Жалпақ құрттар типі


Жалпақ құрттар типі

 

Үш қабатты жануарларда эмбриогенезде эктодерма және энтодерма аралығында үшiншi қабат мезодерма түзiледi. Организмге үшiншi қабаттың түзiлуiнiң маңызы зор. Жануардың көлемi үлкейедi, асқорыту жүйесi дене қабықшасынан қашықтайды. Осыған байланысты эктодерма және энтодерма қабаттар аралығында заттарды тасымалдау мәселесi қойылады. Эктодерма және энтодерма аралығындағы кеңiстiк мезодермамен толып тұратын жануарларда (ацеломды жануарлар) заттарды тасымалдау мәселелерi денесi арқа-құрсақ бағытында қысыңқы және дененiң сыртқы алаңы көлемiне қарағанда үлкен болып сақталуымен шешiледi. Жануарларда ткань аралығында және қоршаған ортамен зат алмасу диффузия арқылы iске асады. Үш қабатты жануарлар терi-бұлшық ет қапшығындағы бұлшық ет талшықтарының жиырылуының көмегiмен қозғалады.

Негiзгi белгiлерi:

Үшқабатты көпклеткалы жануарлар

Екi жақты симметриялы

Денесi сигменттелмеген

Қуыссыз жануарлар

Орталық нерв жүйесi дененiң алдыңғы бөлiмiнде орналасқан жұлдызша клеткаларымен аяқталатын түтiкшелермен берiлген

Зәр шығару жүйесi — протонефридиалды

Денесi жалпақ

Ауыз қуысы бар, аналь тесiгi жоқ

Гермафродиттер, жыныс жүйесi жақсы дамыған

Личинка кезеңдерi бар.

Үш қабатты жануарлар тобында жалпақ құрттар типi қарапайым тобы болып саналады. Осы жануарлар тобында алғаш рет мезодермадан мүшелер және мүшелер жүйесi дамиды. Бiрақ мезодерманың негiзгi бөлiгi дифференциацияланбаған iшкi мүшелерге тiрек және қорғаныс қызметiн қамтамасыз ететiн паренхимамен берiлген.

Жалпақ құрттар типi негiзгi үш класқа бөлiнедi: сорғыштар мен таспа құрттар кластарының өкiлдерi толық паразиттiк тiршiлiк етуге көшкен, ал үшiншi турбелляриялар немесе кiрпiкшелi құрттар класының өкiлдерi еркiн суда тiршiлiк етедi және оларда типтiң белгiлерi айқын сақталған. Жалпақ құрттардың денесiнiң алдыңғы бөлiмiнде бас орналасқан, артқы дорсальды (арқа) және вентральды (құрсақ) бөлiмдерi жақсы айқындалады. Осы типтiң өкiлдерiнiң денесi жалпақ және жiңiшке болып келедi. Екi жақты симметриялы жануарлар. Көптеген түрлерiнде iшегi тарамдалған, осыған байланысты астың қорытылуы және корек заттардың сiңiрiлуi жеңiлдейдi. Зәр шығару қызметiн протонефридиялар атқарады.

 


Скачать