Витаминдердің аталуы мен жіктелуі
Витаминдердің аталуы мен жіктелуіАлғашында витаминдерді тану барысында белгілі бір витамин организмде жетіспеген жағдайда пайда болатын аурудың атымен аталып, қай аурудан сақтаса, соның алдына «анти» қосымшасы тіркелген. Мысалы: рахит – антирахиттік, скорбут – антискорбуттық, дерматит — антидерматиттік, т.б. 1913 ж. Мак-Коллумның ұсынысымен витаминдерді латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгілей бастады А, В, С, Д, т.б. Витаминологияның даму барысында әріптік белгілер кеңейтіліп, сандық белгілер қосылады: В1, В2, В3, т.б. Кейіннен витаминдердің химиялық құрылымының анықталуына байланысты химиялық атаулар енгізіледі: тиамин, цианкобаламин, т.б. Химиялық аталым 1956 жылдан бастап халықаралық болып есептеледі. Қазіргі кезде осы атаулардың үш түрі де қолданылады. 3-кесте Негізгі витаминдер және атаулары (Ю.Б. Филиппович бойынша, 1999)
Скачать |