Асқорыту жолында қоректік заттардың сіңірілуі


Асқорыту жолында қоректік заттардың сіңірілуі

 

Сіңіру деп әр турлі заттардың Жасушалар қабаты мен Жасушааралық саңлаулар аркылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады, Сіңіру процесі дененің барлық ұлпаларында орын алады, дегенмен оны атқаруға құрылысы мен қызметіне байланысты ас қорыту жолының эпителийі жақсы бейімделген. Сіңіру процесін қамтамасыз етуде Жасуша мембранасы мен Жасушааралық заттар маңызды рөл атқарады. Қазіргі кездегі деректерге сәйкес қоректік заттарды сіңіру процесі үш түрлі жолмен атқарылады. Су, аммиак, түрлі дәрілер, бөгде заттар физика заңдылықтары (осмос, сүзілу (филыпрация), диффузия) негізінде сіңіріледі. Бұл құбылысқа Жасуша мембранасыңда мөлшері 4 ангстрем шамасында майда жасушалардың болуы мумкіндік береді. Қоректік заттардың біраз бөлігі пиноцитоз құбылысы нәтижесінде  сіңіріледі. Бұл жағдайда оларды жеке Жасушалар қарбып алып, одан әрі ішкі ортаға өткізеді. Пиноцитоз құбылысы әсіресе жаңа туған жас организмде кең орын алады. Осының нәтижесінде уыз құрамындағы жоғары молекулалы глобулиндер ішектің кілегейлі қабығынан еш өзгеріссіз табиғи күйінде өтеді. Ішектің кілегейлі қабығынан жұмыртқа мен сут кұрамындағы белоктар да өзгеріссіз өтеді.

Қоректік заттар негізінен иондық, концентрациялық градиентке карсы бағытта сіңіріледі. Демек, бұл Жасуша мембранасының белсенді қызметінің арқасында, арнаулы тасымалдағыш заттардың қатысуымен атқарылатын ырықсыз сіңіру жолы. Сіңіру кезіқце қоректік заттар молекуласы бірнеше мембраналық тосқауылдан өтеді. Олар – энтероциттің  ішек қуысына қараған апикальдық мембранасы, Жасушаның цитоплазмалық торының микротүтіктері, осы Жасушаның капиллярға қараған негіздік (базальдық) мембранасы және капиллярдың базальдық мембранасы. Бұл механизмге сәйкес алдымен қоректік заттар молекуласы энтероцит беткейінде арнаулы тасымалдаушы белокпен байланысады. Майлардың ыдырау өнімдері мембрана липидтерімен қосылады. Осыдан пайда болған қосылыстар кешені АТФ-пен жаңданып (активтеніп), мембрананың ішкі беткейіне ығысады да, онда арнаулы ферменттер әрекетіне ұшырап субстрат молекуласы тасымалдаушыдан ажырайды. Субстрат молекуласы цитоплазманың микротүтіктері арқылы Жасушаның базальдық мембранасына қарай жынжып, одан өтеді де, қан немесе лимфаға сіңіріледі. Ал, босанған тасымалдаушы Жасушаның апикальдық мембранасының беткейіне кері оралады да, баяндалған құбылыс  қайталанады.

Академик А.М.Уголев энтероциттщ апикальдық мембранасында бір-бірімен жанаса орналасқан ас қорыту ферменті мен тасымалдаушыдан құралған фермент-тасыналдаушы кешені болатыны жайлы болжам айтқан. Бұл теорияға сәйкес ыдырау өнімдері кеңістікте ша-шырамай бірден ферменттерден тасымалдаушыға беріледі. Сол себепті мембраналық ас қорыту барысында түзілген мономерлер ішекке дайын күйінде қүйылған мономерлерден шапшаң сіңеді. Мұндай  ырықсыз тасымалдау жолымен табиғи субстраттар — амин қышқылдары, моносахаридтер, пурин және  пиримидин негіздері сіңіріледі.

Ас қорыту жолының түрлі бөлімінің сіңіру қабілеті әр түрлі. Ауыз қуысында сіңіру процесі айтарлықтай жүрмейді, мүнда тек кейбір дәрілер ғана сіңеді. Қарында да сіңіру процесі онша қарқынды болмайды. Бұл жерде негізінен су, кейбір минералды заттар, глюкоза, спирт сіңеді. Қоректік заттардың ыдырау өнімдері күйіс малының алдыңғы қарнында қарқынды сіңіріледі. Алдыңғы карынның кілегейлі қабығы қан тамырларымен жақсы жабдықталған және оның беткейіндегі бүрлер, үялар, қартпалар сіңіру беткейінің ауданын әл- деқайда үлғайтады. Мес қарында ҮМҚ, аммиак, несепнәр, калий, хлор, фосфор иондары жақсы сіңіріледі. Қатпаршақта су мен ҮМҚ қарқынды сорылады. Қатпаршаққа өткен ҮМҚ-ның 70 пайызы осы бөлімде сіңіріледі.

