Аралшық без (Ұйқы безі)
Аралшық без (Ұйқы безі)Ұйқы безі әрі эндокриндік, әрі секреторлық қызмет атқарады. Ішкі секрециялық қызметті Лангерганс аралшықтары атқарады. Аралшықтар альфа-, бета және дельта торшалардан құралады. Альфа-торшалар глюкагон гормонын, бета-торшалар — инсулин гормонын, ал делъта-торшалар — соматостатин гормонын бөледі Инсулин гормонын алғаш рет канада ғалымдары Бантинг және Бест анықтаған. Инсулин торша мембранасының глюкозаға деген өтімділігін жоғарылатады, глюкозаның торшаға өтуін жандандырады, гликогеннің түзілуін күшейтіп, оның бауырда ыдырауын бәсеңдетеді, май қышқылдарының тотығуын, кетонды денелердің түзілуін тежейді майдың қорға жиналуын жақсартады, белок биосинтезін арттырады. Бета-торшалар қызметі күшейіп, инсулин көп бөлінсе қан құрамында глюкозаның мөлшері азаяды. Гипогликемия жағдайында тыныс жиілеп, ОНЖ-ның қозғыш тығы жоғарылайды, дене дірілдеп, оны тер басады, бұлшық ет босаңсып, температура төмендейді, инсулиндік немесе гапогликемиялық шок (талықсу) байқалады. Инсулин жетіспеген жағдайда гипергликемия, глюкозурия орын алып, қан құрамында кетоңды заттар мөлшері артады, организм диабет ауруына шалдығады. Диабет ауруы зәрдің көп бөлінуімен (полиурия), судың көп ішілуімен (сусамыр — полидипсия) сипатталады. Глюкагон — инсулиннің антагонисі. Ол гликогеннің глюкозаға айналуын шапшаңдататын фосфорилаза ферментін белсендіріп, қандағы глюкоза мөлшерін көбейтеді, май қышқылдарының тотығуын жандандырып, кетонды заттардың түзілуін күшейтеді, май ұлпаларынан глицерин мен май қышқылдарының босануын шапшаңдатады. Глюкагонның бір түрі ащы ішектің эндокриндік бездерінде де түзіледі. Ол аралшық без глюкагонынан құрылысы мен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұл гормон ішек қуысындағы глюкозаның әсерімен бөлінеді де, қанға сіңгеннен кейін инсулиннің бөлінуін күшейтеді. Соматостатин гормоны тек түзілген жеріңде ғана әсер етеді, оған паракриңдік эффект тән. Бұл гормон инсулин мен глюкозагонның бөлінуін тежейді. Ұйқы безінің майда өзектерінің эпителиалдық торшаларында липокаин гормоны түзіледі. Дипокаин фосфолипидтердің-лецитиннің түзілуін жаңдандырады, май қышқылдарының тотығуын жылдамдатады, май қорының шығынын күшейтеді, көмірсулардың майға айналуын тежеп, бауыр торшаларын шырланудан сақтайды. Ұйқы безі сығындысынан калликреин (падутин), ваготонин, центропнеин деген заттар да бөлінген. Калликреин артериолалар мен капиллярларды кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді. Ваготонин парасимпатикалық нервтер тонусын жоғарылатады, эритроциттердің түзілуін жандандырады. Центропнеин тыныс орталығын қоздырып, бронхыларды кеңейтеді, оттегінің қанмен тасымалдануын жақсартады. Скачать |