Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесі
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесіБасқа елдердегі жоспарлау тәжірибесін біздің әлеуметтік-экономикалық жағдапымызға өзгертпей көшіріп алу мүмкін емес. Бұл келесі объективті сипаттағы себептерге байланысты: 1. республика басқа елдерден саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялык, этно-мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді; 2. қазіргі Қазақстан жағдаиында біз ұлттык экономиканы кұру процесіндеміз және де әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік-жоспарлык шаруашьшықтан нарықтық экономикага өткен бізге ұқсас бір ел жоқ; 3. басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және «революциялык» көрініс табады, ал нарыктык экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардьщ эволюциялык даму «нәтижесі» болып табылады. Бірақ та шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау кажеттігі келесі жагдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің кағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылыктарын аныктау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін «түйістіруге» мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылык процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалык процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатьш қорытынды — көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекетгік реттеудің негізгі кұралдары ретінде халык шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылыктарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Осыған байланысты, шет елдердің жоспарды жасау және колдану тәжірибесін зерттеу өте мацызды. Өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Қытай) индикативті жоспарлау — нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуші тәсілінің бірі болып жоғары нәтижесін дәлелдеді және осы елдердің тәжірибесі белгілі бір кызығушылық туғызады.
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың саларалық қағидасы қолданылды. Францияда дайындалған саларалык бағдарламалар барлык шешуші экономикалык салаларды қамтиді және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл аткарады. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарыктық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады. Францияда ағымды, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылдық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді, бұл кызметті Жоспарлау бойынша Комиссириат жүргізеді. Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймактардьщ үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылык жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейінің функциялары ажыратылған (коммуналдар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде күкықтык және ұйымдастырушылык тәуелсіздігі жоқ. Халық шаруашылығында аймактық мәселелер мен оларды салалық эконо.микамен үйлесімді байланыстыруға Швециянын, Англияның, Германияның және де баска дамыған нарықтық жуйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары езінің әлеуметгік-экономикалык саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалык мақсатқа жету. Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг кызметін жетілдірудің бірнеше колайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде жоспарлау: 1. басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік береді; 2. мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қолданылатын шараларды үйлестіреді; 3. көрсеткіштерді анықтау және олардың орындалуын қадағалауга жол ашады; 4. алдагы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етеді; 5. шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді; 6. барлык кызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста. қарым-қатынаста екенін көрсетеді. Аталған пунктерден ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншыны айтуға болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз колданылады. Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экрномикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі каржы-бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады, Біріншіден, бюджеттік қаржьшен каржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халык шаруашылыгының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстын үлесі 50 пайыздан жоғары, ал Францияда 50 пайыз шамасында. Екіншіден, кұрылымдык-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салык салу механизмі үлкен ролді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кызығушылығын артгыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару. Үшіншіден, мемлекет әлеуметтік және ғылым салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болдаы және бұл жерде екінші шығын бірінші шығыннан өте үлкен болады. Австрия, Италия, ФранцІІя үкіметтерінін баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы баскзру органдармен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізіледі және халык шаруашылығындағы бағаның бестен бір бөлігін қамтиді. Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі ауыл шаруашылық өндірісі болып табылатынын бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау шаруашылык өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрстетеді. Біріншіден, ол табнғи-климаттык жағдайға байланысты. Бұл тәуелділік фермердің және аграрлы сектор субъектісінің табнғи-климаттык фактордың қолайсыз жағдайда да табыс пен пайда табуын объективті және өзекті проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі және сол механизмдер аркылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің арқылы ынталандыру. Екіншіден, тұрғыидардың тамақ өнімдеріне кажеттілігін уақытында қа-мтамасыз етілуіне ауыл шаруашылықөнімдерін табиғи өңделген түрлеріне негізгі көңіл белінеді. Әлеуметтік түрдегі міндеттерді шешуде және тұрғындардың емірін қамтамасыз етуден ауыл шаруашылык өнімдеріне бага кұру процессіне негізгі мемлекеттік баскару органдары шеттеп түра алмайды. Осындай объективті араласу әр түрлі басымды механизмдерде әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама, құкыктык және аймактық реттеуде орын алады. Олар көбінесе әр елдің әлеуметтік-шаруашылық, құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты. Қытай Халык Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір кызығушылық туғызады. Қытайдағы экономикалық реформалардьщ стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанмен «ауылдан қалаға» деген қагидаға негізделініп ерекшелінеді. Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудін күшті кұралдарын (директивтік жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) колданды. Сол сиякты нәтижелер бір катар Онтістік Шығыс Азия елдерінде — Жапонияда, Тайландта байқалады. Қытай экономисті Цзииьвэнь Лидің айтуынша: «Қытайда макроэкономикалық жоспарлаудың негізін жекеменшік және мемлекеттік секторларынын тіркестігі кұрайды, соның ішінде мемлекеттік секторы — басымды. Мемлекеттік мекемелер экономикалык дербестікте жұмыс істегендіктен, Қытайда жоспарлау директивтік емес. индикативтік». Қытайда қазіргі жоспарлау жүйесі, бірынғай жалпы мемлкеттік жоспарлауында, көпдеңгейлі басқару принципіне сәйкес құрылады. Экономиканың өзекті мәселелері мемлекеттің қатысуымен шешіледі. Оған төмеыдегілер жатады: 1) экономикалық және әлеуметтік даму қарқыны, бағыттары және мақсаттары; 2) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру; 3) күрделі қар/кы бөлудің негізгі пропорциялары, мөлшері және оларды үйлестіру; 4) негізгі өндіріс объектілерінің құрылысы; 5) өндірістік күштІ үйлестіру; 6) халықтың материалдык және рухани тұрмысын көтеру; 7) мемлекеттік бюджет, несие қаржыларының түсуі және шығыны, акша эмиссиясы; 8) валюта кірісініңтепе-теңдігі және шетел капиталын пайдалану; 9) стратегиялық тау Скачать |