ҚАРЖЫ САЯСАТЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУШІ ПРОЦЕСС


ҚАРЖЫ САЯСАТЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУШІ ПРОЦЕСС

 

Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар экономикалық саясаттың басты мақсатына деген принципті жаңа көзқараста көрінеді. Тұрмыс дәрежесі енді өндіріс дамуын, қаржы ресурстарының бағыты мен оны пайдалану құрлымын анықтайтын мөлшері болып табылады.

Әлеуметік бағдарламаның орталық пункті шығармашылық және жоғары өнімді еңбек дербестік пен ынтаны көрсету, шынайы кәсіпкерлік үшін жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар бір мақсатта бірінші кезекте аз қамтылған азаматтарды (зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларын), сондай — ақ табысы тіркелген тұлғаларды (бюджет  мекемелері, ғылым денсаулық сақтау, білім беру және басқаларының қызметкелерін ) әлеуметтік қорғау жүйесі қарастырылады. Әлеметтік қорғау ең алдымен табыстарды индекстеу арқылы, яғни оларды бюджетті қаржыландыру есебінен, жеке жағдайларда өтемдер есебінен де тұтыну бағыттарының индексіне сәйкес арттырып отыру жолымен қамтамасыз етіледі.

Жаңа қаржы  стратегия  меншіктің әртүрлі нысандарын нарықтық қатынастардың дамуын, тауар нарқының толық құқықты жұмыс істеуін, жұмыс күшін, капиталдарды ескере отырып жасалған. Қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларына қаржымен ықпал жасаудың негізгі әдістері мыналар:

- қаржы ресурстарын шебер пайдалану;

- салық салу;

- қаржыландыру;

- қаржы нарқы және басқалары.

Қаржы салаындағы дағдарыстың дәлелі мыналар:

-ақшаның үдейі түсіп отырған эмиссиясы және онымен қосарланып отырған инфиляция;

-ішкі және сыртқы мемлекеттің борыштың өсуі;

-залал шегіп отырған және рентабельдігі аз кәсіорындар  санының көп болуы;

-шаруашылықта өнімсіз шығындардың едәуір соммасы.                                     Дағдарыс құбылыстары мемлекеттің қаржылары саласында да шаруашылық жүргізуші субъектілер саласында да көрінуде.

Қаржы реттеуіштердің бір бөлігі (мысалы: салықтар ) қоғамдағы қайта бөлу процестерінің негізгі ауқымын және соның негізінде мемлекетке қажет ақша қорларын қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, автоматтық режимде (оның негізгі параметрлерін мемлекет анықтайды ) іс — қимылын жасауға қабілетті.

Күрделі экономикалық және қаржы ахуалы шаруашылықты жүргізудің тиімділігі  төмендеп отырған жағдайда шаруашылықтың қаржысын сауықтыруға бағытталған шаралардың кешені жасалды. Басты бір жағдай кәсіпкерлік қызметінің бостандығын мойындау болып отыр. Шаруашылықты жүргізудің сан алуан нысандарын енгізу бәсекені дамытуда, қоғамдық қажеттіліктерді жақсы қанағаттандыруда, ресурстарды сақтауда, өнімнің ассортименті мен техникалық  базаны жаңартуда еңбек ұжымының әлеуметтік проблемаларын шешуде инициатива көрсетуде жағдайлар жасайды.

Әлеуметтік басқа қызметтерге  бағытталатын қаржы ресурстарын өсіру ең алдымен қорғанысқа, басқаруға және басқаларға жұмсалатын шығындарды щұғыл қысқарту, мемлекеттік қаражатарды үнемдеу есебіне қарастырылады. Алайда мемлекеттік шығындарды қысқарту тек қысқа мерзімді пайда беруі мүмкін. Саяси, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы сан алуан себептердің ықпал жасауымен мемлекеттің шығындары үнемі өсіп отырады. Осыған байланысты қазіргі қаржы саясаты мемлекеттің қаржы ресурстарының үнемі өсіп отыруын  қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қарастырады.

Жалпы табысқа салық салуға қөшу жұмыстың түпкі нәтижелері үшін кәсіорындардың ынталылығы мен жауапкершілігін арттыруға жәрдемдеседі. Мемлекет тарапынан барлық кәсіпорындарға бірдей талаптар белгілеу төлем көлемін анықтаудағы субъективизімді жою, қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен шаруашылықты тиімсіз жүргізуге тосқауыл қойылады. Салық төлемдерінің жүйесін енгізуді мемлекеттік қаржының (мемлекеттік бюджеттің) жай — күйінің кәсіорындардың тиімді қызметіне тікелей тәуелдігін белгілеу тұрғысынан да принципті маңызы бар. Бюджетке түсетін төлемдердің көлемі экономикадағы ағылып жатқан процестерді дәлелдейді, ал қалыптасып отырған жағдайға талдау жасау шаруашылық буындардың іскерлік белсенділігін жандандыруға бағытталатын қаржы саясаты саласында дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Қаржы нарығының дамуымен байланысты халық шаруашылығын дамыту және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай табыстары мен жинақтарын тартуын өркениеті әдістері кеңіне қолдануда. Мемлекеттік облигациялар мен қазынашылық билеттерді шығару тәжрибесін кеңейе түсуде.

