әлеуметтік экономика лекция


әлеуметтік экономика лекция

 

1-ТАҚЫРЫП. ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ 1. Пәннің мақсаты мен міндеті 2. Әлеуметтік экономиканың пәні 3. Әлеуметтік экономиканың басқа пәндермен қатынасы

Тақырып 2. ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗІ 1. Әлеуметтік экономиканың микро және макро деңгейі 2. Әлеуметтік экономикадағы мемлекеттің рөлі 3. Әлеуметтік экономиканың тұжырымдамалық негізі

Тақырып 3. ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАНЫҢ МОДЕЛЬДЕРІ 1. Әлеуметтік экономиканың Германдық моделі 2. Әлеуметтік экономиканың Американдық моделі 3. «Әлеуметтік-бағытталған экономиканың» Шведтік моделі

Тақырып 4. ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ МОДЕЛЬДЕРІ 1. Әлеуметтік экономиканың Ресейлік моделі 2. Қазақстанда әлеуметтік экономиканы қалыптастыру 3. Қазақстандық әлеуметтік модельді қалыптастыру

Тақырып 5. ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚҰРЫЛЫМЫ 1. Әлеуметтік экономиканың салалық құрылымын қалыптастыру 2. Аймақтық құрылым 3. Сыртқы экономикалық қатынастар және олардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі қарым — қатынастар

Тақырып 6. ЕҢБЕК КҮШІ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ 1. Нарық жағдайындағы еңбек ресурстары және жұмысбастылық 2. Жұмыс күшінің ішкі құрылымы және оның келешектегі дамуы 3. Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары

Тақырып 7. КЕДЕЙШІЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ 1. Кедейшілікті төмендетудегі қажеттілік және оның әлеуметтік – экономикалық мәні 2. Дамыған елдерде кедейшілікпен күресудің қазіргі тәжірибесі 3. ҚР-да кедейшілікті төмендетудің негізгі бағыттары және жолдары

Тақырып 8. ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 1. ҚР-да халыққа әлеуметтік көмек көрсету жүйесі 2. Әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары 3. Жергілікті деңгейде әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің қызметі

Тақырып 9. БІЛІМ БЕРУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 1. Білім беру қызметі нарығының теориялық даму негіздері 2. Білім беру қызметі нарығы қызмет етуінің институтционалды негіздері 3. Білім беру қызметі нарығының даму алғышарттары

Тақырып 10. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ 1. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі дамуының териялық негіздері 2. Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің қызметі 3. ҚР-ның денсаулық сақтау жөніндегі бағдарламалары

Тақырып 11. ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУ 1. Қазақстан экономикасын нарықтық қатынастарға әлеуметтік түрде бағыттаудың қажеттілігі 2. Әлеуметтік экономиканы басқарудың мәні мен принциптері 3. Әлеуметтік экономиканы басқаруға кадрларды дайындау

