Атмосфера
АтмосфераАтмосфера деп жердiң ауалық қабатын айтады. Ауа барлық жерде кездеседi: топырақта, жер астындағы кеңiстiкте және тiптi суда да бар. Атмосфера бiздiң планетаны қызып кетуден сақтап, тон сияқты қоршап жатады. Жер күн сәулесiнiң әсерiнен қызады, бiрақ күн сәулесiнiң бiр бөлiгi атмосферада ұсталынып, жер бетiне жетпей қалады. Сонымен бiрге атмосфера жер бетiнен ғаламшарға шығатын жылуды ұстап қалып, жердi суып кетуден сақтайды. Атмосфера жердiң бетiнде жарылып, жанатын метеориттерден сақтап, жер бетiне жеткiзбейдi. Мүмкiн, сiз түнгi аспанда «құлаған жұлдызды» көрген шығарсыз. Шынын айтсақ, бұл жұлдыздар емес, қатты денелер. Казiргi кезде адамдар атмосфераны және атмосфералық құбылыстарды зерттейдi. Осы мақсатпен метеорологиялық стансылар салынады. Атмосфераның жағдайына арнайы кемелер мен ұшақтардан, жердiң метеориттер серiктерiнен бақылаулар жасалынады. Ауа тiрi организмге тыныс алу үшiн қажет. Атмосфераның құрылымы қандай? Атмосфераның төменгi қабаты тропосфера деп аталады (грекше «Тропос”-айналым ) жер полюстерiнiң үстiнен ол 10-12-км-ге таралған, ол экватор үстiнен 17-18 км биiктiкке дейiн. Тропосферада 90% -ке дейiн атмосфераның құрамындағы газдар бар, соның iшiнде су буы бар. Тропосферада әртүрлi атмосфералық құбылыстар байқалады: желдер соғады, бұлттар түзiледi, жауын-шашын түседi. Бұл жерде көптеген тiрi оранизмдер мекендейдi. Тропосфера үстiмен шамамен 50-60км-ге дейiнгi биiктiкте, стратосфера орналасады. Бұл жерде бұлт пен жауын-шашын жоқ, өйткенi ауада су буы аз. Стратосферадағы ауа өте ауыр, стратосфераның 20 км биiктiгiнде озон қабаты бар. Озон — өзiне тән иiсi бар газ. Ол ауада нөсерден кейiн, атмосферадағы оттегiде нөсер разряттарының әсерiнен түзiледi. Озон қабаты бiздiң планетадағы бүкiл тiрi организмдердi күннiң зиянды ультракүлгiн сәулелерiнен қорғайды. Стратосфера қабатының үстiнде атмосфераның өте тығыз, ауыр қабаты бар. Олардың ең жоғарғы шегi шамамен 2000-3000км-ге жетедi деп есептеледi. Атмосфера күйi адамдардың шаруашылық қызметiне әрқашан әсер етедi. Онымен бiрге атмосфералық құбылыстар: нөсер, бұршақ жаңбыр, шаңды борандар түсуi, қатты желдер байланысты. Жауын-шашынның уақытында жер бетiне түсуiне және олардың мөлшерiне ауыл шаруашылық дақылдарының өнiмi тәуелдi. Ауа-заттар қоспасы Ауа құрамы XVIII ғасырдың соңында анықталды. М.В Ломоносов металдарды қыздырғанда ол ауамен емес, тек оның бiр бөлiгiмен ғана қосылатынын анықтады. Бұл оттегi газы едi. Кейiнiрек француз ғалымы Антуан Лавуазье оттегiсi бөлiп алынған ауада шырақ жанбайтынын және тышқандар өлетiнiн анықтады. Бұл газды «өмiр болмайтын» деген мағынаны бiлдiретiн азот деген атпен атады. Сонымен бiрге, ауада азотқа қарағанда оттегiнiң аз екенi анықталды. Оттегi ауаның шамамен 21% көлемiн, ал азот шамамен 78%-iн алады. Кейiнiрек, ауаның қурамында оттегi мен азоттан басқа, аз мөлшерде