Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі


Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі

 

Макроэкономика теориясының негізі  ретінде микроэкономика теориясы  пайдаланылады. Микроэкономика пәні  үй – шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол «берілген» шарттарда өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механизмдері болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с. ірі бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады.

     Макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

 


Скачать