Экономиканы көтеру және осының негізінде елдің қаржы мүмкіндіктерін күшейте түсу үшін оның экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың үлкен маңызы бар. Олар түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Дүниежүзілік тәжірибе тура шетелдік инвестициялардың зор пәрменді болатындығын дәлелдеп отыр.

Қайсы бір қажеттіліктерді болмасын қанағаттандыру тек қаржы ресурстары болған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі. Бұл қаржы саясаты нақты қаржы мүмкіндіктерін ескере отырып жасалынады және жүргізіледі дегенді білдіреді. Шығындар қаржы ресурстары көбейгенде ғана өсуі мүмкін. Сонымен акцент тұтынуға жәрдем беруден өндірісті қаржыландыруға жылжиды. Экономикалық және қаржы саясатының бүкіл шаралары, біржағынан, халыққа өзінің табыстарын арттыруға мүмкіндік беруге, кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Қаржы саясатын жүргізу, оны нақты шаруашылық өмірде ойдағыдай жүзеге асыру үшін  қаржы механизмі қолданылады. Ол экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Қаржы механизмі қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.

Қаржы әдісін қаржы қатынастарынң шаруашылық процеске ықпал жасауының тәсілі ретінде анықтауға болады. Қаржы әдістері екі бағытта жұмыс жасайды: қаржы ресурстары қозғалысын басқару желісі бойынша және нарықтық – коммерциялық есеп желісі бойынша. Қаржы әдістерінің іс- қимылын ақша қорларын жасап, пайдаланудан көрінеді.

Қаржы механизмінің жұмыс істеуін құқықтық жағынан қамтамасыыз ету басқару органдарының заң актілерін, қаулыларын, бұйырықтарын, циркулярлық хаттарын және басқа құқықтық құжаттарды қамтиды.

Заң нормаларын енгізу қаржы байланыстарын ұйымдастырудың бірыңғай ережелерін белгілеуге, қоғамның, кәсіпорындар ұжымдарының және жеке азаматтардың экономикалық мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Құқықтық нормаларды сақтау қатаң қаржы тәртібін қамтамасыз етеді, қаржы саласында бірынғай саясат жүргізуге жағдай жасайды. Сойтіп, қаржы саясатын әзірлеп,  жүргізудің құралы бола отырып, экономикалық дамуға қаржы саясаты мен қаржы механизмі арқылы белсенді ықпал жасайды.

Нарықтық экономикада өндірістік қорларды жақсы пайдалануда кәсіпорындардың ынталығын артыру үшін ерекше қаржы әдістерін қолданудың, олардың қаржы қызметін қатаң регламенттеудің қажеттілігі болмай қалады. Нарықтық бәсеке кәсіпорынды өндіріс тиімділігі, қаржыны жоспарлаудың сапасын арттыру, қаржы ресурстарын пайдалануға ішкі шаруашылықтық қаржылық бақылауды тереңдету туралы үнемі қамқорлық жасап отыруға итермелейді. Сонымен бірге мемлекет тарапынан нарықтық қатынастарды қаржылық реттеудің маңызы артады. Ол кәсіпорындар табысына /пайдасына / салық салу  (ставкаларды, салық жеңілдіктерін өзгерту, салық салу объектілерін саралау арқылы ) қосымша салықтар енгізу.

Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатымен әлеуметтік сала мекемелері мен ұйымдарында жаңа шаруашылық механизмі енгізілді. Бюджеттен олардың қажеттіліктерін қаржыландыру бір тұрғыда жұмсалатын әлеуметтік шығындардың есебіне немесе басқа көрсеткіштерге қарай анықталатын ұзақ мерзімді тұрақты нормативтердің негізінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік сала меекемелеріне ақылы қызмет көрсетуге, алған табыстарын  өзгеше жұмсауға құқық берілген.

Нарықтық қатынастардың дамуы, басқарудың әдістерін жетілдіру мүлікті жеке басты сақтандыруды ұйымдастыру мен басқару саласына оң нәтижелерге жеткізді; кооперативті сақтандыру дамуда, акционерлік сақтық қоғамдары пайда болуда; сақтандырудың жаңа түрлері енгізілуде; сақтандырудың міндетті және ерікті нысандары арасындағы ара — қатынас өзгеруде. Сақтық механизмін жақсарту сақтанушыларға сапалы қызмет көрсетуге, сақтық ісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық  жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп  отыруға, әлеуметтік — экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.

Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар экономикалық саясаттың басты  



Скачать