АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫОблыстың атмосфера қабатын ластаушы көздер Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Темір, Мұғалжар, Хромтау аудандарында шоғырланған пайдалы қазындылар шығаратын кен орындары және энергетикалық нысандар болып табылады. Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе жылу электр орталығы» акционерлік қоғамы болып табылады.«Ақтөбе ЖЭО-ғы» газбен және сұйық отынмен жұмыс жасайды, соның салдарынан ауаға 70 % азот қышқылы тарайды. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты атмосфераны қатты заттармен ластайды. «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы атмосфералық ауаның — 80% газ күйіндегі көмірқышқыл тотығын құрайды. Қаланың атмосфералық ауа сапасы соңғы жылдары нашарлап кетті. 2008 жылы ИЗА 10,5 бірлікті құрады. Ырғыз, Шалқар аудандары Арал экологиялық апат аймағына жақын орналасқан. Сонымен бірге ауыз су тапшылығы облыс аудандарының елді мекендерінде кездесіп отырады. Ауыз су құрамындағы тұздылық, нитраттың, т.б. химиялық элементтердің артуы тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін тигізуде. Елек — Ақтөбе облысындағы ластанған өзеннің бірі. Ластанған заттар индексі — 15,39; сапасы жағынан — 7 класқа келеді, шектеулі жіберілген концентрация мөлшерінен бірнеше есе көп, яғни бор — 103,5 ШЖК; фенол — 1 ШЖК; алты валентті хром — 22,17 ШЖК. Ластаушы көздер «АХҚЗ» АҚ — ның көне шламды бөгендері болып табылады. Алты валентті хромның атмосфералық ауада, топырақта кездесетіні байқалады. Елек өзенін бормен ластауын тоқтату — алдағы міндеттің бірі. Ластану ареалы 32,5 км2 құрайды. Ақтөбе каласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану 1987 жылдан басталды, оның ауданы20 га. Полигон жобасыз тұрғызылды және оны пайдалану экологиялық талаптарға сай жүргізілмейді. Қалдықтарды жинауда бейберекеттікке жол беріледі. Полигонға жыл сайын барлық қалалардан 260 мың куб м қалдық тасталады. 2001 жылдың қаңтарында полигонга 2,23 млн. тонна қалдық жиналған. Полигон инженерлік құрылыстармен және коммуникация жүйелерімен қамтамасыз етілмеген.
Қазіргі уақытта полигон қалдыктарға толық, бірақ қалдықтарды полигонға тасу әлі де жалғасып отыр, ал бұл жағдай полигонға іргелес аумақтардың санитарлы — эпидемиологиялық және экологиялық жағдайына қолайсыз. Полигон атмосфералық ауаның, жерасты және жер беті суының, жердің интенсивті ластаушы көзі, инфекциялық ауруларды таратушы. Елек өзеніне ерекше әсер ететін 3 негізгі суды пайдаланушыларды бөліп көрсетуге болады: - «Ақбұлақ» ОАҚ жыл сайын 7-10 мың текше метр тазартылмаған су жібереді; - «АХҚЗ» АҚ жерасты суы арқылы өзеннің 12 кв.км ареалын ластайды; - «Ақтөбе ЖЭО» АҚ. 4-кесте Ақтөбе қаласы бойынша ағыстың сапалық жағдайы. Қосымша Е. 2008 ж. Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жаңа жобасы жасалды. Жаңа полигонды пайдалану мерзімі 15 жыл, жыл сайын 260 мың текше метр қалдық тасылады. Елек өзенінің ластануы. Елек өзенінің бормен ластануы Ақтөбе химия зауытының (1941) іске қосылғанынан басталды. Ластаушы көзі — Елек өзені жайылмасындағы сүзгіші жоқ зауыттың шлам жинаушылары болып табылады. «Казводоканалпроект» институтының мәлімдеуінше, жер асты горизонтында 890 тонна бор жиналған. Қазіргі уақытта өзен алабының жер асты суының ластану ареалы 32,5 км2 жетті, тіпті бұдан да ұлғайып бара жатыр. Ақтөбе гидрометеорологиялық орталығының мәлімдеуінше,2009 жылдың қаңтарында Елек өзеңінің ластануы шегіне жеткен, яғни шектеулі жіберілген концентрация 129 есеге жеткен. Бордың санитарлы — уландырғыш 2 класс көрсеткішіне сай келуі және оның шектеулі жіберілген концентрациясы мөлшерінің шектен тыс көп болуы флораға, фаунаға және адам денсаулығына өте зиянды. Елек өзенінің бормен ластануы ҚР — ның жоғары органдарының алдындағы жыл сайынғы өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі. Хром қосындылары зауыты өзінің жұмысын 1957 жылдан бастады. Зауытқа пайдаланған суды шлам тоғандарына жібереді. Зауытқа барлық