БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ
БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІАннелидтер (латынша «annulus» — сақина) немесе буылтық құрттар типі — жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден кұралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған. Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы. Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған. Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора. Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральды) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін. Буылтық қүрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі. Буылтық қүрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер -Aclitellata және белдеулілер – Clitellata. Скачать |