Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ауыз қуысында астың қорытылуыАуыз қуысы сүйекті тұлға сүйеніші мен арнаулы мүшелерден тұрады. Бұл мүшелерге ерін, ұрт, қызыл иек, тіс, тіл, таңдай, тілшік, ауыз қуысына бөлу өзектері ашылатын үш жұп сілекей бездері және көмекей бездері жатады. Ауыз қуысының тұлға сүйеніші жоғарғы және төменгі жақ сүйектерден, олардың байланыс сіңірлері мен еттерінен тұрады. Іш жағынан ауыз қуысы көп қабатты жалпақ эпителийден құралған сілекейлі қабықпен астарланады. Осы сілекейлі қабықта көптеген кілегей және сілекей бездері болады. Олар орналасу орнына қарай ерін, үрт, тіл, тілшік бездері деп аталады. Ауыз қуысына үш жұп ірі сілекей бездерінің (шықшыт, алқым, бүғақ) де өзегі ашылады. Ауыз қусындағы ас қорыту қоректі қабылдау және оны шайнау, сілекеймен шылау, жұту процестерінен тұрады. Қабылданған қорек ауыз қуысында шайналып, жаншылады, ұнтақталынады (механикалық өңдеу) және сілекейдің әсерімен оның құрамалары ериді, кейбір заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды (химиялық өңдеу). Қорек ауыз қуысында ұзақ аялдамайды. Сілекей құрамындағы муцин (шырыш) әсерімен қорек ұнтақтары бірігіп жентектеледі де, ол жұтылады. Жұту процесімен ауыз қуысындағы ас қорыту аяқталады. Жұту — рефлекс түрінде атқарылатын процесс. Ол тізбектелген бірнеше әрекеттер жиынтығы. Бұл процесс азық жентегінің таңдай мен тіл түбіндегі тіл — жұтқыншақ нервінің сезімтал ұштарын тітіркендіруінен басталады. Қозу толқыны сопақша мидағы жұту ор-талығына жетіп, одан тіл асты (бүғақ), үшкүл, тіл — жұтқыншақ, кезеген нервтердің эфферештік талшықтары арқылы ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмекей мен өңештің еттеріне беріледі. Тіл мен жұтқыншақ еттерінің үйлесімді жиырылуының әсерінен азық жентегі өңеш шанағына (воронкасына) түседі де, одан өңеш бойымен қарынға қарай жылжиды. Сілекей ірі үш жұп сілекей бездері мен ауыз қуысының сілекейлі қабығында орналасқан көптеген майда бездер секреттерінің қосындысы. Сілекей бездері сірлі (серозалы), шырышты және аралас бездер болып бөлінеді. Шырышты бездерге таңдай, үрт, тіл түбі бездері, сірлі бездерге — шықшыт бездері мен тілдің бүйір беткейінің бездері, ал аралас бездерге — бүғақ, алқым бездері мен ерін бездері жатады. Шырышты бездер тұтқыр, шырышқа (муцинге) бай сілекей, сірлі бездер — сұйық , электролиттерге бай, құрамында белок пен ферменттері бар сілекей бөледі. Сілекей — түссіз, жеңіл көпіретін, иіссіз, дәмсіз, әлсіз сілтілік реакциялы, тығыздығы 1,002 — 1,012 тұтқыр сұйық . Оның құрамында 99-99,4% су және 0,6 — 1% құрғақ зат болады. Сілекейдің сусыз бөлігінің құрамында түрлі органикалық заттар -белоктар, муцин (шырыш), ферменттер және бейорганикалық тұздар болады. Сілекейде натрий, калий, хлор, кальций, фосфор т.б. элементтер белгілі бір түрақты мөлшерде кездеседі. Сілекей құрамы на кейбір зат алмасу өнімдері — көмір қышқылы, несепнәр, аммиак т.