Нарық


Нарық

 

1. Жетілген бәсекелестіктің нарықтық механизмінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері өте жоғары. Бірақта жетілген бәсекелестік механизмі жұмыс жасамай, мемлекеттің араласуын қажет ететін облыстар бар: 1-ден,бұл ақша айналымының дұрыс ұжымы. 2-ден,қоғамдық товарларға мемлекет арқылы қол жеткізу. Дербес нарықтың механизмі сұраныс арқылы ақшалай формадағы мұқтаж — дықтарды қанағаттандыра алады, бірақ ақшалай өлшеуге келмейтін мұқтаждықтарда кездеседі.Мыс:коллективтік пайдаланылатын қызметтер көрсету: ұлттық қорғаныс, мемлекеттік басқару, энергетикалық жүйе. 3-ден,сыртқы эффектілердің нәтижесін мемлекет арқылы жою. Нарық өндіріс процесінде ақшалай формадағы эффектілер кездеседі. Мұндай эффектілер нарықтық тепе-теңдікті бұзады. Осы аталған функцияны дербес нарық экономикасына мемлекеттің араласуының шекаралары болып табылады, яғни реттелінбейтін нарық болмайды. Егер нақты бәсекелестік нарықты қарастырсақ, нарық механизмінде шектелінетін экономикалық өмірдің жаңа облыстары байқалады. Мұндай облыстың жиынтығы экономикаға мемлекеттің араласуының мүмкін шекаралары деп аталады. Сол сфераларды қарастырайық: 1) Кірісті тарату. Нарық өндіріс факторлары жағдайындағы жетілген бәсекелестік нәти- жесінде алынған кірістерді дұрыс пайда деп санайды, кіріс деңгейі са- лынған факторлардың тиімділігіне байланысты. Қоғамда жері, капиталы жоқ, еңбекке жарамсыз адамдар бар. Кірісті нарықтық тарату — қоғамдық товарлар өндірісімен айналысатын адамдарға тән емес, ол мемлекеттің мүддесі. Осы мәселелерді ескере отырып, мемлекеттік кірісті тарату мәселелеріне үнемі араласып отырады. 1-ден Жұмысбастылық. Нарық механизмі еңбек құқын жүзеге асырмайды. Нарық тиімді әрекеті үшін жұмыс күшінің оптимальді резерві қажет. Нарықтық экономикаға жұмыссыздық тән. Мемлекеттің міндеті — жұмысбастылықтың нақты деңгейін ұстау мақсатында жұмыс күші нарығын реттеу болып табылады. 2-Монополизм және инфляция — нарықтық экономиканың табиғи аурулары болып табылады, мемлекет монополияға және инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырып отырады. 3-Ғылыми зерттеулердің өркендеуі. 4-Регионалдық саясат. Нарықтық экономикаға тарихи ұлттық, демо- графиялық факторлар әсер еткенде мемлекеттік осы саясатты жүзеге асырады. 1) Дүниежүзілік экономикадағы ұлттық пікірлердің жүзеге асырылуы валюталық курсқа әсер ету, төлемдік балансты бақылау, капитал мен жұмыс күшінің миграциясын басқару. Мемлекеттің экономикалық қызметінің негізгі бағьттары мыналар: а) нарық механизмінің жұмысының қалыпты жағдайларын камтамасыз ету; б) экономикаға мемлекеттің араласуы шекараларының функциясын атқару; в) шаруашылық зандылықтарды жүзеге асыруды ұйымдастыру. 2. Мемлекет әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, функцияларын атқарады, оған нарықтық жүйе нақты талаптар белгілейді: 1-ден,нарық қатынастарды үзетін мемлекеттің кез-келген әрекеті алынып тасталынады. Ондай әрекеттерге тотальдық директивтік жоспарлау, өндірістік ресурстарды натуралдық тарату, бірақ мемлекеттік бағаның динамикасы мен деңгейін қатаң бақылап отырады. 2-ден,нарықтық жүйеге негізінен экономикалық тәсілдер көмегімен әсер етуге болады. 