Жер туралы заңдардың принциптері мен міндеттері


Жер туралы заңдардың принциптері мен міндеттері

 

Қазақстан Республикасының Жер туралы заңдарының негізгі принциптеріне мыналар жатады:

1.Қазақстан Республикасының аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

2. Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

3.Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

4. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

5. Жерді нысаналы пайдалану;

6. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдылығы;

7. Жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

8. Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау;

9. Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

10. Жерді ақылы пайдалану;

Жер заңдарының міндеттеріне мыналар жатады:

1. Жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін нығайту;

2. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланудың құқытары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

3. Жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық  жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;

4. Жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;

5. Жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту,

6. Жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту;

Жерге мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында алғаш рет Конституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында бекітілді.

Мемлекеттік меншік құқығы барлық жерлерді қазіргі кезгі және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін жоспарлы және ұтымды түрде пайдалануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік меншік пен жеке меншік және олар бірдей қорғалады. Мемлекеттік меншік құқықтарының субъектілеріне мыналар жатады:

1. Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқықтарының субъектісі – Қазақстан Республикасы.

2. Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттарда жер учаскелеріне жеке меншік құқықтарының субъектісі – азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

Меншік құқығының мазмұны мынаны білдіреді:

1. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар.

2. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген өз құзіретіне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

3. Жер учаскесінің меншік иесі Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде, шарттарда меншік иесі құқығын жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 12 бабының 30 тармағында жер пайдалану құқығына мынадай анықтама берілген: Жер пайдалану құқығы – тұлғалардың мемлекеттік меншіктегі учаскесін өтеулі немесе өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы.

Жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.

Жерді қорғаудың мақсаттары:

1. өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

2. тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

3. жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу  болып табылады.

 


Скачать