Бір жасушалы балдырлар
Бір жасушалы балдырларБiр жасушалы балдырлар және олардың өкiлдерi. Бiр жасушалы жасыл балдырларға хламидомонада, хлорелла, хлорококка, жасыл эвглена, вольвокстар жатады. Осылардың iшiнен кең таралғаны –хламидомонада. Ол кiшi iирiм суларда, тоғандарда кездеседi. Кейде, дымқыл жол бетiңдегi иiрiм сулар, тоған сулары ақшыл –жасыл түске боялады. Осындайды «гүлдеген« су деп атайды. Сулардың осылай «гүлдеуi« хламидомонаданың көптеп шоғырлануынан су жасыл түстi болып көрiнедi. Хломидомонада жасушасы сопақша немесе алмұрт пiшiндi болып келедi. Оның денесiнiң алдыңғы созылған ұшында денесiн қозғалысқа келтiретiн екi талшығы болады. Бұл жануарлар ағзаларына тән туыстық белгi. Жасушасы сыртынан целлюлозалы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және iрi тостаған тәрiздi хроматофоры бар. Жасушаның алдыңғы бөлiмiнде екi жырылғыш вакуоль және жарық сезгiш көзше орналасқан. Жарық сезгiш көзше түскен жарықты қабылдап, хламидомонада сол жерге қарай талшығының көлiгiмен қозғалып барады. Жиырылғыш вакуоль артық суды бөлiп шығарады. Хламидомонада тек қана фотосинтез кезiнде пайда болған органикалық заттармен қоректенбейдi, дайын органикалық заттарды бүкiл денесiмен сiңiрiп те қоректенедi. Суда ерiген оттегiмен тыныс алады Көбеюi екi жолмен жүредi – жыныстық және жыныссыз. Жаз айларында қолайлы жағдайлар туғанда жыныссыз көбейедi. Бұл үрдiс көбiнесе түнде жүредi, хламидомонада тоқтап талшығын тастайды (жоғалтады), бөлiнiп 2,4 кейде 8 ұсақ жасушаларға (хламидомонадаларға) айналады. Оларды зооспаралар деп атайды. Зооспоралардың талшықтары болғандықтан өз беттерiмен қозғала алады. Сонымен хламидомонаданың жыныссыз көбеюi споралары арқылы жүредi. Споралар аналық жасушаның қабықшасы жарылғаннан кейiн кiшкене хламидомонада түрiнде суға жүрiп шығады. Суда бiраз жүзiп жүрiп аналық жасушаға дейiн үлкейiп өскен соң жыныссыз көбеюге кiрiседi. Жынысты көбею күннiң суытып, иiрiм сулардың кеуiп кетуi сияқты қолайсыз кезең басталғанда жүредi. Аналық жасушада 2 талшықты гаметалар түзiледi. Олар аналық жасушаның қабықшасынан шығып басқа хламидомонаданың гаметаларымен жұптасып қосылады. Осының нәтижесiнде тығыз қабықпен қапталған зигота түзедi. Қолайлы жағдай туғанда зигота бөлiнiп одан 4 хламидомонада түзiледi. Хлорелла (Chlorella) – бiр жасушалы көзге көрiнбейтiн ұсақ жасыл балдыр. Домалақ шар тәрiздi хлорелла жасушасы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және жасушасын жасыл түске бояп тұратын iрi хроматофор бар. Егер бiр тамшы жасылсуды микроскоппен қарасақ көптеген түссiз шар тәрiздi денелердi көруге болады. Олардың iштерiнде жасыл хроматофоры да көрiнедi. Бұл хлорелла өсiмдiгi. Хлорелла тек суда ғана кездеспейдi. Жаңбыр жауғаннан соң, немесе тұман түскен кезде ағаштардың дiңiнiң жасыл түспен тұтылғанын байқауға болады. Осындай құбылысты ылғал топырақ бетiнен де көруге болады. Хлореллада фотосинтез аса қарқынды жүредi. Сондықтан ол көп мөлшерде оттегiн бөлiп, мол органикалық зат бередi. Көбеюi тек қана жыныссыз жолмен жүредi. Күн сәулесi түсiп тұрған суда қарқынды көбейедi. Жасушасы 4,8,16-бөлiкке бөлiнiп кiшкене шарлар –споралар пайда болады. Осы споралар аналық жасушы қабықшасын жарып шығып суда жүзiп өзбеттерiнше тiршiлiк етедi. Бұл жасыл шарлар суда ерiген минералдық заттар мен көмiр қышқыл газын сiңiрiп өз хроматофорларында органикалық заттар тұзедi. Өзiнiң аса кiшi көлемiне қарамастан хлорелла қазiргi ғалымдардың , оның iшiнде тек ботаниктердi ғана емес ғарыш кемесi конструкторларын , ғарышкерлердiң көңiлiн аударуда. Екiншi ғарыш кораблiнiң iшiнде басқа да өсiмдiктер мен жануарлар арасында осы хлорелла да болған. Планета аралық саяхат кезiнде ғарышкерлер кабинасында үнемi оттегi мөлшерi тұрақты болып, жаңа дайындалған тағам қажет. Ғарышкерлер кабинасында кiшкене бiр тұйық әлемдегiдей зат айналымы жүрiп тұруы керек. Жаңа азық-түлiк алуға шикiзат ретiнде де хлорелла ғалымдарды қызықтырады (мысалы Орта Азияда хлорелланы мал азығына қосады). Өсiмдiк өнiмдерiн алу үшiн теңiздер мен мұхиттарды пайдалану көзделiп отыр, ал олар бiздiң планетамыздың 2/3 бетiн алып жатыр. Хлорелла және де басқа микроскоптық балдырлар мен жануарлар 100 м тереңдiкке дейiнгi су қабатын алып жатыр. Оны планктон деп атайды Скачать |