Әлеуметтік-экомомикалық дамуды жоспарлаудың құкыктық негіздері


Әлеуметтік-экомомикалық дамуды жоспарлаудың құкыктық негіздері

 

Халык шаруашылығы салаларының даму барысын стратегиялык жағынан болжау-жоспарлау керек екендігін өмір айқындап берді, және осы дипломдық жұмыстың жоғарыдағы бөлімдерінде олардың экономиканы баскаруда алатын рөлі, маңызы дәлелденді. Экономика дамуын болжау және жалпы мемлекеттік жоспарларды жасау үшін, 1997 жылдың наурыз айында Қазақстан Республика Президентіне тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі құрылды. Агенттікке экономиканың дамуын болжау негізінде оның басынқы багыттарын аныктау және стратегиялык жоспарлар жасау аркылы оған қол жеткізу жолдарын белгілеу тапсырылған.

Ал индикативті жоспарды әзірлеу алғашында Экономика министрлігіне, кейін ол таратылған соң жаңа кұрылған Экономикалық жоспарлау агенттігіне тапсырылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 казанында кол койылған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік огандарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы» Жарлығына сәйкес жоғарыда аталған функцияны қайтадан кұрылған Экономика және сауда министрлігі аткаратын, бұл министрлік Экономика және бюджеттік жоспарлау болып қайта аталып, индикативтік жоспарды жасау аталған органға жүктелді.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары Қазақстан Республикасыыың Конституциясына, Қазақстан Республика Үкіметінің жыл сайын шығатын «Әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы» Қаулысына және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңына сәйкес негізделеді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы Қазақстан Республика Үкіметінің Қаулысы әр жыл сайын шығады және онда Қазақстан, облыстар және ұлттық компаниялар, мекемелердің жоспарланған мерзімге мақсаты, міндеттері және әлеуметтік-экономикалық          саясатынын басымдылықтары бойынша Үкіметтің көрінісі беріледі.

Аумақтың индикативтік жоспары Қазақстан Республикасының жоспарланған мерзімге арналған даму индикаторларына (1 кесте) және Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатыньщ басымдылыктарына негізделеді және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің «Министірліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына» сәйкес жасалады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2003-2006 жылдарға жоспарлаған республика дамуының негізгі макроэкономикалық индикаторлары 1 кестеде көрсетілген және аумақтардың даму болжамы осы индикаторлардың өсу қаркынынан төмен болмауын жергілікті жоспарлау органдары камтамасыз етуі.

2003-2006 жылдарға Қазақстан Республикасының      макроэкономикалық көрсеткіштерін болжамы

 

 


Скачать