Даражарнақтылар класы
Даражарнақтылар класыДара жарнақтылар класына (лилиопсиды или однодольные – Liliopsida или Monocotyledones)104 тұқымдас, 63000-дай түр жатады. Бұлар бiр жылдық, екi жылдық, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Дара жарнақтылардың қос жарақтылардан басты айырмасы бұлардың тұқым жарнағы бiреу болады.Тамыры шашақты немесе пиязшықты. Дара жарнақтылардың сабағының алғашқы құрылысы өсiмдiктiң тiршiлiгiнiң соңына дейiн сақталады. Сабақтың көлденең кесiндiсiнде өткiзгiш шоқтары ретсiз, шашыраңқы орналасады. Жапырақтары параллель немесе доға тәрiздi жүйкеленедi. Құртқашаштар (ирисовые — Iridaceae) тұқымдасы Құртқашатардың жалпы сипаттамасы. Құртқашаш (касатик — Iris), гладиолус (шпажник — Gladiolus), бәйшешек (шафран — Crocus) секiлдi сәндiк өсiмдiктердi сендер жақсы бiлесiңдер. Олардың барлығы құртқашаштар тұқымдасына жатады. Сонымен бiрге бұл тұқымдасқа басқа да көптеген сән болып гүлдейтiн өсiмдiктер жатады. Құртқашаштар үлкен тұқымдас. Оған 75-80-дей туыс, 1800-дей түр жатады. Қазақстанда 6 туысы, 35 түрi өседi. Бұл тұқымдастың өкiлдерiнiң таралу аймағы аса кең. Олар жершарының салқын, кейбiр шөлдi және ылғалды тропикалық ормандарынан басқа кеңiстiктердiң барлығында кездеседi. Бiрақ құрқашаштардың түрлiк саны мен өсу жилiгi барлық жерде бiрдей емес. Олардың аса қалың өсетiн аймағы Африканың оңтүстiгi, орталық және оңтүстiк Америка. Құртқашаштардың көпшiлiгi шөптесiн өсiмдiктер. Әсiресе тамырсабақты, пиязшықты, түйнектi пиязшықты формалары көп кездеседi. Тропикалық аймақтарда бұталары да кездеседi. Жапырақтары қылыш немесе таспа тәрiздi болып келедi. Гүлдерi iрi қосжынысты дұрыс, кейде бұрыс гүлдер болады. Мысалы, гладиолустың гүлдерi бiржақты масақ тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүлдерi бiр түрлерiнде жалғыздан болса, екiншiлерiнде бiрнешеуден жиналып гүлшоғырын түзедi. Гүлсерiгi қарапайым алты күлте жапырақшадан тұрады. Олар үштен шеңбер түзiп орналасады. Сыртқы шеңбердi түзетiн желектердiң, iшкi шеңбердiң желектерiнен айқын айырмасы болады. Аталықтары мен аналықтарының саны үшеуден, төменгi жатынды. Жемiстi үш ұялы қауашақ. Гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: ♀♂ Гс 3+3 А3 Ж(3) Басты туыстарының бiрi құртқашаш (касатик — Iris). Оның Қазақстанда 21 түрi кездеседi. Құртқашаштың көптеген түрлерiмен бұдандастыру арқылы алынған (гибридний) сорттарын барлық жерде сәндiк өсiмдiк ретiнде отырғызады. Әсiресе герман құртқашашы (касатик германский – Iris germaniana) деген түрдi жұпар иiстi тамырсабағы үшiн үлкен алқапқа отырғызады. Оны парфюмерия өнеркәсiбiнде және қақырық түсiретiн дәрi ретiнде медицинада қолданады. Құртқашаштың 2 түрi: Альберт құртқашашы (ирис Альберта – Iris alberti) және Людвиг құртқашашы (ирис Людвига – Iris ludwigii) сирек кездесетiн және жойылуға жақын өсiмдiктер ретiнде қазақстан қызыл кiтабында тiркелген. Бәйшешек туысы (шафран — Crocus). Бәйшешек түйнектi пиязшықты өсiмдiк. Жасыл таспа тәрiздi жапырақтары жапырақ қынапшасынан топтасып шығады. Гүлдерi үлкен болады. Көп жағдайда жалғыздан немесе қосарланып жапырақ қынапшасын жарып шығады. Гүлдерi қосжынысты, күлте жапырақшалары сары немесе ашық көк түстi болып келедi. Қазақстанда бәйшешектiң