Салықтың даму тарихы
Салықтың даму тарихыСонымен, салық мемлкеттің қалыптасуымен бірге пайда болып, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті қамсыздандыру үшін, азаматтардың біртіндеп міндетті және үздіксіз бола бастаған табиғи және ақшалай түріндегі жарналары қажет болды. Адамзаттың даму тарихында салық нысандары мен әдістері өзгеріске түсті, өңделді, мемлекет қажеттілігі мен сұранысына бейімделді, олардың қызметі кеңейді, әлеуметтік-экономикалық процесстердегі ролі өзгерді. Салық төлету нысандары мен әдістерінің дамуында үш ірі кезеңді атауға болады. Дамудың бастапқы кезеңінде ерте заманнан орта ғасыр басына дейін мемлекеттің салықты анықтау және жинауға арналған қаржылық аппараты болмады. Қаражаттың тек жалпы сомасы анықталып, салық жинау қалаға немесе қауымға жүктелген. Екінші кезеңде елде мемлекеттік мекемелер желісі, оның ішінде қаржылық желі құрылып, мемлекет қызметтің бір бөлігін өз мойынша алады: салық салу үлесін ортады, салықты жинау процессін қадағалайды, бұл процесті кең мәселе төңірегінде анықтайды. Үшінші кезең, жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлетуге байланысты қызметті өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады. Мемлектті ұймдастырудың бастапқы сатысында салық салудың алғашқы нысаны құрбан шалу болды. Бірақ бұл ерікті түрде боллды деп ойлауға болмайды. Құрбан шалу жазылмаған заң болды, сондықтан төлемнің немесе жиынның мәжбүрлі түріне айналды. Және де жиынның пайыздық ставкасы жеткілікті мөлшерде анықталған. Скачать |