Халел Досмұхамедов (1883-1937)
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.
Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.
Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.
1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.
1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.
Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды
Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
Халел Досмұхамедов, Алашорда үкіметінің Орал облысынан сайланған белді мүшесі, Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, жан-жақты білімпаз-ғалым, мамандығы жағынан әскери дәрігер. 1883 жылдың 24 сәуірінде бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, №4 ауылында дүниеге келген. Алғашында Ойыл болыстық қазақ мектебінде оқып, 1895 жылы тамыз айында Орал әскери жолды училищенің дайындау бөліміне түсіп, училищені 1903 жылы кілең 5-ке бітіріп, сол жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медицина академиясын 1909 жылғы 17 қарашада үздік емші-дәрігер атағымен бітіріп шығады. Бір қызығы, академияда оқып жүрген кезінде, сол кездегі қалыптасқан тәртіп бойынша, академия бастығының 1908 жылғы 10 желтоқсандағы рұқсатымен Тоқтыбаев Сағира Жұмағашқызына үйленеді. Академияда оқып жүргенде-ақ ол баспасөз беттерінен империяда болып жатқан әр түрлі саяси толқулардың мән-жайын түсіндіріп, оның шет аймақтағы қазақ даласын қамту мүмкіндігін ашып айтып, оған алдын ала дайын отыруын ескертеді. 1905 жылы Теке (Орал) қаласында бес болыстан жиылған сиезге қазақ оқығандары Ресей кадет партиясының үлгісімен саяси ұйым құруға әрекеттенеді. Олардың арасында студент Халел де бар болатын.
Академияны бітірген соң міндетті медициналық қызметін не әскери, не теңіз салаларында өтеуге тиіс болғандықтан, әр түрлі әскери бөлімшелерде әскери дәрігер қызметін атқарады. Оба індетіне қарсы күресті. 1913 жылы міндетті әскери қызметінен босап, Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болады. Сол кезеңдерде «Қазақ» газетінде жұқпалы аурулардан қорғану, әр түрлі жалған емшілерге емделмеу сияқты пайдалы кеңестер ұсынады. Кітапша да шығарады.
Ақпан төңкерісінен соң ұлтжанды азамат ретінде Халел де туған халқының болашағы үшін саяси күреске араласады. Орал облыстық қазақ сиездеріне қатысып, әр түрлі заң жобаларын дайындап ұсынады.
1917 жылы мамыр айында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысады. 1917 жылы шілдеде өткен жалпы қазақ сиезінде Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. Сол жылғы желтоқсанда өткен жалпы қазақтың сиезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне Орал облысы атынан сайланады. 1918 жылғы наурыз айында Жанша Досмұхамедовпен бірге Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленин және И.В.Сталинмен кезігіп, келіссөз жүргізіп, олардың алдына біршама талаптар қойып, біраз ақшалай жәрдем алуға қол жеткізеді.
1918 жылдың мамыр айында Жанша екеуі Оралда сиез ашып, онда «Ойыл уалаятының уақытша үкіметін» жариялайды. Әскер жасақтайды. Кіші әскери мамандықтарын даярлайтын оқу орнын ұйымдастырады. Қазақ жасақшыларына қару-жарақ алуға, банк ашуға, баспахана ұйымдастырып, газет шығаруға көп еңбек сіңіреді. 1918 жылы қыркүйек айында Уфа қаласында өткен алаш басшыларының жиналысында «Жер шалғайлығы мен жол қатынастарының нашарлығынан бүкіл елді бір орталықтан басқару қиындығын» ескеріп, «Ойыл уалаяты» ресми түрде мойындалады. Оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат беріледі де батыстағы бірнеше уез жерін басқару құқын Азамат соғысы жылдарында Батыс алашорда бөлімшесінің әскери жасақтары әр түрлі ұрыс қимылдарға қатысады. Кеңес өкіметі орнаған соң басқа да алаш қайраткерлері сияқты ол да ел басқарудан оқшауландырылады.
1920 жылы Ташкентке, Түркістан өлкесіне келіп әр түрлі ғылыми, оқу-ағарту салаларында жемісті еңбек етеді. Педагогикалық білім тарату, оқулықтар жазып шығарумен айналысады. Жаңа терминдер қалыптастыруға ат салысады. «Табиғат тану», «Жануарлар», «Сүйектілер туралы», «Оқушылардың денсаулығын сақтау» және тағы басқа оқулықтар жазады. Халелдің ауыз әдебиетін жинастырып, баспа бетіне шығарудағы еңбегі зор. Махам бет, Мұрат ақынның жырларын, Шернияз бен Ығылманның толғауларын жинастыруда өшпес еңбек етті. «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», тарихи шежірелер туралы ғылыми зерттеу жұмыстары да өлшеусіз. Ташкенде «Сана» атты ғылыми-көпшілік, әдеби журналын шығарып тұрды.
