Ассимиляция және диссимиляция үрдістері
Ассимиляция және диссимиляция үрдістеріЗат алмасу (метаболизм) бір-бірімен тыгыз байланысты ассимиляция және диссимиляция процестерінің жиынтығы. Ассимиляця — зат алмасу процесінің қоректік заттарды қабылдаумен, оларды дененің құрылымына — тірі материяға (жасуша цитоплазмасына, организм қорына) айналдырумен байланысты бөлімі. Ол бірнеше сатыда аткарылады 1) сыртқы ортадан организмге қажет заттарды қабылдау; 2) қабылданған заттарды организм ұлпалары мен жасушалары сіңіре алатын қосылысқа айналдыру; 3) жасуша құрылымын , биологиялык, белсенді заттарды түзу, ескірген құрылымдарды алмастыру, жаңарту; 4) қарапайым заттардан күрделі қосылыстар түзу; 5) денеде қор жинау. Демек, ассимиляция анаболизмге ұқсас түсінік, бірақ ол жасушадан тыс жүретін процестерді (қорек қабылдау, денеде қор жинақтау т.б.) қамтиды. Анаболизм — ұлпалар мен жасушалардың қоректік заттарды сіңіріп, организмге тән дене құрамын, тіршілік әрекеттері үшін қажетті қосылыстарды түзуді қамтамасыз етегін физиологиялық-биохимиялық процестер жиынтығы, Бұл процестер бос энергияны пайдалану, шығындау нәтижесінде атқарылады. Демек, анаболизм — эндоэнергиялық процесс. Анаболизм ассимиляциямен салыстырганда тар ұғым. Биологиялық мәні жағынан анаболизм қарапайым алғы заттардан ферменттік жолмен жасушаға тән күрделі қосылыстардың-құрамалардың (полисахаридтердің, нуклеин қышқылдарының, белоктардың, майлардың) түзілуі. Демек, ол өр түрлі сөрелерден басталып, белгілі бір межеде, белгілі бір өнім түзумен аяқталады. Бұл процестер нәтижесіңде жасуша өсіп, оның құрылымы күрделенеді. Диссимиляция — зат алмасу процесінің тірі материяны ыдыратумен, бұзумен байланысты бөлімі. Диссимиляция да бірнеше сатыда өтеді 1) организм қорын жұмылдыру (мобилизациялау); 2) күрделі қосылыстарды қарапайым заттарға ыдырату; 3) ұлпа мен жасушаның ескірген құрамаларын ыдырату, бүзу; 4) қуатты заттарды ыдыратып, энергия бөлу; 5) организмнен алмасу (ыдырау) өнімдерін бөліп шығару. Диссимиляция катаболизм процесін қамтиды. Катаболизм нәтижесінде жасушалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды. Бұл энергияны организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау, атқару, өніл-өсу үшін жұмсайды және түрлендіреді -энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік, жылу энергияларына) айналдырады. Катаболизм белгілі бір сөреден басталып (нақтылы бір қосылыстың — белоктың, көмірсудың, майдың ыдырауынан басталыл), әр түрлі межеде — әр түрлі өнім түзумен аяқталады. Ассимиляция мен диссимиляция — етіз, бір-бірімен тығыз байла-нысты лроцестер. Олар бірінсіз бірі атқарылмайды. Ассимиляция болмаса диссимиляция жүрмейді, диссимиляция жүрмесе — ассими-ляция тоқтайды. Скачать |