Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі


Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі

 

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет тқаратындар деп екі топқа бөлінеді.

Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынандай екі топқа бөлінеді.

1.  Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.

2.  Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.

Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топқа бөлінеді.

Басшылар қатарына президент, ректорлар, директорлар, меңгеруші, тағы басқалар жатады.

Мамандар қатарына инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және басқалар жатады.

Басқа да қызметкерлер қатарына құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер, тағы басқалары жатады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны кәсіпорындар мен ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептелінеді.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар бөлімінде жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттарды пайдаланады:

1.  Жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-1

2.  Басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-5;

3.  Демалыс берілуі жайлы бұйрық Т-6;

4.  Жұмыстан шығарылуы жайлы бұйрық Т-8

Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.

Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтауларымен сыйлықтары, сондай ақ ескертулері, сөгістері және тағы басқа деректер жазылады.

Кәсіпорындағы орташа еңбек ақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай үйлесімді түрде күніне немесе аптасына толық істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің  барлық жұмыс істеген сағатына, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істеген сағатын, күнін, айлық күнтізбелік күнге бөлү арқылы жұмыс  істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің саны табылады.

 


Скачать