Витамин ТӘРІЗДЕС заттар
Витамин ТӘРІЗДЕС заттарБір топ органикалық қосылыстар витаминге ұқсас заттар қатарына жатады. Олардың әсер ету механизмі витаминдердікі сияқты болмаса да, кейбір жағдайда бұл заттардың жетіспеушілігінен организмдегі зат алмасу процесінде әр түрлі келеңсіз жағдайлар орын алады. Инозит Тышқандарға жасалған тәжірибе арқылы тағамда, суда еритін бір зат болмағанда бойдың өспеуі, жүннің түсуі, бауырда холестерин жиналып, майланатындығы анықталды. Ал тағамға бауырдан бөлініп алынған сөлді қосқанда жоғарыдағы келтірілген құбылыстар байқалмаған. Ол зат инозиттің фосфорлы эфирі екендігі анықталды. Инозитфосфор қышқылының тұзы – фитинде де витаминдік қасиет бар. Химиялық тұрғыдан инозит – циклогексанның алты атомдық спирті: Инозит табиғатта кең тараған, ол барлық өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларында кездеседі. Биомедициналық қызметі Инозиттің биологиялық ролін фосфолипидтердің алмасуымен байланыстырады, себебі ол малдардың бауырын майланудан сақтап, липотроптық қызмет атқарады. Бұны белоксыз диетада болған малдардан және бауырында ісігі бар ауру адамдардан байқауға болады. Инозитті мидың кефалиндерінен де тапқан, бірақ оның физиологиялық маңызы әлі белгісіз. Парааминобензой қышқылы Парааминобензой қышқылы фоль қышқылының құрамына енеді және витаминге ұқсас заттардың қатарына жатады: Парааминбензой қышқылы (ПАБҚ) микроорганизмдердің өсіп-көбеюіне әсер ететін фактор екендігі белгілі. Қазіргі кезде оның көптеген организмдерге жан-жақты әсер ететіндігі анықталды. Парааминобензой қышқылының коферменттік ролі белгісіз, сондықтан оның функциясы тек фоль қышқылының синтезіне қатысуымен шектеледі деп есептеледі. Оның пурин мен пиримидин негіздерінің, соған байланысты нуклеин қышқылдарының синтезіне ықпалын жоғарыда айтқандармен байланыстырады. Парааминобензой қышқылы шаш пен жүннің пигментациясына әсері, сондай-ақ, кейбір гормондардың функциясына (адреналиннің тотығу процесі, қалқанша бездің қызметі) ықпалы бар, екендігі организмнің оттегі жетіспеуіне шыдамдылығын арттыратыны, тәжірибеде атеросклерозды тежейтіні белгілі болды. В4 витамині (холин) Бұл затты1892 жылы Стрекер өттен бөліп алып холин деп атайды. Ол ерте кезден белгілі болса да, витаминдерге ұқсас заттардың қатарына кейін ғана енгізілді. Химиялық құрылысы тұрғысынан холин – азотында үш метил тобы бар этиламин спирті. Ол суда, спиртте жақсы еритін, түссіз, жабысқақ сұйық зат. Адам организміне қажетті мөлшері әлі белгісіз. Холиннің тағам көздері: жұмыртқаның сарысы, бауыр, бүйрек, ет, балық, қырыққабат, қытай бұршақ, ас бұршақ, ашытқылар. Биомедициналық қызметі 1867 ж. К. Дьяков жұмыртқа сарысынан және ми ұлпаларынан бөлінген күрделі органикалық қосылыс фосфатидилхолиннің құрамына енетіндігін анықтағаннан кейін ғана оның биологиялық қызметі белгілі болды. Холин жүйке жүйесінде жүйке қозуын одан әрі жалғастырушы медиатор ацетилхолиннің құрамына енеді, ол трансметилдену реакцияларына,метиониннің, пуриндік және мен пиримидиндік нуклеотидтердің, фосфолипидтердің биосинтезіне қатысады. Организмде холиннің синтезіэтиламиннің қатысуымен өтеді, ал этиламин болса, метиониннің метил тобы, серин мен глицин және В12,Вс,С витаминдерінің қатысуымен түзіледі.Сондықтан холиннің жетіспеуі рациондағы белоктың, В12 және Вс, С витаминдерінің мөлшеріне байланысты. Холин бауырды майланудан сақтайды,ішектердің жиырылуына, майлардың ішекте сорылуына әсер етеді, ол, сондай-ақ, адреналин, креатин, метионин секілді биологиялық әрекетшілзаттардың түзілуіндегі метил топтарының берушісі. Организмде холин тотығып бетаинге айналады. Бетаин өсімдіктерде кездеседі, ол алғаш рет қызылша шырынынан бөлініп алынды. Холин авитаминозының белгілері Организмде холин жетіспегенде бауыр майланып, бүйрекке қан кетеді, протромбиннің синтезі төмендейді, сезім түйсігі өзгереді, малдардың өсіп-өнуі нашарлайды. Қалыпты жағдайда организмде холин керекті мөлшерде түзіледі. Құстар, әсіресе, тауықтар жұмыртқалайтын кезде холиндіқажетсінеді. Липой қышқылы 1950 жылдары бауыр ұлпалары мен ашытқыда сүт бактерияларын өсіретін фактордың бар екендігі оның сол кездегі белгілі витаминдергеұқсамайтындығы және кейбір стрептококктардың бұл затты өсу факторы ретінде қажетсінетіндігі анықталады. Кристалды түрде бұл фактор: L –липой (1,2 – дитиолан – 3 – валериан) қышқылы: Липой қышқылы тотыққан және тотықсызданған түрінде бола алады. Организмдегі негізгі атқаратын қызметі – α – кетоқышқылдарыныңдекарбоксилдену реакцияларына қатысуы (пирожүзім және α – кетоглутар қышқылдары). Липой қышқылы тиаминпирофосфат және КоА мен қатарпируват- және кетоглутаратдегидрогеназалық күрделі мультиферменттік жүйеге простетикалық топ ретінде енеді. Бұл қышқылдың жануарларда,өсімдіктер мен микроорганизмдерде синтезделу механизмі әлі белгісіз. Орот қышқылы Орот қышқылын микроорганизмдер мен малдардың тез өсуіне ықпалды екендігі анықталғаннан кейін витамин тәріздес заттардың қатарына жатқызабастады. Химиялық тұрғыдан орот қышқылы – урацил–4–карбон қышқылы: Нуклеин қышқылдарының құрамына енетін пиримидин негіздері – цитозин, урацил, тимин – орот қышқылының туындылары екендігі зертханалықтәжірибелерден белгілі болды, яғни, орот қышқылы нуклеин қышқылдарының түзілуіне қатысады. Сонымен қатар, ол белоктардың, көмірсулар менмайлардың алмасуына, кейбір ферменттердің (ксантиноксидаза т.б.) активтілігіне әсер етеді. Тәжірибе жүзінде орот қышқылының қантүйіршіктерінің (эритропоэз және лейкопоэз) көбеюіне, бауыр мен жүректегі регенеративті процестердің жылдамдауына қатысы барлығыанықталды. Скачать |