Астың қарында қорытылуы


Астың қарында қорытылуы

 

Қарында қабылданған қорек механикалық және химиялық өңңеуден өтеді, ісініп бөрітеді, сұйылып ериді, сілекей мен қарын сөлінің әсерінен ыдырай (қорытыла) бастайды. Қарында қышқылдық орта қалыптасады да, қоректік заттар ыдыраудың тек алғашқы сатыларынан өтеді. Бірақ химиялық процестердің үстірттігіне қарамай, қарыңдағы  өңдеу деңгейінің қоректің дұрыс  қорытылын, сіңуі үшін рөлі өте зор. Қарыңдағы әрекетшіл орта қарын сөлінің құрамында түз қышқылының болуына байланысты қалыптасады. Тұз қышқылының қарындағы ас қорытуда маңызы зор. Ол бұйығы ферменг пепсиногенді белсенді фермент пепсинге айналдырады; белоктарды ісшдіріп, олардың құрылысы н бүзады да (денатурация), қорьпылуын жеңілдетеді; гастриннің бөлінуін тежеп, секретиннің бөлінуін күшейтеді; қарын сөліне бактерицидтік қасиет береді; пилорус рефлексін реттейді.

Қарын сөлінің құрамында белоктар мен майларды ыдырататын ферменттер болады. Бұл ферменттердің әсерімен белоктар өздерінің аралық өнімдері — альбумозалар мен пептондарға, ал майлар — глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. Қарын сөлінің құрамында көмірсуларды ыдырататын ферменттер болмайды.

Қарын қабырғасы сірлі, етті және кілегейлі қабықтардан құралған. Өз кезегінде етті қабық үш қабаттан — бойлама, сақинаша және қиғаш еттерден түзілген. Кілегейлі қабықтың құрылымдық  және функционалдық ерекшеліктері бар аумақтарын қарынның секрециялық аймақтары деп атайды. Олар кардиалық, фундалдық (қарын түбі) және пилорустық болып бөлінеді. Бұл аймақтарда орналасқан бездер өзектері қарын кіріккілеріне (крипты) — эпителий ойыстарына ашылады. Қарын бездері үш түрлі Жасушалардан — қосымша, негізгі және көмкерме, — түзіледі. Қосымша Жасушалар қарынның кардиалық және пилорус аймақтарында орналасады, шырыш бөледі. Негізгі Жасушалар — қарын түбі мен пилорус аймақтарында орналасады да, пенсиноген мен реннин ферменттерін бөледі. Ал, көмкерме Жасушалар қарын түбінде ғана болады да, тұз қышқылын бөледі. Сонымен, қарынның кардиалық аймағыңда шырыш, фундалдық аймағында ферменттер мен тұз қышқылы, ал пилорус аймағында — ферменттер мен шырыш бөлінеді. Қарын мөлшері дененің бітіміне, қоректену ерекшеліктеріне байланысты. 10-12 жасар балалар қарынының сыйымдылығы 1,5 л, ересек адамдар қарынының сыйымдылығы тіпті 5—10 л дейін жетеді.

Қарын сөлі деп қарын бездері мен қарынның кілегей қабығының жабынды эпителийінің әрекеті нәтижесінде бөлінетін өнімдерді айтады. Қарын сөлі түссіз, иіссіз, қышқыл реакциялы сұйық . Оның қышқылдық реакциясы құрамында тұз қышқылының, органикалық қышқылдардың және қышқылдық реакциялары бар басқа да қосылыстардың болуына байланысты.

Қарын сөлі құрамында белоктар, полипептидтер, мукопротеидтер, несепнәр, зәр қышқылы, амин қышқылдары, ферменттер (пепсин, гастриксин, химозин, желатиназа, липаза), шырыш және натрий, калий, магний, НСО3, НРО4, түрінде анорганикалық заттар болады.

