Жер денсаулыгынан — адам денсаулыгына


Жер денсаулыгынан — адам денсаулыгына

 

Кіріспе.

Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді , не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.Денсаулықсыз өмір қызық- сыз әлем деп санаймын.

М.Монтень.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» — денсаулық , «логос» — ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді. Денсаулықты қалай сақтау керек? Үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан келетін іс. Міне, жоғарыда айтылған қағидаларды жан- жақты дамытып , іске асыру валеологияның міндеті. Сондықтан да валеология пән ретінде студенттерге ұсынылып отыр. ВАЛЕОЛОГИЯ – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым !

Жер саулығынан – адам саулығына.

Жер — біздің асыраушы анамыз. Жер саулығы – адам саулығы. Ия, бұл сөздер әрине дұрыс айтылған. Ол үшін жер саулығының маңызы зор. Жер саулығы – адам саулығы деп айтсақ та болады. Өйткені жердің саулығына кері әсерін тигізетін факторлардың саны шектеусіз. Ал ол факторлардың барлығы да адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Біз «Жер саулығынан – адам саулығына» ұранын әрқашанда есте сақтауымыз керек. Дәл қазіргі уақытта жер саулығына кері әсерін тигізетін факторлар өте көп. Оларды атап айтатын болсақ: Ауаның ластануы, Судың ластануы; Планетаның радиоактивті элементтерімен ластануы, Ядролық жарылыстың зәрлі сәулелері, Радиоэкология; Мұнай өндірісі; Семей атом полигоны; Байқоңыр аумағы Балқаш аумағы т.б.

Ауаның ластануының жер саулығына тигізетін әсері. Адам әрекеті ауаны ластаумен қатар жерді де ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнынан мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам саулығы үшін де, тіршілік үшін де, жер саулығы үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы қалалардың үстін 2000-2500 м биіктікте газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микроптар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе адамдарды тұмау әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20-дан 50 процентіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды. Өнеркәсіп орындары атмосфераны газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен ластайды. Әсіресе миллиондаған көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір, қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 1,13 процент өсіп отыратыны анықталды.Осындай жағдайлардың әсерінен адам организімінде неше түрлі аурулар пайда болуда. Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны неше түрлі организмдер, транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 километрдей жол жүргенде бір адамның бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті жояды. Жағылған бір тонна көмір 10 адамның бір жылда тыныс алатын оттекті жояды. Тек қана жанармаймен таскөмірағаш, торф, газ жанғанның өзінде жер бетінде оттектің сұрапыл көп бөлігі жанып, тіршілік дүниесі жойылыпжатады.Бұл жолдарды ойлаудың өзі қорқынышты. Жер шарының аса ірі қалаларында «фотохимиялық тұман» түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фотохимиялық тұман өсімдіктер әлемімен жануарлар дүниесіне, әсіресе адам денсаулығына өте үлкен зиян келтіруде. Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобильдер және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кездеадамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Ауаның ластануының зардабы сан алуан, әрі өте салмақты болып келкді. Күн радияциясының интенсивтілігін шұғыл төмендететі. Күн сәулесі энергиясының 40-50 процентке жуығын ірі қалалардың атмосферасы сіңіріп тұрады. Бағалы өнімнің көптеген мөлшері жоғалады. Егер біздің еліміздің барлық цемент зауыттарында жетілдірілген тозаң ұстағыш қондырғылар орнатылған болса, олар өнеркәсіп үшін жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін цемент материялдарын сақтаған болар еді. Шаң-тозаң жер бетіне шөгеді де оны ластайды. Ірі қалаларда бір шаршы километр территория айына 26 тонна күйе жиналатыны туралы ғылыми деректер біздің қолымызда бар. Бұл деректерден біз жер саулығына өте көп зиян және нұсқан келетінін біліп отырмыз. Осының салдарынан адам денсаулығын үлкен күйзеліске ұшыратуда.

Судың ластануының жер саулығына тигізетін әсері.

Сумен салыстырғанда құрлық одан әлдеқайда аз бөлікті алып жатыр, ал су жер бетінде өте көп бөлікте жатыр. Сондықтан судың ластануы да жер саулығына көп кері әсерін тигізеді. Улы заттар теңіз суларымен, өзен ағыстары және жел арқылы мыңдаған киломер алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер саулығына қауіп тудырады. Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуыда аса қауіпті. Қалдықтардың әр-түрлі болуына сәйкес олардың тигізер әсері де әр-түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас. Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру Қабілетін төмендетеді және органикалық заттарды ыдырататын заттары құртып, балықтарды үлайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әртүрлі тұздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенолдардың зияны көп. Енді біреулері судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің арақатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмге қауіпті.

Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкүрт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. От тектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктерінің қырылуына әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасында су біртіндеп таязданады. Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқы түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту қиын. Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына, химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өңдеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар қосылып, өзенге жіберіледі. Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе, оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазір де барлық елдерде суды тазарту мәселесі бірінші орында тұр. Ал қазақ жеріндегі суларды тазарту үлкен мәселе. Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемі мен теңіздердің көлемі әлденеше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процесстердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсірісе, құрлық жағалауының қайта ластануы үлкен зиян келтіретіні белгелі. Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара-қатынасын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне зиян әсер тигізеді. Теңіз суларының мұнай қалдықтарының ластауда негізгі рольді танкерлер атқаратын. 



Скачать