Ішкі секрециялық бездер және олардың жіктелуі
Ішкі секрециялық бездер және олардың жіктелуіМаманданған торшалардың биологиялық белсеңді затгарды торша-аралық кеңістікке, одан әрі қанға бөлуін ішкі секреция дейді. Ішкі секреция деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол дененің барлық мүшелері ішкі секрециялық қызмет атқарады деп есептеген. Бұл тұжырымды ғалым дененің барлық мүшелерінен зат алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Сондықтан ол ішкі секрециялық жүйеге қалқанша безді, айырша безді, бүйрек үсті бездерін, көк бауырды, лимфа түйіндерін жатқызған. Көп жағдайда ішкі секрециялық қызметке тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бүл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын құрылымдарда биологиялық белсенді заттардың (көмір қышқыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин т.б.) түзілу процесін де жаткызады. Аталған заттар организм функцияларына гуморальдық жолмен өсер етеді. Дегенмен, ішкі секреция филогенез түрғысында кешірек қалыптасқан және эндокриндік бездердің дамуына байланысты пайда болған реттеу тетігі. Сол себепті ішкі секреция деген түсінікті мүшелердің, ұлпалардың, торшалардың алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды. Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безге тән құрылымы бар және өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді айтады. Грек тілінен аударғанда эндон деген сөз — ішкі, крино — бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон -қозғаймын деген сөз) деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мелшері шағын болады, бірақ олар қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан коп капиллярлар торын құрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді. Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді. 1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездер, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), айрықша без, гипофиз, эпифиз және тимус жатады. 2)аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Скачать |