Ішекқуыстылар типі


Ішекқуыстылар типі

 

IШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПI (COELENTERATA)

Iшекқуыстыларға тән қасиеттер:

Iшекқуыстылар тек су жануарлары және көбiнесе теңiздерде тiршiлiк етедi. Олардың бiрi отырыңқы және субстратқа бекiнiп, басқалары еркiн жүзiп, кейбiреулерi паразиттi тiршiлiк етедi. Iшекқұуыстылар типiне 9000 жуық түр жатады.

Оларға радиальдi немесе сәулелi симметрия тән (2,4,6,8 және одан да көп сәулелi симметрия).

Екi қабатты көпклеткалы жануарлар: денелерi екi қабаттан тұрады – сыртқы (эктодерма) және iшкi (энтодерма). Екi қабаттың аралығында — мезоглея қуысы орналасқан.

Эктодерма мен энтодерманың ұрық жапырақшалары көптеген клетка типiне дифференциацияланған және бұлшықет-эпителиальдi, нерв, асқорыту және жамылғы-эпительдi клетка түзедi.

Тек Iшекқуыстыларда ғана арнайы атқыш клеткалары бар (қорғаныш және шабуыл функциялары).

Iшекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуысқа сәйкес.

Оральдi полюсiнде қоректi жұтып, қорытылмаған затты шығаратын ауызы болады.

Асқорыту типi: клетка iшiлiқ және қуысты. Асты қуыста қорыту энтодермадағы бездi клетканың дифференциасынан болады, себебi олар қоректiң ыдырауын жүргiзетiн ферменттi бөледi.

Газ алмасу диффузия, арқылы яғни бүкiл денесiмен жұту арқылы жүредi.

Зәр шығару аппараты жоқ, метаболиз заттары сыртқы ортаға эктодерма арқылы шығады.

Жүйке жүйесi, жүйке клеткаларынан тұратын тiзбектi көрсетедi (құрылымы диффузды).

Бекiнiп тiршiлiк ететiн формалар жеке немесе колониялды болып келетiн полиптер келедi; еркiн жүзушi жеке iшекқуыстылар медузоидты форманы бейнелейдi.

Колониялды гидроидтарының функционалды дифференциациясымен байланысқан полиморфизмi көрiнедi.

Жыныссыз көбею сыртқы бүршiктену немесе стробиляция арқылы жүредi.

Жынысты көбеюде зиготадан еркiн жүзушi дернәсiл паренхимула немесе планула пайда болады, және ол субстратқа бекiнiп полиптiң дамуына бастама бередi.

Полипоидты ұрпақ жыныссыз, ал медузоидты – жынысты жолмен көбейедi.

 

Көптеген түрдiң өмiрлiк циклiнде полипоидты және медузоидты кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырады (метагенез). Iшекөуыстылардың әр түрлерiнде өмiрлiк циклiнде медузоидты немесе полипоидты ұрпақтың редукциясы жүредi.

Iшекқуыстылар типi үш класспен көрсетiлген: Гидрозоидты, Суифоидты медузалар, Маржанды полиптер.

АЛУАН ТҮРЛIЛIГI

Алып ахатина. Ең үлкен құрлықта тiршiлiк ететiн ұлы, Африкада мекендейдi, оның бақалшағының диаметрi 25 см.

Устрицалар – тағам ретiнде қолданылатын, қосжақтаулы ұлулардың көп тараған топтарының бiрi. Устрицаның бақалшағы симметриялы емес. Әр түрлi теңiздерден негiзгi кәсiпшiлiк түрi болып, кәдiмгi немесе жеуге жарамды устрица жатады, ол европа жағалауларында – Норвегиядан Алжирге дейiнгi жерлерде және Жерорта теңiзiнде кездеседi.

Мидиялар – жағалау маңындағы қарапайым мекендеушiлер. Бекiнiп тiршiлiк етуiне байланысты, оның төбешiгi бақалшақтың алдыңғы жағына жылжыған. Бақалшағының түсi қаралау, көбiне қара-көк, iшкi бетi жұқа перламутр қабатты. Қиыр шығысты, ұзындығы 20-25 см жететiн алып мидия Жапон теңiзiнде мекендейдi. Мидияның көптеген түрлерi тағам ретiнде қолданылады.