Сіңіру процесі ұлтабар ұшында  да (жіңішке ішекте) онша қарқынды жүрмейді. Қоректік заттар негізінең аш және мықын ішекте сіңіріледі. Оған ішектің кілегейлі қабығының құрылым ерекшеліктері мен ащы ішекте денеге жеңіл сіңетін ыдырау өнімдерінің түзілуі мүмкіндік береді. Ішек бүрлері пішіні жағынан адамның саусағына ұқсас, оның биіктегі 0,2-1 мм шамасында. Кілегейлі қабықтың 1 мм2-де 20-40, ал 1 см2-де — 2500-ге дейін бүр болады. Адамда ішек бүрлерінің жалпы саны 4 млн. жетеді. Әр бүрдің беткейі бір қабат цилиңдрлі эпителиймен көмкеріледі де, оның ортаңғы жағында лимфа тамырлары (синус) орналасады. Эпителий мен синус аралығында майда қан тамырлары, нерв және  бірыңғай салалы ет талшықтары орналасады. Ас қорыту кезінде бүрлер оқтын-оқтын жиырыльгп, босаңсып отырады да, лимфа синусы мен тамырларда жинақталған заттарды сығып шығарып отырады. Бүрлердің қимылын мейснер өрімі мен вилликинин гормоны реттейді. Ішектің кілегей қабығындағы қыртыстар мен бүрлер оның сіңіру беткейін 20-25 есе үлкейтеді. Ішек бүрлерінің жалпы ауданы адамда 40 м2, сиырда — 17 м2, жылқы-да — 12 м2, итте — 0,52 м2-ге жетеді.

Ішектің әр бөлімінде қоректік заттардың сіңірілу қарқыны әр түрлі болады. Белоктар мен нуклепротеидтер аш ішек пен мықын ішекте қорытылып, сіңіріледі; көмірсулар, минералды заттар, дәрмеңдәрілер ұлтабар ұшы мен аш ішектің алдыңғы бөлімдеріңде, майлар аш ішектің ортаңғы бөліктерінде қорытылын, сіндріледі. Өт қышқылының тұздары мен натрий иондары мықын ішекге сіңіріледі.

Азотты заттардың ыдырау өнімдері ішектен негізінен амин қышқылдары, кей жағдайда майда молекулалы полипептидтер түрінде қанға сіңіріледі. Амин қышқылдарының сіңу жылдамдығы әр түрлі болады. Оның себебі тасымалдаушының бір түрі әр текті амин қышқылдарының тасымалдануын қамтамасыз етеді, осыдан жеке амин қышқылдары арасыңда бәсекелестік байқалады.

Көмірсулардың ыңырау өнімдері қанға глюкоза, фруктоза, галактоза түріңде сіңіріледі. Глюкоза мен фруктоза оңай фосфорланатын қасиеттеріне байланысты қанға шапшаң сіңеді. Аталған өнімдер ырықсыз (белсенді) тасымалдау нәтижесінде, ал басқа моносахаридтер – диффузия  арқылы сіңеді. Күйіс малында көмірсулардың ыдырау өнімдері қарында ҮМҚ, ал аш ішекге — моносахаридтер түрінде сіңеді.

Майлар — глицерин мен май қышқылдары, немесе май эмульсиясы түрінде сіңіріледі. Глицерин суда жақсы еритін болғаңцықтан оңай сіңіріледі. Май қышқылдары суда ерімейді, сондықтан олардың сіңуі үшін өт қышқылдары қажет. Орташа ұзындықты тізбектен құралған май қышқылдары (С12) өт қышқылдарының қатысуымен тікелей қанға сіңеді. Ұзынтізбекті май қышқылдары, моно-, диглецеридтер, холестерин өт қышқылымен қосылыс түзген соң тасымалдаушылар әрекетінің арқасында эпителиоциттерге өтеді. Бейтарап майлар да мембрана арқылы эпителиоциттерге сіңеді. Бұл Жасушаларда үш глицеридтер қайта түзіліп, май тамшылары липопротеиті қабыкпен қапталады да, хиломикрон түзіледі. Хиломикрон құрамында 87 % үшглицеридтер, 7 % фосфаттар, 1 % белок, 5 % холестерин болады. Хило-микрондар лимфаға сіңеді.