мынадай екi түрi кездеседi: Корольков бәйшешегi (шафран королькова – Crocus korolkovii) және Алатау бәйшешегi (шафран Алатавский – Crocus alatavicus). Оның бiрiншiсi сирек кездесетiн, жойылуға жақын өсiмдiк ретiнде қазақстан қызыл кiтабына тiркелген. Гладиолус туысы (шпажник — Gladiolus). Гладиолустар сән болып гүлдейтiн түйнектi пиязшықты өсiмдiктер. Күлте жапырақшалары ашық түске (ақ, қызыл, сары) боялған болады. Дүние жүзi бойынша 250 түрi белгiлi. Ал қазақстанда 2 түрi кезедеседi: қатпар гладиолусы (шпажник черопитчатый – Gladiolus imbricatum) және будан гладиолусы (шпажник гибридный – Gladiolus hibiridus). Оның бiрiншiсi сирек кезедесетiн түр ретiнде Қазақстан қызыл кiтабына енген. Шиқылдақ туысы (юнона — Juno). Шиқылдақтар биiктiгi 15-20 см шамасында болатын көпжылдық пиязшықты өсiмдiктер. Қысқа сабағын орақ тәрiздi иiлген жапырақтары тұтас жауып тұрады. Гүлдерi бiреуден (сиректеу 2-3-тен) болады. Гүлдерi сарғыштау-көк, ашық-көк немесе көкшiлдеу түстi болып келедi. Сәндiк өсiмдiктер. әсiресе көктемде айналаға ерекше көрiк бередi. Шиқылдақ туысының Қазақстанда 8 түрi өседi. Оның үшеуi сирек кездесетiн өсiмдiк ретiнде қазақстан қызыл кiтабына енген. Олар Алматы шиқылдағы (юнона Алма-Атинская-Juno almatensis), көкшiл шиқылдақ (юнона голубая – Juno coerulea). Кушакевич шиқылдағы (юнона кушаковича – Juno kuschakewiczii). Сонымен бiрге бұл тұқымдасқа Калпаковский придодиктиумы (иридодиктиум Калпаковского – Iridodictyum kalpakowskianum) деп аталынатын түр жатады. Ол биiктiгi 15-20 см болатын, кiшiрек шар тәрiздi түйнектi пиязшықты өсiмдiк. Пиязшығын өткен жылғы жапырақ қынапшасының тор тәрiздi қалдықтары жауып тұрады. Әдетте тор жiңiшке таспа тәрiздi жапырағы болады. Олар гүлсидамы секiлдi жапырақ қынапшасын жарып шығады. Гүлдерi күлгiн-көк түстi. Гүлдерiнiң түп жағында ақ түстi дағы, ал жоғарғы жағында ашық-сары түстi айдары болады. Сәндiк өсiмдiк. Ол сирек кездесетiн өсiмдiк ретiнде Қазақстан қызыл кiтабына тiркелген. Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные — Liliaceаe) Лалагүлдер тұқымдасының (лилейные — Liliaceаe) жалпы сипаттамасы. Лалагүлдер тұқымдасының өкiлдерi дара жарнақтылар класына тән өсiмдiктер. Бұл тұкымдастың өкiлдерi бiржылдық, екiжылдык жөне көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Бұл тұкымдаста 10 туыс, 470-тей түр бар. Олардың көпшiлiгi тамырсабақты немесе баданалы (пиязшықты) көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары қандауырша тәрiздi, таспалы пiшiндi болып келедi. Жапырақтары әдетте отырмалы болып кезектесiп орналасады. Көптеген түрлерiнiң гүлдерi жиналып гүл шоғырын түзедi. Аздаған түрлерiнiң ғана гүлдерi жалғыздан болады. Гүл серiгi қарапайым, жай күлте жапырақшалар түрiнде берiлген, қос жынысты, дұрыс гүл. Аталығы екi шеңбер түзiп орналасады (А. 3+3). Аналығы 3, сиректеу 4 жемiс жапырақшаларынан тұрады. Жоғарғы жатынды, жемiсi қауашақ немесе жидек. Осы тұкымдастың бiрқатар түрлерiмен танысамыз. Қызғалдақ туысы (тюльпан — Tulipa). Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Қызғалдақтар шөлдi, жартылай шөлдi және далалы аймактарда кең таралған өсiмдiктер. Кейбiр түрлерi сиректеу орманды жерлерде де кездеседi. Қызғалдақ гүлдерi жалғыздан болады. Гүл серiгi қарапайым, бос орналасады. Күлте жапырақшалары екi шеңбер түзiп орналасады. Сырткы шеңбердi 3 күлте, iшкi шеңбердi 3 күлте құрайды. Олардың барлығының мөлшерi бiрдей және қанық боялған. Аталықтарының саны 6, ол екi шеңбер түзiп орналасады. Гүлдiң ортасын үлкен аналық алып тұрады. Ол мойны қысқа, үш телiмдi аналықтың аузымен аяқталады. Қызғалдақ жемiстерi — құрғақ, көп тұкымды қауашақтар. Тұқымының эндоспермi ұрықты қоршап тұрады. Гүлiнiң формуласы: *♀♂ К3+3 А3+3 Ж(3) Қазақстанда кездесетiн 32 түрдiң бiреуi Регел қызғалдағы (тюльпан Регеля – Tulipa regelii) жойылуға жақын түр ретiнде және 6 түрi сирек кездесетiн өсiмдiктер ретiнде Қызыл Кiтапқа енген. Қызғалдақтарды сәндiк өсiмдiктер ретiнде өсiредi. Қазiргi кезде қызғалдақтардың 800-дей сорттары белгiлi. Лалагүл туысына (36 сурет) қоныржай климатты аймақтарда өсетiн 80-100 түр жатады. Қазақстанда бұйра лалагүл (лилия кудряватая, царские кудри – Lilium martagon) деп аталынатын жалғыз түр өседi. Лалагүл пиязшықты және тамырсабақты өсiмдiк. Гүлдерi iрi шашақты гүл шығарын түзедi немесе жеке болады. Гүл серiгi қарапайым, күлте жапырақшылар түрiнде болады және қанық боялған. Күлте жапырақшыларының түсi арқылы: қызыл, сары, ақ түстi тағы басқаша болады. Ақ лалагүлдiң (лилия белая – Lilium candidum) шыққан жерi Кавказ. Күлте жапырақшыларының саны 6, олар 3-тен екi шеңбер түзiп орналасады. Аталықтарының да саны 6, оларда 3-тен екi шеңбер түзiп орналасады. Аналығы 3 бiрiккен жемiс жапырақшасынан тұрады, жоғарғы жатынды гүл. Сонымен лалагүлдiң гүлiнiң құрлысы қазғалдақпен бiрдей. Лалагүлдердiң көпшiлiгi сәндiк өсiмдiктер. Оған Король лалагүлi(лилия королевская — Lilium regale) жатады. Қазiрiгi кезде бұл түрдiң 2000-дай сорттары бар. Шығыс Азияда лалагүлдi жеуге жарайтын пиязшығы үшiн, көкөнiс дақылы ретiнде де өсiредi. Қазжуа туысы (гусиный лук — Gagea). Туыста шамамен 70-тей түр бар. Олар өте ұсақ көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары жiңiшке, гүлдерi ұсақ, негiзiнен сары түст болады. Қазжуалар ерте көктемде гүлдеп, жемiс берiп, вегетациялық кезеңiн қысқа уақыттың iшiнде аяқтайды. Бiрақ олардың жер асты пиязшықтары сақталады. Келесi жылы көктемде осы пиязшықтардан қайтадан жаңа өсiмдiктер жетiледi. Жаңа өсiмдiктер шашылған тұқымдарынан да пайда болады. Қазақстанда 38 түрi кездеседi, олардың барлығы дерлiк шөлдi және далалы аймақтың өсiмдiктерi. Сепкiлгүл туысында (рябчик — Fritillaria) 100 түр бар. Қазақстанда 5 түрi өседi. Олар сәндiк және дәрiлiк өсiмдiктер. Көптеген түрлерiнiң құрамында алколоидтар бар, сондықтан да олар улы өсiмдiктер. Аздаған түрлерiнiң, мысалы Камчатка сепкiлгүлiнiң (рябчик камчатский – Fritilaria kamtschatkensis), кавказ сепкiлгүлiнiң (рябчик кавказский – Fritillaria kaucasica) пиязшығын қышқылдығына қарамастан тамаққа пайдаланады. Кандық туысында (кандык — Erythronium) 24 түрi бар. Қазақстанда сiбiр қандығы (кандык сибирский – Erythronium sibiricum) деп аталатын бiр ғана түр өседi. Қандықтың барлығы көктемгi сәндiк өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерiнiң пиязшықтарын тамаққа және дәрi-дәрмек ретiнде пайдаланады. Ллойдия туысында (ллойдия — Lloydia) 20 түр бар. Қазақстанда кеш ллойдия деген бiр түрi өседi. Скачать |