Қазақстан Республикасының бюджеті
Қазақстан Республикасының бюджеті Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді. Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған. Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді. Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді. • Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі; • Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қанар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне; • Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына; Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы мен аймақтар және іс әрекет салалары аралығындағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет ол мемлекеттің барлық қаржы саястының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру. Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің фунцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрнеді: • Мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде; • әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде; • салықты фискалдық құралдарды жетілдіруінде; • бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда; • бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда; • республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда; • жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде; • мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда; Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс әрекеттің барлық сатыларында келесі негізгі мақсаттар шешіледі. • Жеке салықтық пен басқа түсімдер бойнша және әлеуметті экономикалық даму болжамдары мен арнаулы бағдарламаларға сәйкес бюджет кірістерін анықтау; • Бюджет шығындарын арнаулы және адрестік белгілер бойынша тағайындау; • Ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мен экономикадағы инфляциялық тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық құқықтылықтын тұрақтылықтын жалпы бағдарламасымен бюдждетті қиыстыру; • Экономиканы ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тапшылығын қысқырту мен жою; • Әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақсатында мемлекет кірістерінің қайнар көздерін сол бюджеттер және аймақтар мен іс әрекет салалары арасында қайта бөлу арқылы бюджеттік реттеуді іске асыру; • әр түрлі үлкен ауқымдағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлін жоғарылату; • заңды және жеке тұлғалар өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау кезінде олардың қаржылық әрекеттері мен кірістерін бақылау. Бюджеттік процестердің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті орган ол Экономика және бюджеттік жоспрлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады. Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жолдауы, ортамерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша несиелік пен фискалдық саясатттың негізгі бағыттырының негізінде жасалады. Ұсынылған құжаттар ұйғарымды болған кезде Республика Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімі жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру мен атқару тәртібімен басшылық етеді. Елдің бюджеттік жайластырушылық пен бюджеттік құқықтарға негізделген бюджеттік процесс мазмұнымен оның іс әрекет кезеңдері анықталады. Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды: 1. Бюджет жобасын құрастыру; 2. Бюджетті қарау және бекіту; 3. Бюджетті атқару; 4. Бюджетті атқару жөніндегі есеп беруді құрастыру мен оны бекіту. Бюджет жобаларын құрастыру толығымен Республика Үкіметі мен жергілікті биліктің тиісті атқарушы органдарына жүктелгендіктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады. Бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін әрекеттейтін бюджет процесінің ақырғы кезеңі ол бюджет атқару жөніндегі арнайы органдардың есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар ол республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ол белгіленген тіртіп бойынша бекітіледі. ІІ. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету. Бюджет жүйесінің қызмет ету заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдардың бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады. Бюджеттік кодексте барлық бюджет түрлері бойынша анықтама берілген, кірістер мен шығыстардың атаулары жазылған, бюджет атқару жөнінде есеп беруді құрастырудың тәртібі, оларды бекіту мен бақылау сауалдары қарастырылған. Мұндай тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған. Ұлттық қордың қалыптасу тәртібі, қайнар көздерімен пайдалануы және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік кодексте анықталған. Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік органдар құрылымына Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Республикалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, Қазақтан Республикасының Үкіметі, бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар, жергілікті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді. Бюджеттік кодекс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы уәкілдігі республикалық бюджетті жасау мен оны атқару жөнінде есеп берудің тәртібін анықтау, Республикалық бюджет комиссиясы жөніндегі ережені, оның құрамын анықтау, бекіту, елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады. Бюджеттік кодекске сәйкес елдің заңнамалық органы Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу аумағында республикалық бюджетті және оған еңгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту, Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі есептерін қарастыру мен бекіту және басқа да қажетті уәкілдіктерді атқарады. Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің б Скачать |