көмiрқышқыл газы, су буы және инерттi газдар бар екенi анықталды. Инерттi газдар, мысалы: гелий, ион, аргонның практикалық қолданысы бар. Гелий жеңiл газ, ол шарларды, шатырларды толтыру үшiн қолданылады. Неон және аргон көгiлдiр, жасыл, қызыл түстi шығаратын түтiктермен шамдар жасауға және ғимараттарды, көшелердi жарнамалық қалқандармен мерекелi безендiруге қолданылады. Сонымен азот, оттегi, инерттi газдар, көмiрқышқыл газы және су буы — атмосфералық ауаның тұрақты құрамдас бөлiгi. Ауаның тұрақты құрамы жер бетiндегi тiршiлiкке өте қажеттi жағдай. Оттегi барлық организмдерге: бактериялар мен микроскопиялық балдырлардан бастап, адамдарға дейiн тыныс алуға өте қажет. Оттегiнiң көмегiмен шiру процесi жүредi, яғни органикалық заттардың биорганикалық заттарға айналу процесi. Атмосферада нелiктен оттегiнiң мөлшерi тұрақты? Өйткенi, жасыл өсiмдiктер оттегiнi жасап шығаратын және оны тұрақты толықтырып тұратын табиғи фабрика. Күн сәулесiнiң әсерiнен өсiмдiктер жапырағында көмiрқышқыл газы мен судан органикалық заттар түзiлiп, оттегi атмосфераға бөлiнiп шығады. Бұл процестi фотосинтез деп атайды, оның аудармасы «сәуледегi түзiлiс (синтез)». Табиғат процестерiнiң тепе-теңдiгiн түзедi: оттегiнiң пайдалануы және оның түзiлуi. Бұл тепе-теңдiктi бұзу өте қауiптi. Адамдардың қызметi, өкiнiшке орай, қауiптi салдарға әкеп соқтыруы мүмкiн. Көптеген машиналардың, ұшақтардың, кемелердiң жұмысы, фабрикалар мен заводтардағы отынның жануы ауада көмiрқышқыл газының мөлшерiн арттыруға әкеп соқтырды. Бұл бiздiң планетада климаттың жылынуына әкеп соқтырып, барлық тiрi организмдердi, соның iшiнде адамның тiршiлiк жағдайын бұзады. Тұрақты қосылыстардан басқа ауада, кездейсоқ тұрақсыз қосылыстар бар. Отынның жануы негiзiнде тек көмiрқышқыл газы емес, сонымен бiрге улы, күкiрттi газдар және басқа заттар түзiледi. Бұл қосылыстармен ластанған ауа адам және жануарлар денсаулығына зиянды әсер етедi, өсiмдiктер жойылады. Ауада шаң, қаракүйе — көмiр түйiршiктерi бар. Кейде қатты желдер мен дауылдар құмды, шаңды, майда қоңыр — қызыл балдырларды iлестiрiп, ауаға әкеледi. Бұл кездейсоқ қоспалар жаңбырмен бiрге жерге түседi. Мүндай жаңбырларды таңқалған адамдар «қанды», «сүттi» деп айтады және тiптi «балықты» жаңбыр болғаны белгiлi. Қазiргi уақытта барлық адамдарды ауаны өндiрiстiк қалдықтармен ластау өте қауiптендiредi. Сондықтан ауа құрамына бақылау жүргiзiледi және ауаны тазалаушы, ауаға кездейсоқ түсетiн газдарды және қатты заттарды ұстап тұрушы қондырғыларға өте жоғары талап қойылады. Ауа-заттар қоспасы. Ол тұрақты компонеттер: азот, оттегi, инерттi газдар, көмiрқышқыл газы және су буынан, сонымен бiрге кездейсоқ қоспалар: күкiрттi газ, угарлы газ, шаң-тозаң және т.б. тұрады. Оттегi тыныс алуға, жануға, шiрiту процесiне қолданылады және ауаға өсiмдiктер фотосинтездерi көмегiмен тұрақты бөлiнiп тұрады Скачать |