Іле алатауы ұлттық саябағы
Іле алатауы ұлттық саябағыIле-Алатау Ұлттық Саябағы 1996 жылы ұйымдастырылған. 181,6 мың га. ауданды алып жатыр. Iле-Алатау қыратының солтүстiк беткейiнде (Тянь-шань), 800-5000 м биiктiкте орналасқан. Саябақтың тау беткейлерiнiң төменгi жағында алма, өрiк, долана, итмұрын және басқа да жемiстi ағаштары бар ормандар орналасқан, олар мәдени өсiмдiктердiң жабайы ата-тегi болып саналады. Тау беткейлерiнiң ортаңғы жағында Шренка шыршасының реликтi ормандары бар. Шренкия шыршасы – биiктiгi 50 м, дiңiнiң диаметрi – 2 м, жоғарғы ұшы кипарис тәрiздi. Реликт, Тянь-Шань эндемигi. Төзiмдi өсiмдiк ылғалды және құрғақ жерлерде өсе бередi, басқа шыршалардан ерекшелiгi бұтақтары арқылы көбейтуге болады. Жоғарғы орманды белдеулерде орналасып, шаруашылық қызметтерiмен аз бұзылған, қалың ормандар түзедi. Белдеудiң жоғарғы шегiнде шыршалы ормандар орналасқан ағаштары сирек, шөптерi қалың ормандар. Жоғарғы жағында қуаңдәрiлi түр, одан кейiн аршалы орман жалғасады. Жоғарырақ кең альпiлiк шалғындар, жоғары таулы далалар және шөлдер, одан да жоғары – мұздықтар мен жартастар. Саябақта тау көлдерi, сарқырамалар және тамаша табиғат көрiнiстерi бар. Жануарлардың 60 түрi, құстардың – 170 түрi кездеседi, кейбiреулерiн жаяу және туристiк жолдарда кездестiруге болады. Қазақстанда табиғи орталарда ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң 200 жабайы түрлерi кездеседi, 90% — тағамдық өсiмдiктердiң туыстары. Саябақта ғалымдар мен туристер үшiн қызығушылықты жабайы жемiстi ағаштар, бұталы ағаштар және лианалар тудырып отыр, өйткенi ол мәдени флораның Орталықазиалық көзiнде орналасқан немесе жер бетiне алманың, өрiктiң, алмұрттың, жүзiмнiң және басқа өсiмдiктердiң сорттары таралған «Генетикалық әртүрлiлiктiң Вавилов орталығы». Саябақ Қазақстанның ғылыми және мәдени орталығы болатын, 1 млн. халқы, халықаралық деңгейдегi аэропорты, жоғарыклассты демалыс орны және басқа да дамыған инфракструктурасы бар Алматы қаласының шетiнде оналасқан. Саябақ территориясында жолдар тiзбегi, кафелер, ресторандар және басқа да сервис орындары бар. Мұның бәрi рекреация үшiн, соның iшiнде экологиялық туризм үшiн қолайлы жағдайлар туғызады. Мысалы, жазда қаладан джиппен шығып, екi сағатта мәңгi қар аймағы мұздықтарға жетуге болады. Саябақ территориясында спортпен, әсiресе қыстық түрлерiмен шұғылдануға жағдайлар жасалған Ең үлкен спорттық комплекстер: МЕДЕУ жоғарытаулы мұз айдыны (теңiз деңгейiнен 1691м биiктiкте) Климаты жұмсақ, күн сәулесi қалыпты деңгейде, төменгi атмосфералық қысым, желсiздiк, таза су мен толтырылған Медеу мұз айдыныда коньки тебу спортынан 100 дүниежүзiлiк рекордтар жасалынды. Тоңазытқыштар жабдықтарының күшi мұзды айдында 8 айға дейiн, ал коньки тебiлетiн жолдарда – жыл бойы ұстап тұруға мүмкiншiлiк бередi. Мұз айдыны жалпылай коньки тебуге арналған. Оның қасында үлкен қонақ үйi бар, ол жерде теннис корты орналасқан. Ғимарат биiктiгi 150 м, ұзындығы 530 м болатын Алматыны да батпақты селден қорғайтын плотинамен қорғалған. Шымбұлақ таулыспортты базасы Шымбұлақ таулыспортты базасында жылдамдықпен түсетiн және слалом-гигант трассалары бар, оларды канат арқылы тiркеп алатын арқан жолымен жұмыс жасайды. Бұл трассалар техникалық жағынан жақсы Европалық трассаларға қарағанда жақсы болмаса да тайғанақтылығы жөнiнен асып түседi. Базада қонақжай, медико-реабилитациялық орталық, фин моншасы бар. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң жабайы ата-тектерi: ағаштар, бұталылар,лианалар (Саябақтағы түрлердiң саны мен туысының атаулары) Скачать |