Балдырлар
БалдырларЖазда тоған суының кейде жасыл түсті болатынын байқймыз.Ал оның неден болатынын білесіңдер ме? Жылы тоған суында ерекше өсімдіктер балдырлар тез көбейе бастайды.Суды жасыл түске енгізетін солар.Егер сендер «жасыл» суды микроскоппен қарасаңдар,толып кішкентай түйіршіктерді көресіңдер - бұл балдырлардың шоғыры болып табылады. Жер бетінде балдырлардың түрі өте көп.Олардың арасында ұзындығы 40 метрге жететін алыптары бар, олар мұхиттарда өседі.Бар болғаы бір клеткадан тұратын балдырлар да бар.Олар әдетте түйіршіктер шоғырына жиналады және су бетінде осындай сансыз шоғырлар түзіп,оның бетін түрлі түске бояйды. Түсі жөнінен жасыл көк,жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар болады. Жасыл көк балдырлар тек суда ғана өспейді.Қазақстан мен Орта Азия шөлдерінде олар топырақ бетінде кездеседі.Бұл жерлерде жаңбыр жауатын көктем мен күзде жасыл көк балдырлар барынша көбейеді,ал құрғақ кезде қабыршаққа айналып топырақ бетін жауып тұрады.Жел бұл қабыршақтарды Жан-жаққа ұшырып әкетеді.Жаңбыр жауса болғаны- жасыл көк балдырлар қайта жанданады. Жасыл балдырларда топырақ бетіне өсе алады, бірақ олар көбінесе суда тіршілік етеді.Олардың арасында бір клеткалы балдырлар да бар- олар су бетінде қалқып жүреді,ал ірі балдырлар су түбіне бекиді. Қоңыр балдырлардың бәрі ірі өсімдіктер.Олар теңіздер мен мұхиттарда су асты орманын-нағыз джунгли түзеді.Саргасс теңізінде саргасс балдырлары өседі. Теңізде соған орай Саргасс аталған.Бұл балдырлар теңіз жағасында су түбіне бекиді,ал ашық теңізде қалқып жүреді-ығады.Балдыр қалың болған кезде,тіпті олар кемелердің жүзуіне кедергі жасайды. Қызыл балдырларда теңіздер мен мұхиттарда өседі,бірақ олар ыға алмайды, жартастарға, бақалшақтарға немесе басқа балдырларға бекиді. Су бетінде қалқып жүретін ұсақ балдырлар ескек аяқты шаяндар мен жәндіктерге қорек болады.Ал бұл теңіз жәндіктерінің бірін көптеген балықтар өз кезегінде сүйсіне қорек етеді.Міне, сондықтан да балдырлары бар жерде балық аулау тиімдірек болады. Алайда балдырлар тек теңіз жануарларына азық болып қана қоймайды.Олар суды оттекпен байытады және оны шіріту бактерияларынан тазартады. Адам көптеген балдырларды тамаққа пайдаланады.Олардың ішінде біздің солтүстік теңіздерімізде өсетін ламинария да бар. Балдырлар –үй жануарлары үшін жақсы азық.Олар тіршілігін жойған соң су қоймаларының түбінде қалың тұнба қабат-сапропель түзеді.Бұл үй жануарларына азыққа жарайды,сонымен қатар өте жақсы тыңайтқыш болып табылады. Спирогира – жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан. Атауы осы қасиетіне негізделген. Ол өсімді және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке немесе жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушасының цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінеді. Су түбіндегі қайыр – балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады, төсемікке бекініп өседі. Спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді. Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар түзіледі. Олар қозғалып, төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасушалар түзе бастайды. Біртіндеп улотрикс жіпшесі пайда болады. Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді. Зооспоралардан кіші екі талшықты гаметалар түзеді. Олар екі-екіден қосылып, зигота пайда болады. Түрлі түсті қағаз,қатты қағаз,файл,жіптер көмегімен жасалған балдырдың спора ,зооспора,зоогамета мен зиготаның түзілу жолдарын түсіндіру.(Жынысты ,жыныссыз көбейу) Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған – қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Қоңыр балдырға ламинария, саргассум және т.б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Теңіздің терең түбінде (270 м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі) – таспа, тақташа, жіп тәрізді, кейде жіптері тарамдалған. ІҮ. Бекіту кезеңі: І. Сұрақ-жауап І топқа тест сұрақтары беріледі. 1.Хламидомонада қайда тіршілік етеді? а) тоқтау суларда; б) өзенде; ә) теңізде; в) көлде. 2.Жыныс жасушаларының аталуы: а) зигота; б) спорофит; ә) гамета; в) гаметофит. 3.Біржасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болған? а) 2 млрд. жыл бұрын; б) 3 млрд. жыл бұрын; ә) 1,5 млрд. жыл бұрын; в) 1 млрд. жыл бұрын. 4.Топырақта, ағаш діңінде өсетін балдыр? а) хламидомонада; б) хлорококк; ә) хлорелла; в) улотрикс. 5.Хлорококк балдырлары қалай көбейеді? а) жынысты; б) жыныссыз және жынысты; ә) жыныссыз; в) бөліну арқылы. Скачать |