Пепсин қарындағы ортаның рН-ы — 1,5-2,0, ал гастриксин — 3,2 -3,5 деңгейінде болғанда әсер етеді Бұл ферменттер белоктарды кіші молекулалы пептидтерге (альбумозалар мен пептондарға) ыдыратады, желатиназа — дәнекер ұлпа  белогы желатинді ыдыратады, химозин казеиногенді казеинге айналдырып, сүтті ірімтіктейді. Липазаның әсерімен майлар глицерин мен май қышқылына ыдырайды.

Қарын сөлі құрамыңдағы шырыш қарынның кілегей қабығын әр түрлі механикалық, химиялық зақымданудан сақтайды, қарын қабырғасын сөл құрамы ндағы ферменттердің әсерімен өздігінен қорытылып кетуден қорғаңды.

Аш қарын жағдайында тек шырыш пен пилорус сөлі бөлінеді. Ал, қарын түбінің сөлі тек тамақтану (азықтану) үстінде арнаулы қоздырғыш заттардың әсерімен бөлінеді. Қарын бездерінің сөл бөлу қабілеті қорек сипатына бейімделе өзтеріп отырады.

Қарын бездерінің қызметі күрделі рефлекс арқылы және нейро-гуморальдық жолмен реттеледі. Бұл екі механизм әсерінің өте айқын байқалатыны соншалықты, қарын сөлінің бөлінуінде екі кезең анық жіктеледі.

Бірінші — күрделі рефлекстік кезең қабылданған қоректің ауыз қуысының сезімтал нерв ұштары мен түрлі талдағыштарға (анализаторларға) әсер етуінің салдарынан туындайды. Қабылданған қорек ауыз қуысындағы рецепторларды тітіркендіріп, пайда болған қозу толқыны орталыққа тепкіш сезімтал нервтермен сопақша мидағы қарын сөлінің бөлінуін реттейтің орталыққа беріледі. Орталықтан тітіркеніс қарын бездеріне кезеген нервпен бағытталады.

Қарын сөлі түрлі шартты тітіркендіргіштер (иіс, бейне, дыбыс сигналдары) әсерінен де бөлінеді, Бұл процесс үлкен ми жарты шарларындағы ас қорыту орталығының ықпалымен жүреді. Демек, сөл бөлуде шартсыз рефлекстерге шартты рефлекстер қабаттасады. Осы себепті сөл бөлудің бірінші кезеңін күрделі рефлекстік кезең деп атайды. Түрлі шартты сигналдардың әсерінен бөлінген сөлді И. П. Павлов тәбеттік сөл деп атаған.

Сөл бөлудің екінші кезеңі механикалық (қарынның керілуі) және химиялық (ас қорыту барысында пайда болған өнімдердің — альбумозалар, пептондар, әр  түрлі сығыңды заттардың, қарынның кілегей қабығында түзілетін гистамин, гастрин сияқты заттардың) тітіркендіргіш әсерлерінен жүреді. Аталған химиялық заттар қарын бездеріне тікелей әсер етпей, сөлдің бөлінуін нерв ұштарын тітіркендіру арқылы реттейді. Осы себепті сөл бөлудің бұл кезеңін нейрогуморальды кезең деп атайды.

Қарын сөлінің бөлінуін гастрин, энтерогастрин және гистамин күшейтеді, ал гастрон, энтерогастрон — бәсендетеді.

Адам тәулігіне 1,5-2 л қарын сөлін бөледі.

Қарын қабырғасының жынды араластыруға, ішекке қарай жылжытып, қарыннан ішекке өтуіне (эвакуация) мүмкіндік беретін жиыруларының жиынтығын қарын қимылы (моторика) деп атайды. Ол қарын қабырғасының етті қабығының әрекеттершің нәтижесінде  атқарылады.