Жемчужницалар тек таза ағын суларда (өзендер мен бұлақтарда) тiршiлiк етедi. Қарапайым жемчужницалар ұзындығы 12 см дейiн жетедi. Ең үлкен 12-13 см экземплярларының жасы 70 жылға жетедi. Осыған сәйкес меруерттерде баяу өседi: 12 жылда көлемi бұршақпен бiрдей болады, ал 8 мм-ге 30-40 жылда жетедi. Жемчужницаның бақалшықтарынан перламутр түймелерд дайындауға болады.

Нағыз перловицалар – бақалшағы қатты болады. Қарапайым перловицаның ұзындығы 14,5 см. Орта және Солтүстiк Европаның өзендерi мен көлдерiнде мекендейдi.

Айқулақ. Бiзде ең белгiлi айқулақ ұзындығы 20 см жетедi.

Тридакналардың ең үлкен түрлерi Тынық мұхитта тiршiлiк етедi. Бақалшағының ұзындығы 120 см жетедi, моллюскалардың жалпы салмағы 330 кг.

Кальмарлар ашық теңiз кеңiстiктерiн мекендейтiн, жақсы жүзетiн, теңiздегi ең жылдам жануар. Қальмарлар, салыстырмалы түрде аса iрi емес, жылдамдығын сағатына 55 км дейiн жеткiзе алады. Қальмардың денесi, он қармалауышы бар ракетаға ұқсас, конус тәрiздi. Алып, терең суда жүретiн қальмарлар-ұлулардың ең iрiсi. Қармалауыштарын созғанда ұзындығы 17 м –ге, салмағы 8 т-ға жетедi. Бұл алыптардың, диаметрi 40 см-ге жететiн, табиғаттағы ең үлкен көздерi бар. Бiрақ қальмарлардың iшiнен, ұзындығы 1 см-ден аспайтын ұсақ түрлерi де бар.

Каракатицалар тропиктiк және жылы теңiздерде мекен етедi. Бұлар өте қозғалмалы және жыртқыш жануарлар. Каракатицаның денесi жоғарыдан төменге жалпақтанып, екi бүйiрiнен қаңатының жiңiшке шетiмен қапталған. Қармалауыштары қысқа (8), ал ұстағыш қолдары (2), қозғалыста және тыныштықта басының iшiне, ерекше қалтаға тартылалды. Британ натуралистi Фрэнк Лейннiң айтуынша, бұл жануарлар “адамзат мәдениеттiнде үлкен iз қалдырды”, себебi ғасырлар бойы адамдар осылардың сияларымен жазып келдi.

Барлық сегiзаяқтар пелагиялдық жыртқыштар. Сегiзаяқтардың денесi қысқа, қаптәрiздi, сегiз қармалауыштары бар.

МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ

СЕГIЗСӘУЛЕЛI МАРЖАН ПОЛИПТЕРI

 (Beretitum cenamorium)

Антозоа немесе маржан полиптер деген атау жануар—гүл дегендi бiлдiредi. Қызыл маржан колониальдi форманы бейнелейдi. Бұл маржан әр полиптiң құрылымында және оның қармалауыштарсанында нақты бейнеленген сегiзсәулелi симметриясы бар сегiзсәулелi маржандарға жатады. Қызыл маржанның қаңқасы екi тiкендерiнен түзiлген. Колонияның тiрi бөлiгi осы қаңқа осiнiң айналасында дамиды, себебi ол мезоглеяда түзiледi. Қармалауыштары гастральдi қуысты камераларға бөлiп тұратын, қалқалармен кезектеседi.

Полиптердiң ұзындығы бар болғаны бiрнеше миллиметр. Егер жануар қауiптi сезсе, аузын жауып, өз қар малауыштарын жинап, iшiне тартып, ұзындығын қысқартып, мөлшерiн ұлғайтады.

Жануарлар бүршiктену арқылы көбейiп, бүршiктердiң түзiлген орнына, жатырмен байланысу сипатына және олардың даму жылдамдығына байланысты әркелкi түрге айналып колонияларды құрайды.

Қызыл маржан зергерлiк дүкендерде жоғары бағаланады.

Колониальдi маржандар рифтер мен аттолдарды түзей алады. Мұндай маржандар қоныстары көбiнесе экваторда орналасқан. Маржандар жоғары температура мен таза суды қалайды.

МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ

ЖЕКЕ МАРЖАН. АКТИНИЯ

(Bunddactis verrucosa)

Әр түрлi тереңдiкте, жартастар мен басқа да объектiлерге жабысып,  жеке маржандар Актиниялар тiршiлiк етедi. Әсем және әркелкi түстi актиниялар, георгин немесе астраның ашылған гүлiне ұқсас. Оларды анемондар деп атайды, себебi олар гүлге ұқсас. Актинийдiң денесi әдетте цилиндр пiшiндi. Денесiнiң негiзiмен олар қандайда бiр қатты затқа жабысып, аз қозғалмалы түрде тiршiлiк етедi. Денесiнiң жоғарға бөлiгiнде, миллиондаған атпа клеткалары бар көптеген қармалауыштармен қоршалған ауыз қуысы болады. Актиниялар жартас пен тастардың бетiн кiлемше жабады, олар жағалау жердi мекендеп, құмға көмiледi, ал басқа түрлерi өздерiн тастар мен бақалшақ қалдықтарымен жауып, теңiз түбiнен байқалмайды. Актиниялар қызыл, жасыл, қоңыр түстерге боялады. Жиi актиниялар көп түстi болуы мүмкiн. Денелерi мөлдiр, түстi шынылардан құйылғандай. Актиниялардың көлемi 4-5 см ден 80-10 см жетедi. Актиниялар, өздерi тұратын бақалшаққа отырғызған жануар-тақуа шаянды пайдалана алады. Актинияларға алты сәулелi симметрия тән.

Актиниялардың көп түрлерi қармалауыштармен, көлемi өздерiмен бiрдей жануарларды ұстай алады. Олар оны тiрiдей жұтып, қуысының iшiнде ерекше клеткамен өлтiредi. Көп жағдайда актиния денесiнде төбелiк-бүйiр пайда болады. Бүйiрлерi жарылғанда, одан кiшкентай актиниялар пайда болып, бiрiншi кезде анасының денесiнде уақытша қалады. Қатайғаннан кейiн, кiшкене актиниялар тасқа бекiнiп немесе сумен ағып басқа жерлерге бекiнедi. Көбеюi жынысты және жыныссыз жолмен жүредi.

СЦИФОИДТЫ МЕДУЗАЛАР КЛАСЫ

АУРЕЛИЯ АУРИТА

Сцифоидты медузалар тек теңiзде тiршiлiк етедi. Олар гидромедузадан әлдеқайдаүлкен. Аурелия аурита көлденең 40 см болады, бiрақ диаметрi 2 қармалауыштарының ұзындығы 10-15 м болатын медузаларда бар — Цианея. Медузалар жыртқыштар, олар ұсақ балықтармен әртүрлi омыртқасыз планктондармен қоректенедi. Аурелия ауританың жанжағында көптеген қармалауыштары бар, жазық шатыры бар. Олар, шатыры кiшiрейiп, күмбезiндегi суды итере отырып жүзедi. Шатырдың ұшы, көру мүшесi – көз бен тепе-теңдiк мүшесi статоцистiң орнын бейнелейтiн, қысқарған қармалауыштар алып жүредi.

Медузалар кеңiстiктегi жағдайға өте сергек болады. Медузаларда, ауызмаңды қармалауыштары, асты қорыту мен зат тасымалдау жүретiн күрделi каналдар жүйесi бар. Қарынында жыныс клеткалары дамиды.

Медузалар дернәсiл дамитын зиготаны түзiп, жынысты жолмен көбейедi. Дернәсiлдiң субстратқа бекiннен кейiн, одан бүршiктену немесе стробиляция арқылы көбейетiн полип пайда болады. Мұндай бүршiктену нәтижесiнен еркiн жүзетiн медузалар пайда болады.

Тiршiлiк циклi – доминантты формасы медуза және полиптiң, яғни, жынысты және жыныссыз ұрпақтың алмасуы жүредi.

Гидроидтылармен салыстырғанда, сцифозоа класының өкiлдерiнде медузоидты кезең ұзақ тiршiлiк етедi, ал полип сырттай бүршiктену  немесе стробиляция арқылы көбейедi.

СЦИФОИДТЫ МЕДУЗАЛАР КЛАСЫ

КРЕСТОВИЧОК-ГАНИОНЕМА

Кр 



Скачать