ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ
ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІЖалпы сипаттамасы Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды. Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты (Diploblas-tica) жануарлар тобына жатады. Екіншіден — энтодерма кабатындағы клеткалары қуыс ішіне аскорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген. Белгілерінің тағы бірі — сәулелі симметриясының болуы. Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі — полиптер және еркін жүзіп жүретін -медузалар болып топтасады. Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді. Табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама-қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады. Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде олар колонияльды формалар. Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі болса, ол — полиморфты, ал бірдей болса — мономорфты колония болады. Медузалар — жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды. Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі — аткыш (күйдіргіш) және нерв клеткаларының болуы. Ішеккуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, коңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, Суапеа arctica-ның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді. Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпак алмасуы -метагенез арқылы дамиды. Ішеккуыстылар типі үш класка бөлінеді: гидрозоа класы — Нуdrozoa, сцифозоа — Scyphozoa және маржан полиптері — Anthozoa. Скачать |