Жер қойнауын пайдалану құқығы және жер қойнауын қорғау
Жер қойнауын пайдалану құқығы және жер қойнауын қорғауЖер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі: 1. жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерделеу; 2. барлау; 3. өндіру; Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріндегі кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсіз құқығы бойынша жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану операцияларың басқа түрлерінің бәрі уақытша және өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар олардың жер қойнауын пайдалану құқықтарының мерзімсіз сипаты бар тұлғалар. Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар: 1. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, соның ішінде өндіруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін берілетін пайдалы қазбалар, кен орындары жер қойнауы учаскелері қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшін жер қойнауын ілгерілей геологиялық зерттеудің толымдылығын қамтамасыз ету; 2. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету; 3. бай учаскелерді таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету; 4. кен орнын игеру кезінде айырып алынған және жер қойнауында қалдырылатын негізгі және онымен бірге орналасқан пайдалы қазбаларды және қосалқы компоненттерді, соның ішінде минералдық шикізатты, өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын нақты есепке алу; 5. жер қойнауын кен орындарының сапасын төмендететін немесе оларды пайдалануды және игеруді күрделілендіретін су басудан, өрттен және басқа сұрапыл факторлардан қорғау. 6. жер қойнауын пайдалану, әсіресе мұнайды газды және басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу жөніндегі операцияларды жүргізуде жер қойнауын ластанудан сақтау. Скачать |