Рыноктық шаруашылық қызметі


Рыноктық шаруашылық қызметі

 

Рыноктық экономика — сұраныс пен ұсыныс негізінде жүргізілетін шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Рыноктық экономиканың артықшылықтары:

1. рынок тұтынушының сұранысы бар өнімді ғана өндіреді;

2. рынокта ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндігі жоғары;

3. рыноктағы бәсекенің әсерінен өндірушілер жаңа техниканы енгізуге ынталы;

4. рыноктағы субъектінің таңдау еріктілігі болады.

Рыноктың кемшіліктері:

1.рынок бәсеке болғанда ғана жақсы жұмыс істейді;

2.рынок қоғамдық товарларды өндіруге ымтасыз;

3.рынокта демалуға,табыс табуға кепілдік жоқ, сондықтан әлеуметтік әділетсіздік болуы мүмкін.

Рыноктарды бірнеше белгілеріне қарай жіктеуге болады. Экономикалық мазмұны бойынша: ақша рыногы, еңбек рыногы, құнды қағаздар рыногы, товарлар мен қызметтер, ресурстар рыногы.

Бәсекенің шектелу деңгейіне байланысты: жетілген бәсеке, монополия,  монополиялық бәсеке, олигополия.

Рынокқа қатысушыларына байланысты: көтерме сауда рыногы, бөлшек салдар рыногы, товарлар мен қызметтердің мемлекеттік саудасы.

Заңдылықты сақтау деңгейіне байланысты: заңды, заңсыз.

Салалары бойынша: жеңіл өнеркәсіп рыногы, газ, ауыр өнеркәсіп.

Экономикалық ілімдегі кірістер мен шығындар айналымы моделі негізгі рыноктық субъектілер арасындағы экономикалық қатынастың принципін көрсетеді. Негізгі суъектілер мемлекет, фирма және үй шаруашылығы. Оларды байланыстыратын екі рынок қызмет етеді: товарлар мен қызметтер рыногы және ресурстар рыногы. Әр субъектінің өзіндік мақсаты бар: мысалы жеке адам немесе жанұя мүмкіндігінше максималды деңгейде қажеттіліктерін қамтамасыз етуді көздейді; фирма пайдасын максимизациялайды; мемлекет халықтың тұрмысын көтеруді көздейді және басқа субъектілерден ерекшелігі қажет болған уақытта билік құралдарын пайдалана алады.

Мұнда бір субъектінің жұмсаған қаражаты екінші субъекті үшін кірісті құрайды. TR=P*Q; мұндағы TR-жалпы кіріс,Р-товардың бағасы, ал Q-өнім саны. Әр ресус түрі өзіндік ерекше табыс әкледі, жер- рента; еңбек- жалақы;

капитал-процент; кәсіпкерлік қабілеттілік пайда деп аталатын табыс әкеледі.

 


Скачать