Тақырып 12. АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ 1. Қазіргі кезендегі Қазақстан өңірлерінің экономикалық жағдайы 2. Тұрақты дамудың теориялық негіздері 3. Аймақтың тұрақты даму стратегиясы 1. XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырда көптеген елдің орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикалық жүйеге көшумен сипатталады. XX ғасырдың 30-жылдарында әлеуметтік бағыттағы елдердің экономикасы жоғары қарқында дамып, адамдардың жақсы өмір сүру деңгейін қамтамасыз еткен болды. Бірақ, соғыстан кейінгі кезең, әсіресе 60-жылдардың ортасында осы елдердің экономикасы, сонымен қатар КСРО экономикасы тежеле бастады, ал 60-70жж. мүлде нашарлай бастады. Экономиканың құлдырауы мен халықтың өмір сүру деңгейі төмендеуі тек КСРО және оның құрамындағы республикаларда ғана емес, сонымен қатар барлық социализм социализм даму жүйесін таңдаған барлық мемлекеттерде байқалды. Мұндай экономикалық құлдыраудың негізінен әлеуметтік өндіріс ұйымдарында, бөлуде, айырбас және тұтынуда жіберілген жалпы ел масштабында және қоғамдық экономикалық жүйедегі теорияда және практикада кеткен қателіктер болды. Әлеуметтік экономикадағы экономикалық және әлеуметтік процестердің дамуы обьективті экономикалық заңдар қызметінің нәтижесі ретінде түсіндірілді. Экономикалық заңдар жүйесінде социолизмнің заңдар жүйесі ерекшеленеді. Экономикаға догмалық көзқарастың кейбірі ауытқуы шаруашылық парктикаға нарықтық механизмді енгізу идеялары пайда бола бастаған «қайта құру» дәуірі де қалыптасты. Алайда бұл мүмкіндіктер өндірістің негізгі құралдарна қоғамдық меншік пен орталықтандарылған жоспар және басқару жүзеге асырлып тұрған дәуірде тиісті тиімділікті білдіреді. Әлеуметтік экономиканың дамуы әміршіл-әкімшілдік жүйесі жолымен дамыған жалпы елдермен халықтардың сәтсіз тәжірбиесі олардың қоғамдық дамудың әлеуеттік үлгісін таңдау қажет етті. Осымен байланысты бізде мынадай категориялардың, яғни экономикалық жүйе, әлеуметтік-экономикалық құрылыс,экономикалық саясат, экономикалық ая, әлеуметтікая, әлеуметтік-экономикалық проресс және басқада пәннің мазмұнын ашатындарды анықтап алу керек. Экономикалық жүйе – бұл категорияның ең көп тараған анықтамасы болып, мына анықтама анықталады, яғни «өндіріс процесінде, бөлу, айырбастау және тұтынуда пайда болатын негізгі экономикалық қатынастардың мазмұны мен формасын анықтайтын қағидалар, ережелер мен заңмен бекітілген нормалардың жиынтығы» Әрбір елдегі экономикалық жүйе тарихи қалыптасқан дәстүр мен қатар заң актілерінде мемлекетпен бекітілген әлеуметтік-экономикалық қатынастар ноармаларынан көрінеді. Әрбір нақты экономикалық жүйенің мәнін анықтау үшін мына сұрақтарға жауап беру керек:Не өндіріледі? Қалай өндіріледі? Кім үшін өндіріледі? Адам қоғамының даму тарихына экономикалық жүйенің ондаған жүйелері белгілі. Олардың арасындағы айырмашылық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі әртүрлі келістер мен шешу әдістері болу мүмкін. Экономикалық жүйенің ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет-ғұрыпқа, ұлттық дәстүрге негізделгендігі сақталуы мүмкін. Ғылыми әдебиеттерде оларды «Дәстүрлі экономикалық жүйе» деп аталады. Мұндай елдерде материалдық құндылықтардың өндірілуі олардың технологиялары, бөлу реті, айырбас және тұтынуы әдет-ғұрыпқа және тарихи қалыптасқан дәстүрге негізделеді. Экономикалық жүйенің дәстүрлігі ұлттық тарихи-экономикалық әлеуетінің пайдалануы бағытында көрінеді. Мұндай елдердің экономикасы әдетте өзінің бір жақтылығымен, өнімнің бір ғана негізгі түрін өндіруге мамандануымен ерекшеленеді(кофе, цитрус жемістері, мата және тағы басқалары). Сонында мұндай мемлекеттер экономикалық тәуелді мемлекеттер болуы мүмкін Қазіргі шарттағыдәстүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйетехникалық процесске тежеуіш болып табылады, себебі олар қалыптасқан тұрақты жүйеге қайшы келуі мүмкін. Біздің ұрпақ экономикалық жүйенің тағы да бір түрінің- орталықтандырылған- жоспарлы немесе басқаша айтқанда әміршіл экономиканың куәсі болып отыр. Әміршіл экономикада барлық негізгі экономикалық және әлеуметтік сұрақтар бойынша шешімді орталық үкімет және оның аймақтық өкілеттік органдар қабылдайды. Материалдық және қаржылық ресурстар мемлекеттік меншік болып табылады. Меншік заң бойынша халықтық болып табылғанымен және қоғамдық меншік деп аталғанымен, оның негізі мемлекеттік болып қала береді, ал бұл меншікпен басқару механизмі – әміршіл болып табылады. Әміршіл басқару жүйесінің барлық экономикалық құрылымы үй шаруашылығы, кәсіпорыннан бастап халық шаруашылығының саласына дейін және аймақтар экономикасы біртекті халық шаруашылығының жоспарымен қамтылады. Ресурстар халық шаруашылығының жеке салаларын және аймақтарда пайда болатын нақты қажеттілік негізінде бөлінді. Соныңда КСРО тәжірбиесі және басқа да социалистік елдер қатары көрсеткендей мұндай әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесі тиімсіз, көп шығынды, қиын басқарылымды болды және қоғамдық өндірістің мақсаты- халық балығының өсуіне негіз бола алмады. Әлеуметтік экономикалық жүйенің тиімдісі нарықтық экономикалық қатынас болып табылады. Нарықтық экономика меншік формаларының көп тиімділігіне негізделеді. Бұл жүйеде әлеуетті болып жкек меншіктің, кәсіпкерліктің және бәсекенің болуы табылады. Қызмет ететін әлеуметтік-экономикалық жүйенің мәні мынада болады:материалдық құндылықтар тұтынушы үшін оның сұранысының төлем қабілеттілігіне байланысты болады. Сатып алушы өз ақшасы арқылы оған пайдалыны сатып алуға «дауыс» береді. Өндіруші нарықтық сұранысты қанағаттандыруға тырысады. Нарықтық экономикада тауар мен қызметті өндіруді өндірішу шешеді., яғни ол ең аз шығынды жұмсай отырып, сапалы өнім өндіруге , сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыруға және өзінің еңбек табысын алуға тырысады. Нарықтық бәсеке оны аз шығын жұмсай отырып, сапалы өнім өндіруге мәжбүрлейді. Оған өнімді бәсекелеске қарағанда төмен бағамен, бірақ үлкен көлемде өткізу тиімді Қазіргі таңда әлем елдерінің негізгі массасы әлеуметтік экономикалық жүйенің нарықтық үлгісін пайдаланатынын атап өткен жөн. Нарықтық жүйе, оның дұрыс қызмет ету жағдайында экономиканың тиімді дамуын және әлеуметтік мәселелердің шешілуін қамтамасыз ете алады. Оған индустриалды елдердің жоғары экономикалық даму деңгейін, сонымен қатар екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі тәуелсіздігін алған және индустриалды даму жолына түскен (Оңтүстік Корея, Молазия, Сингапур, Гонконг және т.б) мемлекеттер мысал бола алады. XX ғасырда тағы бір әлеуметтік экономикалық жүйе үлгісінің –аралас экономика пайда болды деп сипатталады, бұл жүйе кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі фирмалар мен маңызды экономикалық және әлеуметтік сұрақтар шешудегі мемлекет саясатының рөлін көрсетеді. Елдердің бұл категориясына нарықтық механизмді пайдалану кезінде әлеуметтік-экономикалық даму үлгісі қызмет tntny Швеция, Германия және басқада мемлекеттер қатарын кіргізуге болады. Бұл елдерде экономикалық өсу стратегиясы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағындырылған. Күшті әлеуметтік бағдары бар экономика құруға көптеген ТМД елдері тырысады, сонымен қатар Өзбекстан Республикасы. Аралас экономика осы қызмет 



Скачать