Антропогенді фактор
Антропогенді факторАдам табиғаттың жаратқаны. Дамудың ерте кезеңiнде қоғам мен табиғаттың өзара әсерi заттардың биологиялық алмасуына негiзделедi. Адам басқа организмдер секiлдi табиғат заңдылықтарына бағынды, оның қоршаған ортаға тәуелдiлiгi өте жоғары болды, ал адамның оған әсерi бiлiнбедi. Кейiнiрек, еңбек қызметiнiң күрделенуiне байланысты, ол бұл тәуелдiлiктен босап, табиғатқа өзiнiң әсерiн өсiрдi. Заттардың биологиялық алмасуына негiзделген қоғам мен табиғаттың өзара әсерi әлеуметтiк алмасумен (антропогендi) ауысты. Қазiргi түсiнiктер бойынша антропогендi зат алмасу — табиғаттан алынған заттар мен энергия арқылы қоғам өмiрiн қамтамасыз етудiң күрделi процесi, алмасу жүйесi өндiрiске табиғи ресурстарды ендiру, оларды энергиямен пайдалана отырып өңдеу және өңделген заттарды қоршаған ортаға шығару (өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтар мен заттар) кезеңдерiнен тұрады. Бұл процесс сызықты, тұйық және соңғы сипатта, өйткенi қалдықтар мен ескiрген бұйымдар өндiрiске жаңа шикiзат ретiнде қолданылмайды, және қоршаған табиғи ортаның ластану көзiне айналады. Биосферадағы зат алмасу басқа принциптерге негiзделген. Бiр тiрi организмдер метаболизмiнiң кез келген өнiмiн (қалдығы) басқалар (шикiзат ретiнде) қорек түрiнде пайдаланады. Биосферада өңделмейтiн қалдықтар қалмайды. Сондықтан қозғалудың жиынтықты процесi тұйық, циклды, яғни теориялық шексiз сипатта. Антропогендi алмасудағы табиғи ресурстарды пайдаланудың коэффициентi өте төмен, және мәлiметтер бойынша — 5-10 %, ал басқа мәлiметтер бойынша — 2-5 % ғана. Қалған 90-98% — i адамзат үшiн қайтымсыз жоғалады. Сонымен, заттардың антропогендi зат алмасуы экологиялық жағынан жетiлмеген. Бiрақ оның маңызы артуда, ол үлкен өндiрiстiк орталықтарда негiзгi болып отыр. Белсендi айналымы биосфераға таныс емес синтетикалық материалдар, улыхимикаттар, химиялық тыңайтқыштар және тағы басқа енгiзiлдi. Адамның табиғатқа әсерi әлемдiк масштабты алып жатыр. Биосферадағы биогеохимиялық және технохимиялық агенттер мөлшерiн салыстырайық (т/жыл). Биохимиялық. Құрлық биомассасы – 3*1012-1*1013 Құрлықтағы фотосинтез өнiмi — 1010-1011 Құрлықтағы күлдi органогендер салмағы — 108-109 өзен ағыны: ерiген заттар — 3-10, қалқыған заттар — 1,6*10 Технохимиялық. Минералды тыңайтқыштар — 3*108 өндiрiстiк шаң – 0,25*109 қалдықтар, кiр-лоқыстар — 20*109 өндiрiлетiн рудалы жыныстар — 5*109 өндiрiстiк және қалалық қалдық сулар, м3/жыл — 55*1011 дейiн аэрозолдар мен газдық қалдықтары 2*109-дейiн. Көрiп тұрғанымыздай, бұл көрсеткiштер ұқсас. Биохимиялық алмасудағы бұзылыстардың планеталық сипаты екi биофильдi элементтер мысалында — биосферада маңызды орын алатын оттегi мен көмiртегi мысалында көрiнедi. Құрлық өсiмдiктерi жыл сайын көмiртегiнiң 10-нан 100 млрд. тоннасына дейiн ассимиляциялайды. Атмосфераны көмiртегiнiң қостотығымен антропогендi толықтыруы қазба отынның металургиялық және химиялық өндiрiсте, электроэнергетикада жандырғанда, орман ауданын қысқарту нәтижесiнде, егiндiк қабаттағы гумусты тотықтырғанда және тағы басқаларда жүредi. Қазiргi кезде көмiртегiнiң қостотығының антропогендi шығуы өсiмдiктер және жануарлар тыныс