б. кіреді, Құрамында амилаза (птиалин) және глюкозидаза (мальтаза) ферменттерінің болуына байланысты сілекей көмірсуларды ыдырату процесіне қатысады. Амилаза крахмалды мальтозаға, ал соңғы өнімді мальтаза глюкозаға ыдыратады. Сілекей организмде маңызды рөл атқарады. Ол ауызға түскен қоректі дынқылдап, оны шайнауды оңайлатады, қорек құрамынан заттарды ерітіп, оның дәмдік сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Сілекей құрамындағы муцин шайналған азық ұнтағын жабыстырып, оны жентектейді, жұту процесін жеңілдетеді. Ол денедегі су мен минералды заттардың алмасуына қатысып, қышқылдық — сілтілік тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді, қарындағы қышқылдарды бейтараптайды. Кейбір жануарларда (иттерде) сілекей дене қызуын реттеуге қатысады. Құрамында бактериялар денесінің қабығын ерітетін лизоцим ферментінің болуына байланысты оның бактерицидтік қасиеті де болады. Сілекей арнаулы Жасушаларда жүретін күрделі биологиялық процестің нәтижесінде түзіледі. Сілекейдің секрециялық процесс негізінде түзілеттні жайлы алғашқы болжамды Р.Гейденгайн, кейінірек Б.П.Бабкин жасаған. Табиғаты жағынан ол экскрециялық процеске ұқсас. Бірақ бөліңділеу (экскреция) нәтижесінде Жасуша организмге қажетсіз зат алмасу өнімдерін бөлсе, түзінділеу (секреция) кезінде белгілі бір мұқтаждыққа түзілген заттар бөлінеді. Секрециялау процесі үш сатыда атқарылады. Олар алғашқы өнімдерді синтездеп, түзінді (секрет) түйіршіктерін жасау; Жасушалардан түзінділерді бөлу; Жасушалардың бастапқы құрылымын қалпына келтіру. Секреттің алғашқы өнімдері рибосомалардың қатысуымен цитоплазманың бұжырлы (гранулярлы) торлы (ретикулумы) түтіктерінде жүреді. Олардың қабырғасынан түзінді Гольджи кешешнің вакуоліне өтіп, осы жерде олар жинакталады да, түзінді түйіршіктері пайда болады. Түйіршіктер біртіндеп Жасушалардың жоғарғы (апикальдық) бөлігіне ығысады. Жасуша цитоплазмасының түйіршіксіз торлы түтікшелерінде белоксыз түзінді бөлініп, олар да Жасушаның жоғарғы бөлігінде жинақталады. Жасушалардан түзіңді бірнеше жолмен бөлінеді Оның бірінде пайда болған түйіршікгер немесе вакуолвдер Жасушаның апикальдық қабығына жақындап, мембранаға жабысады. Соңынан осы жерде өте майда тесік пайда болады да, сол арқылы түзінді без альвеоласына бөлінеді. Бұл макромерокриндік жол. Түзінді микромерокриндік жолмен Жасуша қабығы арқылы жеке молекулалар түрінде де бөлінуі мүмкін. Жасушаларда секрет түйірішктері көп мөлшерде жинақталса, олар бір-бірімен қосыла келіп тіл тәрізді цитоплазмалық өсінді түзіп, соңынан олар альвеолаға үзіліп түседі. Осыдан соң Жасуша жалпайып, уақытша секрет түзуді тоқтатады. Бұл түзінді бөлудің апокриндік түрі. Түзінді тым көп жиналып қалса, Жасуша бұзылып, ол ұлпадан үзіліп шығады. Бұл голокриндік түзінді бөлу жолы. Ас қорыту сөлдерін, оның ішінде сілекейді де, бөлген кезде аталған түзінді бөлу түрлерінің барлығы да кездеседі. Түзінді бөлінгеннен кейін Жасушаларда қайтадан қалпына келу процестері жүреді. Сілекей бөлу процесі Жасушалардан шыққан түзінділер бездердің өзекшелері мен альвеолаларына жинақталғаннан кейін ғана басталады. Сілекей безден оның миоэпителиалдық Жасушалары мен шығару өзектерінің бірыңғай салалы еттерінің қатысуымен бөлінеді. Сілекей бөлу — күрделі рефлекс түріңде атқарылатын процесс. Ол ауыз қуысыңдағы сезімтал нерв ұштарының (механо- және хеморецепторлардың) қабылданған қорек әсерімен тітіркенуінен басталады. Механорецепторлар қоректің физикалық күйін, консистенциясын, дымқылдығын т.