Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау
Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдауКәсіпкерлік — бұл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік — экономикалық шарттардағы инновациялық өндірістік форма болып табылады. Қазақстандағы жаңа экономикалық жүйенің құрылуы шағын кәсіпкерлік қызметінің, соның шағын, орта және ірі (корпоративті) кәсіпорындар қызметіндегі өндірістік — коммерциялық масштаб байынша олардың өзара әсер ету қарым — қатынасындағы бір жақты реттеуін көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік іскерлік өмірдегі негізгі құрал болып саналады. Тұтынушылар мен өндіріс тауары бола отырып, шағын кәсіпорындар нарық тербелісіндегі көптеген өзгерістерге әсер ететін көптеген факторлардың бірі болады. Шағын кәсіпкерлік негізгі рөлді аймақтық экономикада алады. Аймақтар әкімшілдік — территориалдық, әлеуметтік — экономикалық дамуды көрсететін меншік элементтерінің өзара қарым — қатынасы арқылы жүретін басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады.
Сондықтан да, шағын бизнестің және аймақтың әлеуметтік — экономикалық дамуы, біріншіден еңбек, материалдық техника, табиғи, қаржылық және ақпараттық ресурстарын қолдануға, екіншіден аймақтық экономиканы басқару жүйесіндегі ұлттық экономиканың ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарын бағдарлауға байланысты. Аймақтық басқару жүйесі шаруашылық субъектілерінің өзара қарым — қатынас орнатуына, сондай-ақ нарықтың жеке, корпоративті қатысушыларына экономикалық және әлеуметтік нәтижелермен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сондай-ақ, шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі жетістіктер оны дамытудағы маңызды бөлшектерді иеленеді. Осыған байланысты шағын бизнесті несиелендіру бұл экономиканы одан әрі дамытудағы аса маңызды ерекше орынды көрсетеді. 1-кесте Шағын бизнес кәсіпорындарының саны 2004 жылдың 1 қазанына Шағын бизнес кәсіпорындарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны кәсіпкерліктің даму деңгейінің әлемдік тәжірибеде қабылданған көрсеткіші болып табылады. Шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының, сондай-ақ шаруа қожалықтарының өңірлер бөлінісінде Қазақстанның 1000 тұрғынға шаққандағы саны төмендегі кестеде берілген. 2-кесте Өңірлер бойынша шағын бизнес кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны 2004 жылдың 1 сәуіріне Скачать |