Мемлекеттік несие
Мемлекеттік несиеМемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемеле ( вексельдер және де т.б. несиелік міндеттемелер ) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіледі. Скачать |