1928 жылы ашылған қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Абай атындағы пед. унив) құруға белсене араласты. Университеттің профессоры атағын алды. 1930 жылы ұсталып, Воронежге жер аударылады. Онда дәрігерлік қызметте болып, 1935 жылы мерзімі бітсе де, сонда қалады. 1938 жылы қайтара ұсталынады да, 1939 жылғы үкіммен ату жазасына кесіледі. Сол жылғы 19 тамызда түрме ауруханасында аурудан қайтыс болады.
Халел – студент күннен-ақ ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы еді. Досмұхамедұлы Халел – аумалы төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ қырғыз съезіне қатысады. Осында қазақ қырғыз өлкелік автономиясы жарияланады, Алашорда өкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады.
Жеке адамға табыну дәуіріндегі алғашқы қуғын сүргін зұлматына алдымен халқымыздың маңдай алды аяулы азаматтары ұшырағаны белгілі. Солардың бірі болып, КазПи де проректор болып жүрген Халел тұтқындалып, Воронежге жер аударылды. Сонда жүргенде қайта тұтқындалып, әуелі Мәскеу, содан соң Алматы түрмесінде отырды. 1937 жылы әскери трибуналдың үкімімен атылды. Халқыма қызмет етуден артық бақыт жоқ деп, бар мағыналы өмірін осы жолға арнаған аяулы азамат осылайша зұлымдықтың құрбаны болды. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды.
Бір дерек:
Алғашқыда біз де Маратты көптің бірі деп ойлағанбыз. Әдеттегідей адам сөйлескенше деген, танысып барып білістік. Жүрегі жұртым деп жылап тұрған, қарапайым, намысқой, ұлты үшін басын тігуге бар. Қазір елуді еңсерген, қара еті еңбекпен піскен қайыстай қараторы жігіт ағасы.
– Өкініштісі сол, – деді ол, – біздің әулет өмірдің рахатын сезінбей өтті. Халел атам ұлты үшін жаралған жан еді. Сол кезгі билік қуғындаумен болды. Ақыры түбіне жетті. Ал, ұрпақтары ше? Дені дұрыс қызмет бермей, төрт құбылаға тентіретіп жіберді. Соңына шам алып түскендер бір жерде тұрақтанып тұруға мүмкіндік бермеді. Оның ауыртпалығы мен ащы сабағын немересі мен де сезіндім. Алматы медицина институтының үшінші курсынан оқуды тастауға тура келді. Себеп – анамның 70 сом зейнетақысына қарап, күн көру мүмкін емес еді. Әкем ерте қайтыс болды. Тірі адам тіршілік етеді, амалсыз басымды бейнетке салдым...
Мараттың әңгімесіне қарағанда, көп мәселе көлеңкелі сияқты. Оны ашып айтатын уақыт туды. Біз бұған бармас бұрын, Халел Досмұхамедов кім болды, оны не үшін жазықты етті, енді соны сабақтайық. Халел Досмұхамедов 1883 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған құмында туған, Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 жылы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады. Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті “Фикр” (Пікір), “Уральский листок” газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары “Қазақ” газетінде “Тамыр дәрі хақында”, “Сары кезік — сүзек”, “Жұқпалы ауру хақында” сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. “Как бороться с чумой среди киргизского народа” (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге “Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері” атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер – халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым – “Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін” жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған “Алашорданың батыс бөлімшесі” деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, “Еркін қазақ” газетін шығаруға көп еңбек сіңірді. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. “Табиғаттану”, “Жануарлар”, “Адамның тін тірлігі”, “Оқушылардың саулығын сақтау”, “Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер”, т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі – сингармонизм заңын зерттеді, “Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы”, “Шернияз шешен”, “Алаш не сөз”, “Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана”, “Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі”, “Диуани лұғат ат-түрік”, “Кенесарының соңғы күндері”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. “Мұрат ақын сөзі”, “Исатай — Махамбет”, “Аламан” жинақтарын шығарды. 1924 жылы Ресей ҒА-ның Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланды, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі АлМУ) ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып Мәскеуге, кейін Алматыға әкелінді. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. Ал, 1958 жылы 11 ақпанда ақталды. Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
Жалпы, Халелден Рабиға, Әділхан, Сәуле, Қарашаш, Төле деген бес ұл-қыз тарайды. Мұның бәрі де жоғары білім алып, елге елеулі еңбек сіңірген. Бір қызығы әулеттен 13 ұрпақ ата жолын жалғап, дәрігер мамандығын иеленіпті. Бұл туралы толықтай айту бір мақалаға сыймайды. Сондықтан Қызылордаға қатысты жағын ғана қарастыруды ұйғардық. Досмұхамедовтер отбасына келген нәубет бала-шағасын тарыдай шашып жіберді дедік. Әділхан Сыр елін сағалады. Алдымен Шиелі аудандық ауруханасында, сосын республикалық алапес ауруын емдеу мекемесінде дәрігер болды.
