Жабындық ұлпа
Жабындық ұлпаЖабындық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі сол, олар осімдікті кеуіп қалудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайды.Шығу тегіне байланысты жабындық ұлпаларды үш топқа болуге болады: эпидермаға, қабыққа, қыртысқа. Эпидерма. Протодермадан пайда болатын алғашқы жабын ұлпасы. Олар жапырақты және жас сабақтарды жауып тұрады. Коп жағдайда эпидерма бір қабат тірі, тығыз орналасқан, хлорофилдері жоқ клеткалардан тұрады. Клетка қабықшалары әдетте иректелген болып келеді, соған байланысты олар өзара тығыз байланыса алады. Қабықшалардың қальшдығы бірдей емес. Қоршаған ортамен шектесетін, сыртқы қабықша басқаларына қарағанда біршама қалындау және кутинмен (кутикула), немесе балауызбен (воскамен) жабылған болып келеді (37,В-сурет). Эпидерманың қорғаныш қызметі, оның клеткасының бетіңде, құрылысы әртүрлі болып келетін ерекше өскіңдердің-түктердің (трихомдардың) пайда болуына байланысты арта түседі (38-сурет). Эпидермада газ алмасуды және судың булануын (транспирация) реттеп отыратын ерекше устьица аппараты болады. Ол екі маманданған түйістіргіш (көмкерме) клеткадан және олардың арасында болатын устьице саңылауынан тұрады. Түйістіргіш (көмкерме) клеткаларда хлоропластар болады. Олардың эпидерманың клеткасы жағындағы қабықшасы, саңлау жағыңдағы қабықшасына қарағана көп жұқа болады (37,Б,В-суреттері). Эпидерманың түйістіргіш клеткаларға тиісіп тұратын клеткаларының формасы қалған клеткаларынан өзгеше болады. Оларды қосымша (побочны) клеткалар деп атайды. Устица аппараты жапырақ тақтасының екі бетінде де орналасады. Жер бетіндегі өсімдіктерде олар негізінен жапырақтың астыңғы бетіңде, судағы өсімдіктердің жүзіп жүретін жапырақтарының тек үстіңгі бетіңде орналасады. Перидерма (пробка). Эпидермистің клеткалары сабақтың жуаңдап өсуінің нәтижесінде өзгеріске ұшырап (деформируется) өледі. Осы кезде соңғы жабын ұлпасы перидерма пайда болады. Оның пайда болуы соңғы меристема тоздық камбийдің (феллогеннің) жұмысына байланысты. Тоздық камбий субэпидермалық клеткалардан, ал кейде тіптен эпидермалық клеткалардан дамиды. Тоздық камбийдің клеткалары тангенталды (сабақтың үстіне параллель орналасқан перделермен) бөлініп, сабақтың ортасьшан (өзігінен) шетіне қарай тозды (феллеманы), ал шетінен ортасьша (өзігіне) қарай тірі паренхималық клеткалардың қабатын (феллодерманы) бөліп шығарады. Үш ұлпадан феллогеннен, феллемадан және феллодермадан тұратын комплекс күрделі жабындық ұлпа перидерма деп аталынады (39-сурет). Қорғаныштық қызметті тек тоз (феллема) ғана атқарады. Ол тығыз орналасқан клеткалардың дұрыс радиальды қатарларынан тұрады. Олардың қабықшаларыңда суберин жиналады. Қабықшасыньщ тозға айналуына байланысты клетканың ішіңдегі заттары өледі. Тоздық қабатта судың булануын және газдың алмасуын қамтамасыз ететін ерекше жасымықшалар (чечевичка) деп аталынатьш қуыстар пайда болады. Жасымықшалар клетка аралық қуыстары үлкен болып келетін дөңгелек клеткалармен толтырылған. Жасымықшаны толтыратын ұлпалар тоздық камбийдің тұтас қабаты қалыптасқанға дейін, устьица аппаратының астыңда орналасқан, пареңхималық клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады: Құрылыс (корка немесе ритидом). Ағаштар мен бұталардың қабықтары сабақтың жуандап өсуінің нәтижесінде 2-3 жылдан соң жыртылады, ал оны тоз қабаты алмастырады. Қабықтың тереңдеу орналасқан ұлпаларында тоздық камбийдің жаңа бөліктері (участкілері) пайда болады, олар тоздың жаңа қабаттарының бастамасын береді (40-сурет). Осыған байланысты сыртқы ұлпалар сабақтың ортаңғы бөлігінен бөлектеніп өзгеріске (дефформацияға) ұшырайды да өледі. Сөйтіп, сабақтың сыртыңда қабықтың бірнеше қабатынан және қабықтың өлі бөліктерінен (участкелерінен) тұратын өлі тканьдердің комплексі түзіледі. Тоздың сыртқы қабаттары біртіңдеп бұзылып, қабыршақтанып түсіп отырады. Скачать |