3-ден,экономикалық реттеушілер нарық стимулдарын төмендетуіне немесе өзгертуіне болмайды. Мыс: салықайналымын қамтамасыз ететін бағаның инфляциялық өсуін тоқтату мүмкін емес, егер жоғарғы бағадан өндірісін дамыта алмай отырған өндіруші төмен салықтық ставкі түріңде мемлекеттен жеңілдік алып отырса. 4-ден,мемлекеттік экономикалық реттеушілерді қолдана отырып, олардың әкелетін теріс немесе оң эффектілерін үнемі бақылап отыруы қажет. 5-ден,ұлттық спецификаны ескеріп отыру қажет. Мыс: Атырау облы- сындағы нарықтық процестердің АҚШ-тағы процестермен салыстыр- ғанда ерекшеліктері бар. Экономикалық және административтік тәсілдер бір-бірімен тығыз байланысты, кез-келген экономикалық реттеуші әкімшілік элементіне ие, себебі олар мемлекеттік қызметпен бақыланады. Мыс: ақша жүйесі банкаралық несие ставкісінің көтерілгендігін әкімшілік шешім қабылдаған соң ғана біледі. Сол сияқты кез-келген административтік реттеушіде экономикалық мән бар. Мыс:бағаны тікелей бақылау кезінде мемлекет өндірушілер үшін ерекше экономикалық режим тағайындайды, олардың өндірістік программаларын кері қарауға итермелейді. Ал, әкімшілік тәсілдер экономикалық таңдау бостандықты шектейді. Кейбір облыстарда әкімшілік тәсілдерді пайдалану тиімді және нарықтық механизмге қарама-қайшы емес: 1-ден,монополиялық нарықтарға қатаң мемлекеттік бақылау. 2-ден,сыртқы эффектілерді реттеу бұл сферада экономикалық реттеу- шілер жеткіліксіз, яғни әкімшілік шаралар қажет: өндірістік қызмет жүргізуге болмайтын зоналарды тағайындау, коммерциялық пайдалануға болмайтын ұлттық ресурстардың бір бөлігін консервациялау. 3-ден,елді-мекеннің экологиялық тыныш өмірін қамтамасыз ететін экологиялық стандарттарды жасау. 4-ден,елді-мекеннің жақсы тұрмысының мүмкін параметрлерін анықтау және нақты деңгейде ұстау. 5-ден,дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі ұлттық пікірлерді қорғау, мыс: капиталды импорттаудағы мемлекеттік бақылау. 3. Мемлекет арқылы алынатын қоғамдық товарлар ақша формасындағы өлшеуге болмайтын, коллективтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға бағытталған. Қоғамдық товарлардан басқа товарлар яғни сұраным ақша формасында бейнеленетін және нарық бойынша қанағаттандырылатын товарлар жеке товарлар деп аталады. Қоғамдық товарлар нақты регионалдық құрылымға ие мыс: республикалық парламент сол республиканың азаматына қызмет көрсетеді. Қоғамдық товарларға тән қасиеттер: 1) коллективті түрде қолданылады; 2) тұтынудан алынып тасталынбайды, егер қоғамның бір мүшесі қо- ғамдық товарды тұтынуға қатысса, қалған мүшелері де солай болады; 3) олардың ұсынымы мемлекеттік бойынша қамтамасыз етіледі; 4) мемлекетке қоғамдық товарларға жеке мұқтаждықтар бейтаныс. қоғамдық товарды жеке тұтынушылық басқа тұтынушыларға әсер етпейді, яғни қоғамдық товарды жеке тұтыну көлемдері бір-біріне тең және оның жиынтық ұсынымына тең. Кей жағдайда қоғамдық товарларды жеке товарлардан айыру мүмкін емес. Қоғамдық товарларды бір жағынан коллективтік тұтыну, екінші жағынан мемлекеттің салықтық және бюджеттік саясаты байланыстырады. Егер тұтынушылар қоғамдық товарларды иеленсе, кіріс салығының мөлшері қандай соны анықтау қажет. Осыларды ескере келіп, мемлекеттің экономикалық саясаты үшін мынадай қорытындылар ұсынылып отыр: 1-ден,елдің азаматы салыққа тең баға бойынша қоғамдық товар сатып алса, онда салықтан құралынатын бюджеттің кірісі мен шығысының арасындағы тепе-тендікті бір деңгейде ұстау; 2-ден,бюджеттік шығынның құрылымы қоғамдық товарларға сұраныс құрылымына сай болуы шарт. 3-ден,қоғамдық товарлардың спектрінің өсуімен, төмендеуіне сай мемлекеттік бюджетте өсіп немесе кеміп отыруы қажет. 