Антивитаминдер
АнтивитаминдерАнтивитаминдер химиялық құрылымы жағынан витаминдерге ұқсас, ал физиологиялық әсері жағынан витаминдерге қарама-қарсы заттар (2-кесте). Антивитаминдер ферменттердің құрамындағы витаминдердің орнына кофермент ретінде орналасып, ферменттердің активтілігін жояды, соның әсерінен авитаминоз пайда болады. Мысалы: никотин қышқылының аналогтары – антивитаминдер (2-кесте) аденил қышқылымен қосылып жалған коферменттер НАД+ (никотинамидадениндинуклеотид) түзіп, НАД – тәуелді оксидоредуктазалардың ферменттік активтілігін жояды. Антивитаминдердің тағы бір мысалы бола алатыны авидин-жұмыртқа белогы. Авидин Н (биотин) витаминімен биологиялық активтілігі жойылған кешен түзіп, бұл витаминнің зат алмасу қызметіне қатынасуына кедергі жасайды. Көптеген витаминдердің табиғи антивитаминдері бар. Бірқатар витаминдердің антивитаминдері синтезделген. Себебі, әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштары – бактериялар, вирустар және ісік клеткалары – витаминдердің жетіспеуіне өте сезімтал болады, сондықтан кейбір антивитаминдер ем ретінде қолданылады. ПАБҚ фоль қышқылының құрамына кіреді, ал оның антивитамині – ақ – стрептоцид – ПАБҚ-ның фоль қышқылымен қосылуын қиындатады. Фоль қышқылы нуклеин қышқылдары синтезіне қатысады, ал, ақ стрептоцид микробтар синтезін тоқтатады. Олардың құрылымдық формулалары төмендегідей:
Скачать |