Витаминдерге жалпы сипаттама


Витаминдерге жалпы сипаттама

 

Витаминдер химиялық табиғаты әр түрлі, организмдерде аз мөлшерде кездесетін, өмір сүруге өте қажетті, жеке, немесе құры­лымы күрделі заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын төменгі молекулалы органикалық қосылыс­тар. Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. Ол тышқандарға тәжірибе жүргізу арқылы тағамның құрамында бе­локтар, майлар, көмірсулар және тұздар мен судан басқа, тағы бір қосылыстардың бар екендігін анықтады.

1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен сондай зат­тардың бірін кристалды түрде бөліп алып, оның құрамында азот бар екендігін анықтаған соң, оны витамин (лат. vіta – тіршілік, amіn – амин) деп атауды ұсынады.

Кейінгі ашылған витаминдердің көпшілігінің құрамында азот болмаса да, бұл термин қазіргі кезге дейін биология мен медици­нада қолданылады.

Витаминдерді зерттейтін ілім витаминология XІІІ ғасырдың 80 жылдарында қалыптасты. Витаминология – витаминдердің ашылу тарихын, құрылымын, құрамы мен қасиеттерін, олардың алу жол­дарын және организмге керекті мөлшерін анықтайтын ғылым.

Витаминдер өсімдіктерде, бактерияларда, балдырларда син­тезделеді, ал адамдар мен жануарларда өте аз мөлшерде, ал кейбіреуі мүлдем синтезделмейді. Адам мен жануарлар организ­міне витаминдер тағам арқылы түседі, кейбір витаминдер ішек микроорганизмдері әрекеті арқылы түзіледі. Астың құрамында витаминдер жеткілікті болған кезде ғана тағам құрамы құнарлы, толық деп есептеледі. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әр түрлі тағамдағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі. Олар тек белгілі бір мөлшерде ғана зат алмасу про­цесін реттейді: аурудан қорғайды, терінің, органдардың қалыпты жағдайда қызмет істеуіне әсер етеді. Сондықтан, витаминдердің ас физиологиясында атқаратын маңызы өте жоғары. Егер орга­низмге витаминнің қалыпты түсуі бұзылса, онда зат алмасу про­цесінде авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, поливита­миноз сияқты әр түрлі өзгерістер пайда болып, адам ауруға шалдығады.

Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің организмде өте аз мөлшерде, немесе жоқ болуынан туатын зат алмасу проце­сінің қалыптан тыс өзгерістері. Мұндай өзгерістер денсаулыққа өте зиянды, кейде өлімге әкеліп соғуы ықтимал.

Гиповитаминоз – кейбір витаминдердің организмде көп мөлшерде жетіспеуінен болатын зат алмасудағы өзгерістер.

Поливитаминозорганизмде көптеген витаминдердің аз мөлшерде болуының нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер.

Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, неме­се физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады.

Адам организміне ас арқылы түсетін витаминдердің фер­менттер коферменттеріне құрылымдық ұқсастығы бар. Сондық­тан, витаминдер жоғарғы организмдерде коферменттік қызмет атқарады (1-кесте).

1-кесте

Коферменттер және олардың құрамына кіретін витаминдер

 

 


Скачать