Ұйымдасқан кәсіпорындардың заңнамалық базалары
Ұйымдасқан кәсіпорындардың заңнамалық базаларыБүгінгі таңда Қазақстанда ұйымдасқан кәсіпорындардың саны бірнеше мыңға жеткенімен, жаңадан құрылған және табысты әрекет етіп келе жатқан бұрын құрылған кәсіпорындардың проблемалары ерекше көкейтесті мәселелерге жатады. Сондай-ақ, олардың кейбіреулерінің әрекет ету процессі кезінде «ұйымдастыру толқыны» сияқты, тас-талқан етуші мәселелер туындап, оның ақыры бірлесіп ары қарай әрекет етуге мүмкіндік бермейді. Ең алдымен «ұйымдасқан кәсіпорын» деген ұғымды түсініп алайық. Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетелдік инвестиция туралы» заңының 1 бабы бойынша бұл ұғым төмендегіше сипатталады: «Ұйымдасқан кәсіпорын дегеніміз – Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мүліктің белгілі бір бөлігі (акция, үлес) шетелдік инвестордың иелігіндегі, шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорын». Ұйымдасқан кәсіпорындарды құру, ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР 1998 жылдың 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы», 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғамдар туралы», 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңдарына, 1995 жылдың 17 сәуіріндегі ҚР Президентінің заң күшіне ие «Заңды тұлғалаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына және тағы басқа да халықаралық, үкіметаралық келісімдерге негізделеді. ҚР «Шетелдік инвестициялар туралы» заңының 14 бабы бойынша шетелдің қатысуындағы кәсіпорын шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және басқа да ҚР Заңдарына қайшы келмейтін формаларда құрылуы тиіс. Осы заңның 15 бабы төмендегілерді қарастырады: «1. Шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорынның жарғылық қорының көлемі, қалыптасу тәртіптері мен мерзімдері ҚР Заңдарына сәйкес анықталады. 2. Ғимарат, кешен, құрал-жабдық және басқа да материалдық құндылықтар түрінде, сондай-ақ жерді, суды және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың, сонымен қатар басқа да мүліктік, оның ішінде интеллектуалды қызмет нәтижесінің құқықтары бойынша ҚР Заңдарында көрсетілген тәртіпке сәйкес жарғылық қорға жарнаны ендіруге болады. 3. Жарғылық қор шаруашылық қызметтен түсетін пайданың есебінен және бақа да кәсіпорынның түсімдерінен, сондай-ақ оның қатысушыларының қосымша салым салуы есебінен толықтырылып отырады. Егерде мұндай салымның көлемі жиырма мың көлеміндегі айлық есептік көрсеткіштен асып кететін болса, онда оның бағасы тәуелсіз сарапшы арқылы расталуы қажет. 4. Қатысушылардың келісуіне байланысты, ұйымдасқан кәсіпорынның жарғылық қорындағы қазақстандық және шетелдік қатысушылардың мүліктік үлесі, заңды тұлғалардың тіркелген мерзіміндегі ҚР Ұлттық банкі бекіткен және әлемдік рыноктағы баға мен бағамдарды қолдана отырып ҚР ұлттық немесе шетел валютасымен анықталады. Жарғылық қорға салынған салымды бағалау, ҚР заңдық актілерінде бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. 5. Жарғылық қордағы ақша Қазақстан Республикасында тіркелген өкілетті банкте сақталуы тиіс. 6. Егерде, шетел инвестициясы шетелдік инвестордың Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелген жабық акционерлік қоғамның акциясын немесе шаруашылық серіктестіктің үлесін иемденуге пайдаланылатын болса, онда әлгі заңды тұлға осы Заңның 16 бабына сәйкес шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорын ретінде қайтадан тіркеуден өтуге тиіс». Осы заңмен толық танысып алған соң, ұйымдасқан кәсіпорын құрылтайшыларына ең алдымен жарғылық қорға салған өздерінің салымдарының үлесін анықтап алуы тиіс. Себебі, болашақта осы мәселе бойынша келіспеушіліктің алғагшқы белгілері туындайды. Жарғылық қорда қай құрылтайшының үлесі молырақ болса, ұйымдасқан кәсіпорынның бірінші басшысын таңдау, кадрлық саясат пен түскен табысты бөлу, соған байланысты болатыны әркімге де түсінікті. Сондай-ақ, жалпы капиталда кімнің салымы салмақтырақ болса, сол құрылтайшының ұйымдасқан кәсіпорынға билік жүргізетіні айдан анық. Ал бұлай болмаған кезде, бұл жағдай ұйымдасқан кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарында ( құрылтайшылық келісім-шарт пен жарғы) айқын көрініс табуы қажет /6/. Іс-тәжірибе көрсеткендей, құрылтайшылық құжаттардың ұйымдасқан кәсіпорындарды басқару органдарына арналған бөлімінде екінші бір келіспеушілікті тудыратын мәселелер кездеседі. Анық түсінікті болу үшін мысалға акционерлік қоғамды алып көрелік. Әрекет етуші заңнамаларға сәйкес құрылтайшылардың ұйымдастыру жиынында басқа да мәселелермен қатар құрылып отырған акционерлік қоғамның органдарының тізімі бекітілуі тиіс. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 46 бабына сәйкес бұндай органдарға төмендегілер жатады:
Атап өтетіні, жабық қоғамның жарғысында директорлар кеңесін құрмай-ақ акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, директорлар кеңесінің заң бойынша тиесілі құзыры толығымен акционерлердің жалпы жиынына беріледі. Акционерлік қоғамдар туралы заңнамаларға жасалған талдау, осы уақытқа дейін қоғамның қызметкерлерін қызметке таңдау және босату тәртібі және олардың құқықтары мен міндеттерінің тізімі айқын көрініс таппаған. Бұл құқықтық мәселе бойынша, ұйымдасқан кәсіпорын қызметкерлері арасында жинақталған мәселелерді шешуде өздерінің құқықтарын анықтауда үшінші бір келіспеушілік пайда болуы мүмкін. Скачать |