Аш қарын жағдайында карын қабырғасының етті қабаты ширығу (тонус) жағдайында болады. Аштық ұзаққа созылган жағдайда әрбір 60-90 минут сайын 20-40 минут бойына қарын оқтын-оқтын жиырылып отырады. (Аштық мезгіл). Осы жиырылулар гуморальдық факторлармен қабаттасыл аштық түйсігін күшейтеді, қорек қабылданғанға дейін мезгіл-мезгіл қайталанып отырады. Тамақ қабылдау басталысымен қарын босаңсиды, 20-40 минуттан кейін оның жиырылуы қарын кіреберісіңде (антральдык, бөлікте) күшейеді.

Қарын қабырғасыңда әр түрлі ет қабаттарының әрекеттерімен байланысты бірнеше қимыл түрлері байқалады. Олар — ширықпа (тонустық), толқынды (перисталтикалық) және систолалық жиырылулар.

Толқынды қимыл дара (бір фазалы) майда амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын жиырылу. Ол етті қабықтың сакинаша қабатының әр екетінен туындайды. Әрбір жиырылу толқыны 5-20 секундқа созылады.

Ширықпа қимыл етті қабықтың бойлама және қиғаш ет қабаттарының толқын тәрізді жиырылуынан туындайды. Ширықпа жиырылу толқындары күштірек, ұзағырақ, минутына 2-4 рет қайталанады. Әрбір толқын 15-30 секундқа созылады. Бұл қимыл қарын қуысыңдағы қысымды жоғарылатып, жынның қарын сөлімен араласуын камтамасыз етеді.

Систолалық жиырылу қарын кіреберісінен басталып 60 секунд бойына созылады. Ол қарын қуысындағы қысым жоғарылаған кезде басталып, жынның белгілі бір бөлігін ішекке өткізеді. Қарынның бірыңғай салалы еттерінің қызметі қабырғалық (интрамуральдық) және  сыртқы (экстрамуральдық) тетіктермен реттелінеді. Қабырғалық реттеу тетігі Ауэрбах (етті қабатта орналасқан) және  Мейснер (кілегей асты қабатта орналасқан) нерв өрімдерінен құралады. Осы өрімдер қарын қабырғасының өздігінен (автоматты түрде) жиырылуын қамтамасыз етеді.

Экстрамуральдық реттеу тетігін парасимпатикалық және симпатикалық нервтер қалыптастырады. Қарын мен ұлтабар ұшынан орталыққа (сопақша және ортаңғы миға) тітіркеніс кезеген нерв пен құрсақтың симпатикалық нерві арқылы беріледі. Кезеген нерв қарын қимылын күшейтеді, симпатикалық нерв — бәсеңдетеді. Қарын қимылын гастрин, гистамин, холин, ацетилхолин, калий иондары жандандырады, ал адреналин, норадреналин, энтерогастрон, кальций иондары — әлсіретеді.

Құрамы  мен сұйылу деңгейіне (консистенциясына) байланысты қабылданған қорек қарында 4-10 сағатқа бөгеледі көмірсуларға бай тамақ (азық) ішекке жылдамырақ өтсе, белоктар одан баяуырақ, ал майлар өте баяу өтеді. Жақсы ұнтақталған, сүйылған жын ірі түйіртпектермен салыстырғанда қарыңда азырақ бөгеледі.

Қарыннан ішекке жын бөлек-бөлек үлеспен (порциямен) өтеді. Бұл пилорус қысқышының ашылып-жабылуының (пилорус рефлексінің) мезгіл-мезгіл туындауымен байланысты. Қышқыл қарын сөлін сіңірген жын пилорус аймағына өткенде сезімтал нерв ұштары тітіркеніп, рефлекс түрінде қысқыш ашылады да, жынның белгілі үлесі ішекке өтеді. Енді осы қышқыл жын ұлтабар үшының рецепторларын тітіркендіріп, пилорус қысқышын жабады. Ішекке өткен қышқыл жын бейтараптан болғанға дейін, қысқыш жабық күйде қалады. Осыдан кейін бұл процесс аталған ретпен қайта қайталанады. Пилорус қышқышы майдың әсерінен де жабылады, сондықтан майлы тамақ қарында ұзақ  бөгеледі.

 


Скачать