кезеңдерге пайдалану үшін жалпы ауданы278,4 габолатын 10 шлам тоғандары тұрғызылған, қазірде олардың тек бесеуі жүмыс жасайды. Жер үсті және жер асты суын алты валентті хроммен ластаушы көне шлам тоғандары болып табылады. Елек өзенінің ластануы тек Ақтөбе қаласына ғана емес, Жайық өзенінің саласы ретінде Орынбор облысының (РФ), Батыс Қазақстанның және Атырау облысының халқына қауіп туғызып отыр. Елек өзенің ластаушы заттар хром, бор, фенол, фтор, мұнай өнімдері болып отыр, ал ластаушы көздер бұрынғы Ақтөбе химия зауытының шлам — жинауыштары, сонымен бірге Елек өзені жайылмасында тұрғызылған сүзгілерге қарсы қалқасы жоқ «АХҚЗ» ОАҚ — ның көне шлам тоғандары болып отыр. Елек суындағы бор концентрациясы орнынан сынауға алуға байланысты ауытқып отырады. Бор концентрациясы Ақтөбе су қоймасы тұсында және Бестамақ елді мекенінде барынша көп байқалады. Мұнай өнімдерінің концентрациясы жыл бойы 6-13 ШЖК — ға байқалды. Елек өзені суының физикалық қасиеті және минералдануы болып есептелетін қалған компоненттері нормаға сай екендігі анықталды. Еліміздегі табиғи байлықтарды өндіріске қатыстыруға, өнеркәсіп орындарын қарқынды дамытуға бірнеше факторлар әсер етеді. Олар шешуші құрал есебінде табиғи ресурстарға қоғам қажеттілігін және табиғат мүмкіндігінің тапшылығындағы қарама — қарсылықты шешеді.
Облыстағы геоэкологиялық аудандастыру мәселелері. Қоршаған табиғи ортадағы қазіргі маңызды мәселелердің бірі, бұл геоэкологиялық жағдайдың біздің республикамызда мықтап қалыптасуы болып табылады. Біз қарастырғалы отырған Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының батыс аймағында, ірі өнеркәсібі мен өнеркәсіптері жақсы дамыған территорияға жатады. Физикалық- географиялық орналасуы жағынан Ақтөбе облысы Оңтүстік Орал тауының орталығында, шөлейтті- құрғақ аймақта орналасқан. Бұл аймақ Орал- Мұғалжар провинциясының Ор- Мұғалжар округіне және Орал маңы (Торғай) провинциясының, Орал маңы үстіртінің оңтүстік- батыс бөлігі мен оңтүстік- шығыс бөлігі округіне жатады. Атмосфераның қатты ластануы, әсіресе Ақтөбе қаласында және ірі өндіріс орталықтары орталықтары орналасқан Алға, Хромтау, Қандыағаш және Ембі қалаларының маңында байқалады. Осы жерлерде ластанған атмосфералық ауа көршілес Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына және Ресейдің Орынбор облысына тарайды. Ақтөбе қаласының ауасын ластайтын зиянды заттардың 49% — ын ферроқорытпа зауыты шығарса, 25% — ын Ақтөбе хром қосындылары зауыты шығарады. Мұндағы мекемелерде ауаны ластауды азайтатын кұрал - жабдықтардың жартысы ғана істейді. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша атмосфералық ауаны ластайтын 172 мекеме жұмыс істейді. Бұған Жаңажол мұнай — газ өндіретін кен орны да жатады. Шаң тазалағыш, өндіріс қалдықтарының дұрыс жұмыс істемеу салаларынан немесе іске алғысыздығынан бұл қалалардағы шаң — тозаңның орташа көрсеткіші белгіленген мөлшерден 4 есе, азот қос тотығы 2 есе, күкіртті ангидрид шамамен 0,2 есе артып отыр.
Ақтөбе облысының ландшафтары. Ақтөбе облысының ландшафттарын антропогендік әрекет ету дәрежелеріне қарай мынандай категорияларға бөлуге болады (А.В.Чигаркин бойынша):
Антропогендік факторлардың әсерін және табиғи ресурстардың құлдырап, нашарлау деградациясын есепке ала отырып, Ақтөбе облысын геоэкологиялық картаға сүйеніп, бірнеше экологиялық аудандарға бөлуге болады. Алдын — ала құрылған табиғи аудандастыру схемасы табиғи ортаның геоэкологиялық деградациялық критерийі қойылады. Табиғи ресурстарды және олардың түрлерін аудандастыру және карталау территориялық түрде, соның ішінде табиғи территориялық кешендер жүйесімен негізделу қажет. Ақтөбе облысында геоэкологиялық деградацияның мынандай критерийі анықталды: өте жоғары, жоғары, қалыпты- жоғары , қалыпты және төмен. Ақтөбе облысы бойынша жасалынған геоэкологиялық картаның негізінде территорияда, деградациялық өте жоғары деңгей — 12%, жоғары -14%, қалыпты жоғары — 24%, қалыпты — 27%, төмен — 23% — ке жуық болды. Скачать |