Су ас қорыту жолының барлық бөлімінде сіңіріледі, бірақ оның сіңірілу қарқыны аш ішекте қарынмен салыстырғанда 10 есе артық болады. Судың сіңірілу қарқыны ерітіндінің осмостық қысымына байланысты. Гипертониялық ерітінділерден су сіңірілмейді, керісінше су қаннан химусқа өтіп, ерітіндінің концетарациясы төмеңдейді. Осыдан кейін ғана сіңірілу процесі басталады. Изотониялық ерітінділерден судың сіңірілу қарқыны ондағы еріген заттардың сорылу жылдамдығына тәуелді. Гипотониялық ерітіңділерден су жылдамырақ сіңіріледі. Сіңірілу процесінің барысында иондар арасыңда бәсекелестік байқалады. Калий иондарының артық мөлшері кальцийдің сіңірілуін бөгейді, ал кальций май және  ет қышқылдарымен қосылыс түрінде тәуір сорылады. Темір, мыс, мырыш, йод, кобальт, бром және  т.б. микроэлементтер бейорганикалық және  органикалық қосылыстар түрінде сіңіріледі.

Ащы ішекке сөл құрамында бөлінген су толығымен кері сорылады. Демек, ас қорыту жолының бұл бөлімінде судың алмасуы өте қарқынды жүреді. Мысалы, адам ішегінен тәулігіне 10 л дейін (кейбір жағдайда 15-20 л) су сіңіріледі, оның 5-8 л ішек қуысына сөл құрамыңца, ал қалғаны қорекпен келген су болып табылады. Сиырдың ащы ішегінен тәулігіне 150-180 л су өтеді, оның тек 10 пайызы ғана нәжіс құрамында бөлінеді.

Тоқ ішекте сіңіру процесі аяқталады. Ас қорыту жолының бұл белімінде су, ҮМҚ, моносахаридтер, амин қышқылдары, аммиак, т.б. заттар сіңіріледі.

Ішек қабырғасындағы екі қабат ет талшықтары (бойлама және сақина еттер) ішектің күрделі қимылдарын қамтамасыз етеді. Ішек қимылдары химустың ас қорыту сөлдерімен араласуына, ішек бойымен жылжуына, біршама шайқалып майдалануына мүмкіндік береді. Ішек қимылының келесі түрлерін ажыратуға болады толқынды (перисталтикалдық), тербелмелі (маятник тәрізді), ырғақты сегменттеу және қарсы толқынды қимылдар.

Ішектің тербелмелі қимылдары сақина және  бойлама ет қабатта-рынын, жиырылуымен атқарылады. Алдымен ішектің екі жерінде сақина еттер жиырылады да, пайда болған бунақта бойлама еттер жиырылып — босаңсып, маятник қозгалысына ұқсас қимыл атқарылады. Бойлама ет жиырылғанда ішек сегменті қысқарып жуандайды, ал ол босаңсығанда — ұзарып, жіңішкереді. Осының нәтижесінде химус ілтері-кейін шайқалып, жақсы араласады.

Ырғақты сегменттелу қимылы сақина еттердің жиырылып — босаңсуы нәтижесінде атқарылады, Ішектің ұзына бойына әрбір 6-8 см аралықта сақина еттер жиырылып, бунақтар пайда болады. Бірнеше секундтан кейін бұл жердін еттері босаңсып, жиырылу басқа жерде басталады. Сонымен, ішек мезгіл-мезгіл сегменттерге бөлініп, химус ұнтақтала түседіде, майдаланады.

Толқынды қимыл ішектің алдыңғы бөлігінің сақина еттерінің жиырылуымен басталады. Осы сәтте ішектің артқы бөлігінің еттері босаңсып кеңиді де, химус солай қарай сығылады. Одан әрі сакина еттердің жиырылуы ішек бойымен толқын тәрізді таралып, химус тоқ ішекке қарай секундына 1-2 см жылдамдыкпен жылжиды. Бұл толқынды қимыл белгілі бір ырғақпен қайталанып огырады.

Тоқ ішекте жоғарыда баяндалған қимылдармен қатар қарсы толқынды (антиперисталтикалық) қимылдар байқалады. Бұл қимыл ішектің соңғы бөлігінен химусты оның алдыңғы  



Скачать