлімінде жылқының цистотомиясы және жылқының шаптық уретростомиясы кескінделген графикалық сурет көрсетілген. Нормативтік сілтемелер Бұл курстық жұмыста пайдаланылған сілтемелер төмендегі құжаттарға негізделген. ГОСТ 2.102-68 ЕСКД. Конструкторлық құжаттардың толықтылығы мен түрі. ГОСТ 2.104-68 ЕСКД. Негізгі жазулар. ГОСТ 2.201-80 ЕСКД. Конструкторлық құжаттар мен жасалған бұйымдардың белгілері. ГОСТ 2.601-95 ЕСКД. Пайдалану құжаттары. ГОСТ 2.304-81 ЕСКД. Сызба шрифтері. ФС ЮКГУ 4.6-002-2004 СМК. Оқу құжаттарын толтыру қағидалары. Графикалық талаптарға қойылатын жалпы талаптар. Анықтамалар Пиелонефрит — бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы. Пиелит — бүйрек астауының қабынуы. Цистит — қуықтың қабынуы. Қысқартылған сөздер мен белгілер мл — миллилитр см — сантиметр % — пайыз мин — минут м — метр т.б. — тағы басқа мм — миллиметр Кіріспе Қуық жүйесінің аурулары — малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады. Қуық ауруларының шығуына індетті аурулар (оба, шошқа тілмесі, аусыл, сарп, септицемия, лептоспироз, бұзау қылауы, ит обасы, туберкулез және басқалар) организмнің өзінен-өзі улануы (көн қотыр, терінің жайылма қабынуы, терінің өлі еттенуі, іш өту, жатыр қабырғасының ішкі жағының қабынуы, шу түспеуі, анемия және организмдегі шіру процестері) сол сияқты өсімдік текті және минералды улармен улану, суық тию, жарақаттану және басқалар себін тигізеді. Бүйректің бүрісуі көбіне жайылмалы нефриттің, калькулезді процестің, кейбір зиянды заттардың (қышқыл шөп, қорғасын мен мыстың тұздарымен улану т.б.) ұзақ уақыт әсер етуінің салдары болып табылады. Пиелонефрит дегеніміз — бүйрек түбегінің және оның қалың еті қабатының қабынуы. Пиелонефрит көбінесе энтерококктардан, әсіресе несептің несеп жолымен дұрыс ақпауынан пайда болады. Цистит – қуықтың қабынуы. Ауру қуыққа жасыл ірің таяқшасының, протеяның және басқа микробтардың енуі салдарынан пайда болады.Аурудың дамуына қуықта несептің іркіліп қалуы себеп болады. Қуық жүйесінің аурулары Жіті нефрит (Nephrinis acuta). Бұл ауру – малдың бүйрек түйнегі қан тамырларының тез өтетін қабыну процесі және онан әрі бүкіл организмнің жіңішке қан тамырлары қабынады. Аурудың себептері. Ауру мал организміндегі жұқпалы улунадан болған өзгерістердің салдары болып табылуы мүмкін, бүл өзгерістер жіті келген жұқпалы аурулардан, стрептококк тудыратын қабыну процестерінен, сонымен бірге асқазан жүйесінен тыс жолмен бөгде белокты организмге енгізуден пайда болады. Белгілері. Ауру кенет білінеді. Ауру мал әлсіреп, көп қозғала бермейді, бүкірейіп тұрады. Көзге түсетін жердегі кілегей қабықтары және терісі бозарып кетеді. Жақ сүйектің аралығы, әуке тұсы, құрсағы, жыныс мүшесінің сырты ісіне бастайды. Тәбеті нашарлайды. Қарынның ішкі қабығының қабыну белгілері (гастрит) білінеді. Күйіс қайыратын малдың қан қысымы нашарлайды, алдыңғы қарындар әлсірейді, тіпті тоқ және аш ішектер қабынады. Жүректің соғуын тыңдағанда қолқаның екінші қатардағы сазы естіліп тұрады. Тамыр қатты соғады. Күре тамырлардың қысымы арта түседі. Малдың ентігетіні, өкпесінің сырылдайтыны байқалады. Несепті жиі шығарады. Несептің түсі қызғылттанып немесе күңгірттеніп тұрады, ол біршама қоюланады, аз-аздап қана шығады. Несептен белок, лейкоциттердің, әритроциттердің, эпителийдің және цилиндрлердің қоспасы табылады. Несеп тұнбасының барлық клеткалары несептің қышқыл реакциясы кезінде айқын білініп тұрады. Азоттық заттардың қанда бөгелуі арта түскен кезде малдың тәбеті нашарлайды немесе мүлде болмайды, терісі дуылдап қышиды, құсады, ентігеді, ұйқысы келе береді, дірілдейді. Мал аурудан айыға бастағанда оның жалпы күйі жақсарады, ісігі қайтады, жүрек қызметі қалыпты күйге келеді, несеп молайып, сұйыла түседі. Аурудың барысы. Дер кезінде емделмеген мал өліп қалады, немесе ауру созылмалы күйге айналады. Емі. Малға бірнеше апта бойына тыныштық жағдай жасалады. Күн сайын терісін сылап-сипайды. Рационға тез қорытылатын, белоктары мен натрийі мүлде аз азықтар енгізіледі. Шөп қоректілерге әртүрлі өсімдіктің жақсы пішені, тамыржемісті өсімдіктер, кебек ботқасы беріледі; ет қоректілерге — сүт өнімдері беріледі. А, Е, Д витаминдері қажет. Ісік қайтпай қойған және жүрек дұрыс қызмет етпеген жағдайда қан алынады; ірі малдан 3 литрге дейін, ұсақ малдан — 50-200 мл қан алынады. Мұнан кейін глюкозаның 25 проценттік ерітіндісі және строфант венаға енгізіледі. Ісік ұзақ уақыт бойына қайтпаса, несеп айдайтын заттарды қолдану ұсынылады: калий ацетаты (сірке суы) сиырға 25-60 г, қой- ешкіге 5- 10 г, жылқыға — 20-50 г, итке- 0,5-1 г; калий нитраты сиырға 8- 15г, ұсақ мал ман шошқаға -1-3 г, жылқыға -6-10 г, итке — 0,2- 0,5 г; дикарб — жылқыға -1,5-2 г, итке — 0,1- 0,2 г, мысыққа — 0,04 — 0,06 г; меркузал — сиырға — 3 — 8 мл, жылқыға — 3 — 10 мл, итке — 0,5 — 2 мл, түлкіге — 0,2 — 0,5 мл. Толокнянка жапырағ Скачать |