О баста Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы дайындық курсын үздік бітірген жылы әкесін “халық жауы” ретінде Воронежге жер аударғанда, оның кесірі баласына да тиді. Әрі қарай оқудың сәтін салмады.
– Адам деген ең төзімді тіршілік иесі ғой. Қанша қиыншылық қыспақтаса да тауқыметке төтеп бере алған. Алдамшы өмірде де айтарлықтай асу бар, оған жеткен де кем болмасы анық. Әкем Әділхан Ұлы Отан соғысынан ауыр жараланып, І топтағы мүгедек болып келді. Бірақ бейнеттен қашпады. Өзін еңбегімен дәлелдеді. Апайым Қарашаш пен ағам Төле екі көзден қалса да ғылымға, өмірге ұмтылысын тоқтатқан жоқ. Ақыры ғылыми еңбегін зерттеп, қорғады. Міне, біздің әулет қандай нәубет төнсе де мұқалмай, мүмкіндігін мағлұм етті. Қазір атамнан тараған ұл-қыздың біреуі де қалмады. Немереден жалғыз мен тірімін.
Әкем Қызылордаға келгенде ешкімге тіс жарып айтпаса керек. Өйткені, “халық жауының” баласы деген жаман аттан әбден шаршаған секілді. Ол 1968 жылға дейін еңбек етіп, зейнетке шықты. Осы жерде бір айтарым, әкем кезінде мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевпен Алматыда, №14 мектепте, сосын ҚазМУ-дің дайындық бөлімінде бірге оқыған. Қарашаш апайым Қарғалы демалыс үйінде ОК-ның іс басқарушысымен кездесіп, оған әкем жайлы айтқан екен. Содан көп ұзамай Орталық комитеттен шақырту алды. Қонаев қабылдап, Алматыдан үй берді. Екеуі ұзақ сөйлескен сияқты. Димаш аға әкемнің басындағы жағдаймен таныс болатын. Іштегі қатып қалған шерін досына ақтарған ғой деп ойлаймын. Екі күн өтпей әкем ауруханаға түсті де, араға бірнеше уақыт салып өмірден өтті. Кейін білгенім, Қонаев әкемнің жиені Халел Досмұхамедов қорының президенті Динаны әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп тағайындаған еді. Соған айтқан екен, ағаң өте үздік оқыды, бірақ арманына жете алмай кетті деп. Шынында, жер аударылып Воронежге барды, Астраханьда мединститутта оқыды, оны Алматыда әрең аяқтады. Әйтеуір сол кезгі саясат оқытпауға да, қызметке орналаспауға да әрекет етіп тырысты.
Мен Қызылордадағы №3 мектепті бітіргенмін. Алматыда, Астраханьда жұмыс жасадым. Қазір “Қыран-СТС” еншілес ЖШС-да директордың орынбасарымын. Атам атыраулық болса, әкем мен маған Сыр елі туған жеріміз. Жұбайым Ғалия екеуміздің Гүлназ, Әсел есімді екі қызымыз бар. Үлкеніміз ҚазҰУ биотехнология факультетіне грантпен оқуға түсті. Кішіміз “Парасат” мектебінде оқушы. 1994 жылы Атырау мемлекеттік университетіне Халел Досмұхамедовтің есімі беріліп, үлкен шара жасалды. Соған ұрпағын шақырып, құрмет көрсетті. Мені үлкен ілтипатпен төрге оздырып, кіші басымды көкке көтерді. Содан он жыл өткенде университетте әлгіндей шара тағы ұйымдастырылды. Бірақ бұл жолы басқа немере пайда болды. Соған әлі таңмын, ол кім деп. Себебі, менен басқа тірі немере қалмады ғой. Бәлкім, ұлы адамға ұрпақ болғысы келетіндер көп шығар, солардың бірі болар дедім. Оқу орнының басшыларына хат жазғым да келді. Ойлана-ойлана мынадай пікірге тоқталдым: расында, немере екенімді бәрі біледі. Одан артық не керек.
Қазір Халел Досмұхамедов атындағы қор жұмысын қайта жаңғыртсам деймін. Оған жергілікті билік иелері қолдау білдіріп жатса тіпті жақсы. Қазақ үшін жанын пида еткен марқасқаны тірілту әрбір азаматқа парыз екені айқын. Сондықтан қор жұмысы Қызылордада қанат жайды деген қандай абырой болса, сол жолда мен дайынмын, – деді Марат.
Иә, күнделікті күйбеңмен ескере бермейтін осындай жандар арамызда жүр. Біреуге алақан жаятындай адам емес, кәдімгі тектінің тұяғы десек жарасады. Оның Қызылорда үшін жасаймын деген жобалары өте көп. Жақсы тірлікті мақсаттаған Мараттан осындай әңгіме естідік. Бір қынжылатынымыз, айналамызда жүрген адамдарды әлі дұрыс танымайтынымыз екен. Барды бағалай алсақ, әлі кеш емес.
А. Бөкейханов, Х. Ғаббасов, Х. Досмұхамедов