алғанда, шiрiгенде және табиғи тотығу процестерiнде бұл заттың жасалуынан 200-250 есе артып кетедi. Соңғы 100 жылда атмосферадағы көмiртегi қостотығының жалпы концентрациясы 12-15%-ке артты. Бұл қауiптi, өйткенi атмосферада оның шамадан тыс жиналуы керi зардаптары бар планетаның жылуына әкеп соқтырады ( жылу эффектiсi деп аталады). Атмосферада оттегi және озон мөлшерiнiң төмендеу болжамы да қауiп төндiредi, оларды оттегiнiң жануына, азот, күкiрт, көмiрсутек, сутегi және басқаларының тотығуына жұмсалуы артады. Қазiргi уақытта отынның барлық түрiнiң, қалдықтардың жануына, металургиялық және химиялық өнiмдi алуға жыл сайын 20 –10 т-ға дейiн оттегi қолданады. Жердегi фотосинтездеушi өсiмдiктердiң өнiмi оттегiнiң (120-190)*10 тжыл тең. Сонымен оттегiнiң антропогендi жұмсалуы оның жыл сайынғы биогендi түзiлiсiнiң 16 %-iне дейiн құрайды. Оның бiр бөлiгi табиғи процестерде континентальдi және теңiз тұнбаларына кететiн карбонаттар мен органикалық заттарға бiрiгедi. Бұл оларды айналымнан жүз, мың, тiптi миллион жылға босатады. Шаруашылық қызметi барысында тұнба түзiлу процесiнiң артуы оттегi шығымын арттырады. Минералдар мен тау жыныстарының желденуiнде, қарқынды батпақтүзiлуi, оксидтер гидротациясында көп оттегi жұмсалады. Ғалымдар айтуы бойынша, биосферада оттегi көлемiнiң азаюына байланысты оның өсiмдiк фотосинтезi нәтижесiнде түзiлуiн белсендету қажет, ол үшiн жасыл өсiмдiктердi жаппай өсiру қажет Адамның әртүрлi шаруашылық қызметтерi нәтижесiнде табиғи ресурстар жағдайына жанама керi зардаптар түзiледi. Егiн шаруашылығында ауылшаруашылық өндiрiсiне жарамды барлық топырақтың 70% пайдаланылады. Әртүрлi ауылшаруашылық құралдарын пайдалана отырып, адам құнарлы қабатты майдалап, босатады, ол қабат ағын суымен ағып, суқоймаларын әртүрлi химиялық элементтерi және жануар организмдерi бар массасымен толтырады. Қатты желдер мен борандар оның бөлшектерiн ұшырып, атмосфералық ауаны ластайды. Бұл табиғи құбылыстар нәтижесiнде (ағын су, желдер, борандар) планетада үлкен масштабта сулы және желдi эрозия түзiледi, ал дұрыс суғарылмаса –ирригациялық эрозия түзiледi. Жерлердi егiншiлiкке пайдалануды арттыру бұрын қалыптасқан флора және фауна бiрлестiктерiн өзгертедi: өсiмдiктер жойылады, кейбiр жануарлар миграцияланады, кейбiреуi трактор, машина дөңгелегi астында өледi, улыхимикаттар әсерiнен де өледi. Адамдардың жануар белогына қажетi жылдан-жылға артуда, сондықтан қарқынды малшаруашылығы артуда, үй жануарлары мен құстарының барлық түрлерiнiң саны өсуде. Бiрақ үй жануарлары тұяқтарымен топырақты таптап, өсiмдiктер мен жануарлардың түрлiк құрамына әсер етедi, жайылымдарды деградацияға ұшыратып, жабайы шөпқоректi жануарларды ығыстырады және тағы басқа. Өндiрiс атмосфераны, жер бетiн және гидросфераны ластайды, қазбалар қорын азайтады және тағы басқа. Байланыс линиялары, әсiресе телефон және электрлiк ауалық, ұшатын құстардың өлуiне себеп болады, олар тiрi организмдерге керi әсерiн тигiзедi. Транспорт жануарлардың әртүрлi түрлерiн және насекомдарды бұрын болмаған жерлерге ауысуына себебiн тигiзедi. Мысалы, кеме шаруашылығының дамуына байланысты, сұр тышқандар барлық континентте пайда болды. Америкадан