Бұршақ тұқымдасы


Бұршақ тұқымдасы

 

анда оңдағы белоктың проценттік мөлшері өте жоғары: асбұршақта (горох 34% дейін, ноқатта (нут -Сісег) 31%, люпинде (Ьиріішз) 61%-ке дейін болады. Тамаққа пайдаланылатын белоктың сапасы бойьшша бірінші орында фасоль (Рһазсошз) мен жасымық (чечевица — Ьепз) түрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокислоталар болады. Бұршақтар тұқымдасының коптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жемшоптік, бал жинайтын, сәндік, дәрі-дәрмектік т.б. осімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар тұқымдасының азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың қүрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп молшерде болуына байланысты біршама төмендейді (люпин). Сиыржоңышқа туысы (вика, немесе горошек). 150-дей түрі бар; БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дөн алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулері арам шоп ретінде егістікті бүлдіреді. Егістік сиыржоңышқа (вика посевная) пішен дайындау жөне дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая ) біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол БОР-дың европалық бөлігінде, Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың барлық жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңышқа (вика волосистая ), ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржоңышқа (вика узколистная) өседі. Асбұршақ туысы (горох). Түрлерінің саны әлі күнге дейін толық дәлелденбеген. БОР-дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп түрады. Егістік асбұршақ (горох посевная) (207-су-рет) біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түр дала асбұршағына жақын (грох полевой), шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек. Беде туысы (клевер). Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасыңда 65 түрі, ал Қазақстаңда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық қүрлықтарыңца (континентерінде) кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық жөне біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік, сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5—9 жапырақшадан түрады. Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлтежапырақшалары тұп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1—3 дөнді қақырайтын боб (сиректеу 4—6 дәнді), әдетте екі ерінді немесе қоңырау төрізді тостағаншаға еніп тұрады. Қызылбас беде (клевер луговой — Т.ргаіеше) биіктігі 30—50см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында біреуден ғана дөні болады, мәдени жағдайда көп өсірі-леді. Қызғылт беденің (клевер розовый или шведский) күлте жапырақшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оны негізінен орманды аудаңдарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің (клевер ползучий или белый — Т. гереш) күлте жапырақ-шасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретіңде аса қүңды өсімдік, әрі малдың таптап-жаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлеріңде кеңінен таралған. Жоңышқа туысы (люцерна ). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жер шарының екі ендігініңде тропикалық аймақтарында, жерортатеңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дың флорасыңца 36 түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары үшқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді (немесе аз дәнді), формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Құрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген тамырыньщ ұзындығы 1,5 м-ге дейін жететін, кіндік тамырлы өсімдік. Агромелиоративтік маңызы зор. Мал азығы ретінде аса құңды, құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік. Сарбас жоңышқақ (люцерна серповидная, или люцерна желтая ) биіктігі 100—120см болатын, күлте жапырақшасының түсі сары, құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта (Европада, Сібірде, алдыңғы және Орта Азияда) жөне мәдени жағдайда кең таралған өсімдік. Кәдімгі жоңышкцның (люцерна посевная, или синяя) (208-сурет) гүлі қою-күлгін түсті, бобы спираль төрізді бұралған болып келеді. Табиғи жағ-дайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың территориясыңда, өсіресе құрғақ шөлейт аудан-дарда тек мөдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады. Фасоль туысы. Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарыңда өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары үшқұлақ күрделі болып келеді. Күлте жапырақшалары сары, ақ, қызғыштау-сары, қоңыр-қызыл және сия-көк түсті болып келеді. БОР-дың территориясыңда 20-дай түрі белгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс дақылы ретінде және сәндік өсімдіктер ретінде ботаникалық бақтарда, парктерде, скверлерде өсіріледі. Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенная — көкөніс дақылы, Солтүстік жақта Санкт-Петербургке дейін жетеді. Отжалынды-қызыл фасоль (фасоль огненно-красная ) өрмелеп өсетін біржылдық өсімдік, гүлі ашық-қызыл түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде кеңінен отырғызылады, сиректеу тамақ ретінде де пайдаланылады (дәндері ақ болып келетін сорттары) . Соя туысы . Туыстың құрамыңда 40-тай түр бар. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның жөне Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың териториясында тек бір ғана Уссурий соясы (соя уссурийская — О.швигіешіз) деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызы жағынан ең қажеттісі түкті соя (соя щетенистая) деп аталынатын түр. Ол биіктігі 30-50 (80) см болатын біржылдық шөптесін өсімдік, жапырағы үшқұлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып түрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дөндері болады. Азияда кеңінен себілетіндігі сонша, оның егістік көлемі 10 млн. га асады. 1 т. дәннен 113 кг май және 725 кг майдан тазартылған үн алынады. Дәнінің қүрамында 36%-ке дейін белок болады. Сабағы мен жапырағын жас балауса түрінде де, кептіріп те және сүр шөп түрінде де ауыл шаруашылық жануарларына қорек ретінде пайдаланады. Соядан әртүрлі тағамдар дайындайды: сүт, май, айран, қаймақ, сүзбе, нан, ал сусамыр ауруымен ауыратын кісілер үшін арнайы печенье, кофе, шоколад және т.б. (100-ден астам тағамдардың түрлерін) жасайды. Сонымен бірге соядан пластмасс, фанер жасауға қажетті клей және тағы басқа да заттарды жасауға керекті шикізат алады. Люпин туысы (Ьиріпш). Туыста 400-дей түр бар, олар-дың басым көпшілігі Оңтүстік Америкада (Анды) кездеседі. Бүлар негізінен дәндері ұсақ болып келетін шөптесін өсімдіктер, жартылайбүталар, ішіңде тіптен бүталарыда болады. Солтүстік Американың батыс аудандарында біржыддық түрлері басым болып келеді. Түрлерінің көптігі жағынан екінші орыңды алатын табиғи орталық болып жерорта теңізі жаға-лауы саналады. Жерорта теңізі жағалауыңдағы түрлердің басым көпшілігі біржыддық, биік, дөңдері ірі болып келетін өсімдіктер. Бұарға ұқұақ жөне саусақсалалы күрделі жа-пырақтар тән. Гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді жөне үлкен шашақ тәрізді гүлшоғырына жиналады. Люпин рекордтық деңгейге дейін жететін көк балауса береді, бірақта өсімдіктің барлық бөлігіңде көп мөлшерде улы заттар болады (люпинин және люпинидин алкалойдтары). Сидерациялық жәнесәндік өсімдіктер ретіңде өсіріледі. Алкалоиды жоқ сорттарын шығаруға байланысты люпиннің жем-шөптік маңызы арта түседі.

 


Скачать