Ұйымдасқан кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, олардың ұйымдастыру формалары
Ұйымдасқан кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, олардың ұйымдастыру формаларыҰйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындарды құру кәсiпкерлiктiң перспективалы формаларының бiрi және шетелдiк инвестицияны Қазақстан Республикасының экономикасына тартуға бейiмделген. Ұйымдасқан кәсiпорын деп қазақстандық заңды тұлғалармен қатар шетелдiк фирмалар, компаниялар, ұйымдар қатысатын бiрлестiктер мен ұйымдарды, кәсiпорындарды атайды. Шетелдiк кәсiпорындар деп толығымен шетелдiк инвесторларға қарайтын кәсiпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдастыру құрылымдарын айтады. Ұйымдасқан кәсiпкерлiк – әр түрлi елдердiң өнiмдерi мен қызметтерiн өндiретiн өнеркәсiптiк қарым-қатынастың ерекше формасы. Ұйымдасқан кәсiпкерлiктi құруды жүзеге асыру қарым-қатынастағы заңды тұлға болып табылатын партнерлардың өзара iс әрекетi деңгейiнде сол елдiң заңы бойынша iске асырылады. Ұйымдасқан кәсiпорының қабылдаған елдiң заңдарына сәйкес заңды тұлға статусы болады. Ұйымдасқан кәсiпорындардың қатысушыларының қарым-қатынасының приниципиалды ерекшелiктерi:
Тек өндiрiс саласында ғана емес, өндiрiстi ғылыми-техникалық дайындауда, біріккен кәсiпорындардың белгiлерiне ынтымақтастықтың ұзақтығы, сол сияқты өнiм өткiзуде партнерлардың өзара iс-әрекетi жатады. Ұйымдасқан кәсiпорындың негiзiне жергiлiктi және шетелдiк серіктестердің бiрiн-бiрi толықтырушы элементтерiнiң типтiк комбинацияларын бөлiп көрсетуге болады:
Ұйымдасқан кәсiпорынның аталған ерекшелiктерi жергiлiктi және шетелдiк серіктестердің құрған кәсiпорындарының табысты қызмет атқарудағы өзара қызығушылығын тудырады. Инвестицияның өндірістік игерілу тәуекелін, негізінен қабылдаушы жақ өз мойнына алады. Барлық ұйымдасқан кәсіпорынның әріптестерінің шығындарының тиімді болуы, олардың іс-жүзінде кәсіпорынды қалыптастыру мен оның қызметін басқаруға қатысуына байланысты болады. Кәсіпкерлік тәуекелін әріптестер өзара бөлісіп алады. Сонымен қатар өндірістік процесстерді басқару мен өнімді өткізу, инвесторға да және қабылдаушы жақтың ұйымдасқан кәсіпорынға қатысушысына да бірдей артықшылық береді. Инвестор осыны ескере отырып, оқыстан пайда болған ауыспалы технологияларды пайдалану арқылы өндірілген өнімді өздері меңгеріп отырған рыноктан қақпайлап отырады. Ұйымдасқан кәсіпорындағы жергілікті және шетелдік әріптестердің түпкі мүдделері әртүрлі болуы мүмкін, әсіресе, егерде ұйымдасқан кәсіпорын әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің экономикалық қатынастары шеңберінде құрылатын болса. Қаржы бөлуші кәсіпкер үшін шетелдің ұйымдасқан кәсіпорынына қатысу, капиталды сыртқа шығару мен өз еліне қарағанда капиталын мол табыс түсетін басқа елде пайдалануға тырысуының жемісі болып табылады. Инвестордың негізгі мүддесі болып, қабылдаушы елдің жаңа рыноктарын игере отырып, салынған капиталының есебінен қосымша көп мөлшерде табыс табу, шикізатқа кететін және жалдамалы еңбектің төлемақы шығындарын төмендету болып табылады. Ал, жергілікті әріптестің мақсаты мен мүдделері, тәртіпке сай, қабылдаушы елдің толығымен шаруашылық және әлеуметтік мүдделерімен тығыз байланыста болады. Сондай-ақ, ұйымдасқан кәсіпкерлік бірлесіп әрекет етуші әріптестердің қарама-қарсы мүдделерін де өзара тиімді етіп қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Өте атап өтетін жай, бұл ұйымдасқан кәсіпкерлік ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетке және мәдениетке өзара ендіру құралы, сонымен қатар, мемлекетаралық саяси қатынастарды жақсарту факторларының бірі болып табылады. 1-кесте – Кәсiпкерлiктi ұйымдастыру формаларының мiнездемесi Қабылдаған елдiң территориясында сол елдiң заңдарымен анықталған заңды тұлға формасында ұйымдасқан кәсiпорын құрылады және қызмет атқарады. Халықаралық тәжiрибеде ұйымдасқан кәсiпорынды (қоғамды) ұйымдастырудың ерекшелiгiн және кәсiпорынның мiндеттерi бойынша қатысушылардың жауапкершiк дәрежесiн анықтайтын ұйымдасқан кәсiпкерлiктiң әртүрлi заңды формалары бар. Оның ең көп тараған түрлерiне акционерлiк компаниялар, толық жауапкершiлiгi бар қоғамдар, жауапкершiлiгi шектелген қоғамдар жатады. Бiрлескен кәсiпорындар қайда, кіммен, кандай мақсатпен және әріптестердің қатысу улесі бойынша ерекшеленеді. Осы мақсаттарды ескере отырып ұйымдасқан кәсіпорындарды 4 негiзгi белгiлерді негізге ала отырып келесі топтарға бөлуге болады: 1. Бiрлескен кәсiпорынның орналасқан жерi. Бiрлескен кәсiпорын құруда әрiптестердiң бiрі кәсіпорын орналасқан мемлекеттің өкiлi болып табылады. Қазақстан және шетел экономистері ұйымдасқан кәсіпорындарды тек қана ұлттық капитал, яғни мемлекеттiк үлестермен де, жеке тұлғалардың капиталдарын коса алғанда қатысатын бірлестіктерді ғана жатқызады. Бұл, бiздің ойымыз бойынша, мүлдем дұрыс көзқарас емес, өйткенi осындай кәсіпорындарды аралас экономикаға жатқызу керек. 2. Ұйымдасқан кәсiпорынның шетелмен тиiстiлiк белгiсі бойынша 4 түрге бөлуге болады: 1) Өнеркәсiбі дамыған елдер бойынша – «Батыс-Батыс» немесе өнеркәсiбі дамыған елдер арасындағы қатынастар; 2) Өнеркәсiбі дамыған және дамушы елдер – «Солтүстiк-Оңтүстiк» қатынастары; 3) Социалистiк лагерьдің бұрынғы елдерi және өнеркәсiбі дамыған капиталистiк елдер қатынасы – «Шығыс-Батыс» қатынасы; 4) Социалистiк лагерьдің бұрынғы елдерi және дамушы елдер. 2. Әрiптестердiң құрылымы. Бiрлескен кәсiпорындардың 3 негiзгi түрлерiн қарастыруға болады: 1) Тек қана жеке капиталдың қатысуы негізінде(көбiнесе дамыған капиталистiк елдермен); 2) Жеке кәсіпорындар мен мемлекеттiк кәсiпорындар және ұйымдардың қатысуымен. Бұл нұсқа дамушы және бұрынғы дамыған және дамушы социалистiк елдермен ұйымдасқан кәсіпорын құруда көп таралған. Ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен бұрынғы социалистiк елдердің кәсіпорындары шетелде орналасқан ұйымдасқан Скачать |