Европаға Колорад қоңызы, Колифорния қалқаны келдi. Өндiрiстiк дамыған елдерде транспорт бөлiгiне атмосфералық ауаның ластануының 40-тан 60 %-iне дейiн келедi, оның негiзгi себебi автомобильдер болып табылады. Автомобильдi монополиялар басқарған жеке машиналарға бағдарлау өмiрге барлық зардаптары бар «тотальдi автомобилизацияны» тудырды: ресурстарға (негiзiнен отынды), ортаға, «транспортты коллапс» — тан тұншыққан үлкен қалалар өмiрiне «қысым». Урбанизация көптеген мәселелердi тудырады, олар негiзiнен экологиялық мәселелер. Антикалық және ортағасырлық дәуiрде үлкен қалалар клоакаға ұқсас болды: олар кiр ласқа батып тұрды, үйдiң есiктерi мен терезелерiнен күн сайын кiр қоқыстар төгiлдi. Кiр- қоқыстың көптiгiнен тышқандар және басқа паразиттер көбейе бастады. Сондықтан қалалар бүкiл мемлекет халқының жартысынан көбiн жойған эпидемия көзi болды. Бiрақ, егер өткен дәуiрде планета халқының 10% — i қалада тұрса, ал қалдықтары табиғи өнiмдер болса, онда қазiр қалаларда адамзаттың жартысы тұрады, ал қазiргi индустрия атмосфераны, суды және топырақты өте көп қалдықтармен тұрақты техногендi заттармен толтырады. Техникалық цивилизацияның жаңа “көрiнбейтiн” қалдықтары пайда болды — әртүрлi жиектер мен толқындар, вибрациялар, радиоактивтi ластану. Сонымен, қалалар қоршаған ортаның барлық ластануының фокусы болды, олардың әсерi жан-жақтағы территорияларға таралуда. Мысалы, егер АҚШ-тың қалаларының тiкелей әсерi мемлекеттiң ауданының 1%-iнде көрiнсе, халықтың 70 % — не байқалса, онда жанама (техногендi ортаның табиғи ландшафтар өтуiмен өзгертуi) — территорияның 35%-не және халықтың 15-20 % -не әсер етедi. XX ғасырдың басына дейiн бiздiң ата-тегiмiздiң табиғатын адам пайдалануының қолайсыз зардаптарынан табиғи ресурстардың молдығы мен әртүрлiлiгi, халық санының аз болуы және өндiрiстiк дамудың төменгi деңгейi ғана құтқарған. Бүгiнгi күнi Жер бетiнде тiршiлiкке жарамды барлық аудандар халыққа толы, ал индустриализацияның керi зардаптары биосферада да, оның құрамдас жеке бөлiктерiнде де көрiнедi. Сонымен қатар барлық табиғи құбылыстар мен процестердiң өзара байланысы мен динамикасы, және олардың эпизодикалық тұрақсыздығы ортаның сыртқы әсерлерге ерекше сезгiштiгiн түсiндiредi. Сондықтан бұл әсерлердiң аз мөлшерi де қолайсыз өзгерiстер тудырады. Сараңдық, бәсекелестiк, басқа тiрi мақұлықтардан қорқу, мейiрiмсiздiк, қоршаған ортамен өзiнiң байланысын түсiнбеу және өзiне сену — көптеген ғасырлар бойы адамдар мен табиғат арасындағы қатынастарды реттеген “бағалылар”. Табиғатты пайдаланудағы қателiктер, әскери және басқа да ұрыс – жанжалдар — бұл адамның табиғаттан алатын салығы. Бiрақ ол адамдар мен мемлекет арасындағы антагонизмге бұдан да көп салық төлейдi. Бiр минуттық “қолайлылық” үшiн, әскерге өте көп қаржы жұмсау қажеттiлiгiнен, саудадағы дискриминация және басқаларға орай дүниежүзiнiң көптеген мәлiметтерi табиғатты қорғау жұмыстарын жүргiзудi кейiнге қалдыруда. Ғылыми — техникалық революция бұл дисгармонияны бiрнеше мәрте арттырды. Сонымен бiрге халықтың әрбiр әлеуметтiк тобы, мемлекеттiң әрбiр әлеуметтiк – саяси түрi өзiне қолайлы табиғатты пайдалану идеологиясын жасауға тырысады. Скачать |