б. сезінуге, ал хеморецепторлар оның дәмін анықтауға мүмкіңдік береді. Ауыз қуысынан тітіркеніс сезімтал нервтер (үшкүл нервтің тілдік тармағы, тіл-жұтқыншақ нерві, кезеген нервтің жоғарғы көмекейлік тармағы) арқылы сопақша мида орналасқан сілекей бөлу орталығына беріледі. Ерін мен үрттың сілекейлі қабығынан тітіркеніс орталыққа беттік нерв пен үшкіл (үш тармақ) нервтің орталыққа тепкіш талшықтары арқылы бағытталады. Сопақша мидан қозу толқыны сілекей бездеріне симпатикалық және парасимпатикалық нерв талшыктарымен тарайды. Симпатикалық нерв талшықтары жүлынның ІІ-УІ кеуде омыртқалық сегменттерінен басталын, мойынның алдыңғы (краниальдық) симпатикалық түйінінде тоғысады да, одан басталған түйіннен соңғы (посттанглийлік) талшықтар сілекей бездерінде аяқталады. Сілекей бездерін жүйкелендіретін парасимпатикалық нервтер тіл-жұтқыншақ және беттік нервтердің құрамына кіреді. Шықшыт безі тіл-жұтқыншақ нервінің құлақ-шықшыттық тармағымен, ал алқым мен бұғақ бездері -беттік нервтің дабыл шегі атты тармағымен жүйкеленеді. Парасимпатикалық нерв қозғанда сілекей безінің қан тамырлары кеңейіп, Жасушалар мембранасының өтімділігі жоғарылайды да, кұрамында органикалық және бейорганикалық заттары аз сілекей мол бөлінеді. Симпатикалық нерв қозғанда органикалық және бейорганикалык заттарға бай сілекей аз мөлшерде бөлінеді. Қалыпты жағдайда адам тәулігіне 1,5 л сілекей бөледі. Сілекей болу орталығынан қозу толқыны тек қана сілекей бездеріне ғана бағытталмайды, сонымен қатар таламустың, гипоталамустың және үлкен ми жарты шарларының тиісті құрылымдарына да беріледі. Сондықтан сілекей тек қорек қабылдағанда ғана емес, тамактану процесімен қабаттаса жүретін түрлі шартты белгілердің (мысалы, көру, иіс т.б.) әсерінен де бөлінеді. Бұл шартты белгілер үлкен ми жарты шарларында орналасқан орталық арқылы әсер етеді. Демек, сілекей бөлу шартты рефлекс түріңде де атқарылады. Сол себепті сілекей бөлуді күрделі рефлекстік процесс деп атайды. Сілекей бездерінің қызметін гуморальдық жолмен реттеудің тек қосалқы ғана рөлі бар. Парасимпатикалық нервті тітіркеңдіргевде үлпалық тормон — калликреин бөлінеді. Онын, әсерімен қан тамырлары кеңейіп, Жасуша мембранасының өтімділігі жоғарылайды. Ауыз қуысында өңделгеннен соң қорек жентектеледі де, тілдің қимылы арқылы ол таңдайға басылып, жұтқыншақка қарай жылжиды. Осы кезде жұмсақ таңдай мен тілшік жиырылып, көтеріледі де, жұтқыншақтың жоғарғы мұрын бөлігі жабылады. Тілдің жиырылуымен байланысты көмекей қақпақшасы иіліп көмекейдің аузын жабады да, қорек жентегінің тыныс жолдарына түспей өңешке қарай етуіне мүмкіндік береді. Жұту — рефлекс түріңде атқарылатын процесс. Бұл процесс азық жентегінің таңдай мен тіл түбіндегі тіл-жұтқыншақ нервінің сезімтал ұштарын тітіркендіруінен басталады. Қозу толқыны сопақша мидағы жұту орталығына жетіп, одан тіл асты, үшкүл, тіл-жұтқыншақ, кезеген нервтердің эфференттік талшықтары арқылы ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмекей мен өңештің еттеріне беріледі. Тіл мен жұтқыншақ еттерінің үйлесімді жиырылуының әсерінен азық жентегі өңеш шанағына түседі де, одан әрі өңеш бойымен қарынға қарай жылжиды. Скачать |