Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері
Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері
Өнімнің өзіндік құнын өзгерту – бұл мақсат емес. Оның мәнін білу — көптеген экономикалық сұрақтарды дұрыс шешу үшін қажет, атап айтқанда, өнімбірлігіне келетін шығындарды төмендету резервтерін ашу үшін және өндіріс рентаьбельділігін жоғарылату жолдарын іздестіру үшін қажет. Өнімнің өзіндік құны құрылымы әр түрлі. Өнімнің өзіндік құны құрылымы деп – шығындардың жекелеген шығындардың өнім өндіріс ме өткізілуіне жұмсалған өндірістік шығындардың жалпы сомасындағы проценттік қатынасын түсінеміз. Ол үнемі қозғалыста болады, және оған келесі факторлар ықпал етеді:
Өнімнің өзіндік құны құрылымын келесі көрсеткіштер сипаттайды:
Кәсіпорында шығындар құрылымын жүйелі анықтап, талдау ең алдымен кәсіпорындағы шығындарды төмендету мақсатымен оларды басқару үшін өте маңызды болып табылады. Шығындар құрылымы оларды төмендету бойынша негізгі резервтерді анықтауға және кәсіпорында оларды жүзеге асыру үшін нақты шараларды өңдеуге мүмкіндік береді. Екініші бөлімде жасалған өнім өндірісі мен өткізілуі бойынша шығындарды талдаудан берілген өндіріс түрі үшін материалдысыйымдылықты болып есептеледі. Себебі материалдық шығындар үлесі 2002 ж.- 59%, 2003ж. – 61,3%, 2004ж. -51,3% құрады. Құрамына салық төлемдері, аудиторлық қызметтер, байланыс қызметтері және транспорттық қызметтер кіретін басқа шығындар үлесі де өнімнің өзіндік құны құрамында үлкен үлеске ие. Сонымен, осы аталған шығындарды төмендету бойынша резервтерді іздестіру қажет. Шығынға қарсы рыноктық механизмді іске қосу – бұл меншіктің түрлі формаларын дамыту үшін тең жағдайлар құру, салаішілік және салааралық бәсекенің әсер ету зонасын кеңінен қамту, саланың экстенсивті өндіріс жүргізу түрінен интенсивті түрге көшіру, материалдық сыйымдылықты тәсілінен анағұрлым төмен материалдық сыйымдылықты тәсіліне көшу, өндірістің жаңа технологиясын енгізу, жұмыс күші мен өндірістік қорлар арасындағы оптимальді қатынасын бекіту, қосымша шығындарсыз өнімнің өсіңкілігін алуға бағытталған басқа шараларды жүргізу болып табылады. Егер бұрын өндірістік шығындар жылдан жылға бірте-бірте өндірілген өнім көлемінен бұрын артып отырса, яғни шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі қызмет етсе, онда рыноктық экономика барысында және өнімнің шығысын арттыру қарқындары ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін кеңінен енгізу өндірістік шығындардытың артуынан ілгері болуы тиіс. Тек ос жағдайда ғана кәсіпорынның өзін-өзі қайтарымдылығы мен өзін-өзі қаржыландыру принциптері, рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі толық құқықта қызмет етеді. Шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі – бұл кең сыйымдылықты ұғым және ол өнім өндірісін арттырумен және өндіріс шығындарын қысқартумен байланысты сұрақтарды қамтиды. Бұл механизмнің қалыптасуы мен дамуының маңызды бағыты ретінде өнім шығындарын болдырмау есептеледі. Рыноктық экономикаға көшу кезеңінде кәсіпорындар алдында нақты міндет қойылады — өндірісіті интенсификациялау, өндіріс шығындарын қысқарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету мен өндіріс рентабельділігін жоғарылату үшін салынған қаржылармен салыстырғанда өнімнің арту қарқындарының ілгері болуын қамтамасыз ету болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету бұл маңызды халықшаруашылық мәселесі болып табылады, өндірістің экономикалық тиімділігін көтерудің маңызды шарты болып есептеледі. Өнімді алуға жұмсалатын өндірістік шығындар деңгейі келесі факторлар ықпалымен қалыптасады (5. сурет). Өнімнің өзіндік құны сонымен қатар оның сапасымен де байланысты. Себебі өнім сапасын жақсарту қосымша шығындарды талап етеді. Өнімнің өзіндік құнын оның сапасын ескере отырып есептеу өнімнің тұтынушылық тиімділігі бірлігіне келетін шығындар шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен, материалды пен еңбек ресуртары құнының тұрақты шамасы барысында өндіріс көлемін арттыру тек өзіндік құнді төмендету есебінен ғана қамтамасыз етіледі. Талданушы кәсіпорында негізгі өндіріс болып мұнай өндіру есептеледі, сондықтан мұнайдың өзіндік құнын төмендету резервтерін қарастырайық. Кесте 3.1.1. 1 тонна мұнайдың өзіндік құнын төмендету есебі Скачать |