4. Нарықтық жүйе мемлекеттің экономикалық қызметіне қатаң талаптар қояды, бірақ бірде-бір елде олар жүзеге асырылмай отыр. Мемлекеттік мекеменің нарықтық экономикадағы жағдайын қарас- тырайық. Мемлекеттік мекеме жеке құықтармен жауапкершіліктерге ие болса да, мемлекеттен тәуелсіз бола алмайды. Мемлекеттік мекеменің шаруашылық қызметінде нарық факторлары мен қатар нарықтық емес факторларда әсерін тигізеді. Сондықтан, мемлекеттік мекемелер алғашқыда өте қиын жағдайға душар болады, яғни жеке сектордың бәсекелестерімен салыстырғанда қиын жағдайда болады. Мемлекеттік мекеменің нарықтық бәсекелестікке өте нашар күйде түседі, олар мемлекеттің ерекше қарым-қатынасына (догация түріндегі көмек, кредиттік қарызын ұзарту) сенеді және олардың ешбір акционерлік қоғамның алдында міндеттілігі жоқ. Экономикада көп мемлекеттік мекемелер болса, олардың жұмысшылары кездейсоқ экономикалық жағдайды жоюға бағытталған үкімет саясатының алғашқы құрбаны болады. Әртүрлі елдерде мемлекет меншігінен алу әртүрлі мәселелер тудырып отыр. Мыс: Ресейде тек үлкен масштабты өндірісті мемлекет меншігінен алумен қатар айырбас және тарату тұрғысынан да күрделі өзгерістер жүзеге асыруды көздеп отыр. Мемлекеттік сауда сферасында бұл процесс тез жүзеге асырылуда. Тарату сферасын меншігінен алу федералдық және жергілікті бюджет арқылы кірісті таратудағы мемлекеттің ролінің өсуіне әкеледі. Дүниежүзілік тәсілдерді ескере отырып, мемлекет меншігінен алудың 4 тәсілі бар: 1)Меншікті жекешелендіру (приватизация) бұрынғы мемлекеттік меншіктің иеленушілері мекеменің коллективтері, банктер, АҚ-дар, шетел фирмалары болуы мүмкін. Жекешелендіру 100%-ке жүргізілуі мүмкін емес,кейде акционерлік капиталдың бір бөлігін мемлекет иемденгені тиімді. 2)Нарықтарды либеризациялау, мемлекеттік жаңа бәсекелестіктің нарыққа енуіне, өндірісті диверсификациялауға кері әсер ететін барьерлерді азайтады — мұның бәрі нарықты дербес етеді. 3)Мемлекеттік сектордың тазартылуы, бюджеттік түсімдердің азаюы, салықтық жеңілдікті қысқарту және т.б. нарықтық емес жағдайлардан мекемелерді тазарту. Мұның өзі мемлекеттік мекеменің бәсекелестік қабылеттілігін жоғарылатып, мемлекет меншігінен алуға дайындайды. 4)Аралас мекемелердің құрылуы. Тәжірибеде, осы тәсілдердің комбинация түрінде пайдаланылуы бай- қалады, әсіресе бастылары -жекешелендіру мен нарықты либериза — циялау. Нарықтарды либеризациялау жағдайында мемлекеттік мекеме моно- полиялылықтан бәсекелестікке айналған нарықтағы билігінен айыры- лады. Нарықтарды либеризациялау жекешелендіруді пайдаланбастан мемлекет меншігінен алуды көрсетеді. Мыс:1 мемлекеттік монополия нақты бір өнімнің 1000 бірлігін өндіріп сатты. Енді ол нарықты тұтас бақылай отырып, өндірісті арттыруға, тағы да 500 штук өндіруге ұмты- лады. Егер мемлекет нарықты либеризациялағысы келсе, онда ол 500 штук өнімнің нарыққа басқа өндірушілер арқылы ұсынылуын талап етеді. Мемлекеттік мекеменің жаңа сатылым кө 



Скачать