Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама
Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама1500 ж. — жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи). 1609ж. — алғашқы микроскоп жасалды (Г.Галилей). 1628ж. — қан айналудың ашылуы (В.Гарвей). 1651 ж. — “Барлық тіршілік — жұмыртқадан” — деген қағида қалыптасты (В.Гарвей). 1661ж. — капилляр ашылды (М.Мальпиги). 1665 ж. — тоз (пробка) ұлпасында клетканың құрылымы анықталды (Р.Гук). 1668 ж. — шыбын дернәсілінің жұмыртқадан дамитындығы тәжірибемен дәлелденді (Ф.Реди). 1674ж. — бактерия мен қарапайымдар ашылды (А.Левенгук). 1676ж. — пластидтер мен хроматофорлар ашылды (А.Левенгук). 1677ж. — алғаш рет адам сперматозоиды анықталды (А.Левенгук). 1688ж. — түрге жүйелік (систематикалық) бірлігі ретінде анықтама берілді (Д.Рей). 1727ж. — көмірқышқыл газы ашылды (Дж.Блэк). 1766ж. — өсімдіктердің ауамен дем алатындығы дәлелденді (С. Гейлс). 1753 ж. — организмдерді жүйелеудің принципі мен бинарлық номенклатурасы жасалды (К.Линней). 1754ж. — сутек ашылды (Г.Кавендиш). 1778ж. — өсімдіктерден оттек бөлінетіндігі анықталды(Дж.Пристли). 1779 ж. — жарық пен өсімдіктердің жасыл түсі арасындағы байланыс анықталды (Я.Ингенхауз). 1809 ж. — органикалық дүниенің алғашқы эволюциялық теориясы қалыптасты (Ж.Б.Ламарк). 1814 ж. — арпа сықпасының (экстракт) ферменттер көмегімен крахмалды қантқа айналдыратындығы анықталды(Г.Кирхгоф). 1823 ж. — бұршақ белгілерінің доминантты және рецессивті болатындығы анықталды (Т.Э.Найт).   Скачать |