Қазақстан Республикасында ұйымдасқан кәсiпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшелiктерi


Қазақстан Республикасында ұйымдасқан кәсiпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшелiктерi

 

Ұйымдасқан кәсiпорындардың және шетелдiк компаниялардың қызметi сыртқы экономикалық заңдылықтарға сәйкес  «Шетелдiк инвестициялар туралы» заңмен және 30 басқа да заң актiлерiмен реттеледi. Қазақстанда шетелдiк инвесторлардың қатысуы салықтық жеңiлдiктермен сүйемелденедi: алғашқы 5 жылда салық төлеуден босатылады және келесi 5 жылға 50% салық жеңiлдiгi, сонымен қатар жекешелендiруге қатысу мүмкiндiгi берiледi.

Бүгiнгi таңда ұйымдасқан кәсiпорын Казақстанның барлық облысында қызмет атқарады. Ұйымдасқан кәсiпорынның абсолюттiк көпшiлiгi  республиканың астанасында – 889. Облыстардың iшiнде бiрлескен кәсiпорынның көп тiркелгенi Алматы, Оңтүстiк Қазақстан, Талдықорған, Қарағанды облыстарында байқалады. Ұйымдасқан кәсiпорынның ең аз саны Торғай (4), Солтүстiк Қазақстан (8), Қызылорда және Жезқазған (14) облыстарында.

Ұйымдасқан кәсiпорындардың сыртқы саудасының айналымы да өсiп келедi. Ұйымдасқан кәсiпорындардың жалпы экспортының көлемi импорт көлемiмен салыстырғанда 59,3%-ға өскен. Экспорттың импорттан басымдығы Нидерланды елiнiң қатысуымен құрылған бiрлескен кәсiпорында кездеседi.

Ең  көп ұйымдасқан кәсiпорын Қытай фирмалармен (333), Туркиямен (187), Германиямен (125), АҚШ-мен (124) құрылған. Ең аз саны Жапонияның қатысуымен (4), Египетпен (5), Индиямен (7). Мөлшерi бойынша 4000 адамға дейiн орналасқан.

Қазақстан – ТМД елдерiнiң iшiндегi мұнайгаз саласын инвестициялау үшiн перспективалы елдердiң бiрi. «Шеврон» саяси проблемалар туындайтын әлемнiң көптеген аймақтарында жетекшi жұмыстарды жүргiзушi  мұнай компанияларының iшiндегi ең iрiсi болып табылады («Шеврон» Суданда  азаматтық тұрақсыздықпен байланысты жұмыстың тоқтатылуынан 14 млрд.доллар жоғалтты). Тенгиз жобасы 20 млрд. АҚШ доллармен бағалануда және осы жобаны iлгерi бастыруға қиындық тудыратын техникалық, көлiктiк проблемалардың және басқа да факторлардың сәттi шешiлген жағдайында, Қазақстан 2010 жылға дейiн жыл сайын  100 млн.тонн мұнай өндiре алады.

Қарашығанақ мұнайгаз кенiшi бойынша өндiру принциптерi туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi. Италияндық «Аджип», ағылшынның «Бритиш Газ», ресейлiк «Газпром» АҚ-ы шетел инвесторларының компаниялары болып табылады. АҚШ-тың 320 млн. долларға дейiнгi көлемдегi күрделi қаржымен 4 жылға есептелген келiсiмдер сұйық углеводтарды өндiрудi 4-4,5 млн.тоннаға және газды 4 млрд.куб.м дейiн жеткiзедi. Жалпы инвестицияның көлемi АҚШ-тың 8 млрд.долларын құрайды (кенiштi пайдалану төрт он жылдыққа есептелген). Бұндай принциппен кәсiпорын жұмыс iстеп тұрған мерзiмде Қазақстанға  40 млрд. АҚШ доллары көлемiнде инвестиция құятындығымен сендiрiледi.

Шетелдiк инвестицияны тартудың ұқсас жобаларының маңызды ерекшелiгi, оның ұзақ мерзiмдi және масштабтылығы болып табылады. Сондықтан бұл кәсiпорындарды iске қосу және олардың жұмыс iстеуi бұл аймақтарда сәйкес инфрақұрылымды демеу және қолдауды қарастырады. Бұл жобаларда маңызды орын кенiштiң аймақтық әлеуметтiк дамуының саласындағы қызметтерге, сол сияқты өңдеу және мұнайхимия кешендерiн (Қарашығанақ) салуға болашақ инвестицияға маңызды жол ашады /19/.

Жоба бойынша келiсiм шетелдiк құрылыс фирмалары үшiн маңызды перспективалар ашады. Қажеттi қаржы құралдарын, жаңа техниканы және технологияны тарту, жұмыс орындарын ашу, персоналдарды қайта дайындықтан өткiзу мүмкiндiгiн бередi және маңызды әлеуметтiк тиiмдiлiк шетел инвесторларының тiкелей қатысу артықшылығын өзiне тәуекел алуға және қаржылардың тиiмдi қайтару жауапкершiлiгiн жүктейдi.

Бүгiнгi таңда үкiмет мұнайгаз саласындағы 10 елдiң 24 компаниясымен келiсiм жасады.

Мұнайгаз iздестiру жұмыстары және өндiрудi жүргiзу мүмкiндiгiн алған компаниялар мына елдер бойынша белгiленген:

Басым және тартымды сектордың игерiлу процесi әлi бiткен жоқ, жаңа фирмалар және жаңа жобаның пайда болуын күтуге болады.

Шетел инвесторларының қатысу санының масштабына қарамай-ақ, олардың көпшiлiгi күтiлген және күтiлмеген проблемаларға кездесуiнен, жұмыс көлемдерi қысқаруы байқалуда (Германия, Канада және Францияның қатысуымен ашылған фирмалар) және өндiрудiң жоспарланған көрсеткiштерi төмендеген («Шеврон»). Бұл инвестициялық климаттың жақсару проблемасын шұғыл өзгертедi, жұмыстың жүру барысын реттейдi және жоба бойынша барлық мiндеттемелердiң орындалуына бақылау қояды.

Iрi ұйымдасқан кәсiпорындардың iшiнде Қазақстанда қызмет етушi мұнай мен газ саласынан басқа, АҚШ, Қытай, Туркияның фирмалары, сол сияқты Европаның бiр қатар елдерi: Австрия, Германия, ұлыбританияның фирмалары басым.

Экономиканың стратегиялық саласында құрылған қуатты ұйымдасқан кәсiпорындар (Қазаххром, Шеврон) кәсiпорындары  ең үлкен экспорттық әлеуеттi құрайды. Ұйымдасқан кәсiпорындардың көбi iшкi рынокқа бейiмделген (70% шамасында) кестеде көрсетiлгендей. Ұйымдасқан кәсiпорындардың экспорты бiрден өсiп, 1994 жылы жалпы импорттан АҚШ-тың 6 млн.долларына асып түстi.

Мәлiметтерге сүйенсек ұлттық экономикада қатысудың жеткiлiксiз реттелуiне қарамастан (қаржы институтының дамымауы, меншiктегi жерге таластың шешiлу механизмi және т.б.) шетелдiк кәсiпорындардың қатысуы көбеюде. Ойын ережесiн шұғыл, бiлiктi түзету және ұйымдасқан кәсiпорындар қызметiнiң мықты негiзiн құру бүгiнгi таңда бiздiң экономикаға деген фирмалардың iскер көзқарастары мен сенiмдiлiгiн бекiтедi.

 


Скачать