Міндетті әлеуметтік сақтандыру
Міндетті әлеуметтік сақтандыру«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы №423-11 Заңы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі, 2006 жылғы 20 ақпандағы Зандарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген осы Заң мәжбүрлеп таратылу үстіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жасасылған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде сақтанушыларға (сактандырылушыларға, пайда алу-шыларға) тиесілі сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, кұрылу тәртібін және қызметін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу мән-жайларын (шарттылықтарын) айқындауға ат салысады. Осы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының құрылымдық мазмұны мынадай көрініс тапқан: 1-тарау. Жалпы ережелер (1—2-баптар); 2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорыньщ қызметін мемлекетгік реттеу және бақылау (3—4-баптар); 3-тарау. Қорды КҮРУ және оның қызметі (5—8-баптар); 4-тарау. Қорға қатысу тәртібі (9— 14-баптар); 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары (15—17-баптар); 6-тарау. Сактандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының кұқықтары мен міндеттері (18—21-баптар); 7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (22—24-баптар). Аталмыш Заңның заңи сипаттамасьтна тоқталмастан бұрын ескеретін маңызды жәйт, Қазақстандағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары заңнамалык актілерде көзделген белгілі бір негіздерге орай сақтандыру (қайта сактандыру) ұйымы таратылған жағдайда тиісті сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) қатысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды кепілдендіретін қор кұруға (қатысуға) құқылы. Сонымен қатар, міндетті сақтандыру рыногында өздеріне тиесілі сақтандыру қызметгерін керсететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға қатысуы міндеттілігі Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделуі ыктимал. «Сақтавдыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағының осындай ережелері «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруқоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8,9, 10, 18, 19, 24-баптарында нақтылы нысаналандырылған. Мәселен, осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес: «Қазақстан Республикасының заң актілерімен лицензиаттардьщ Қорға қатысу міндеті көзделген сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары Қор құрылған күннен бастап бір ай ішінде қатысу шартын жасасуға міндетті». Сонымен, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы зандар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепіддік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқыктық актілерінен тұрады. Осы Заңның 1-бабына сәйкес мына: 1) агент банк — банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепіддік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым; 2) кепілдік төлемі — «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міңдетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Занда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы; 3) міндетті сақтандыру шарты — Қазақстан Республикасының міндетті сақтан-дыру туралы заң актісі негізінде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты; 4) қатысу шарты — Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасасылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты; 5) өтініш беруші — Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісімен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру қүқығына лицензия алуға ниет білдірген, Қазақ-стан Республикасының зандарына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген занды тұлға не сақтандыру үйымы; 6) кредитор — мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға кұқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы); 7) етемақы төлемдері — Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасасылған міндетті сақ-тандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықакылары төлеміне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетін ақша сомасы; 8) міндетті жарналар — осы Занда және Қазақстан Республика-сының езге де нормативтік құкықтық актілерінде айкындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру үйымы төлейтін, Қазакстан Республикасы-ның міндетті сақтандыру туралы заң актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлігі түріндегі ақша сомасы; 9) міндетті сақтандыру — Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақ-тандыру ұйымының міндетті қатысуын көздейтін, Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген міндетті сақтандыру түрі; 10) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы — сақтандыру телемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып та-былатын, әзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі занды күшіне енген сақтандыру ұйымы; 11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві — міндетті жарналар есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен олар мәжбүрлеп таратылған сақтандыру үйымынан алған және тек қана кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша сомасы, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және етемақы тәлемдерін жүзеге асыруға байланысты шығыстар сомасы; 12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі — осы Занда көзделген, қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақ-тандыру жағдайы басталған кезде сактанушылардың (сақтан-дырылушылардың, пайда алушылардың) кұқықтары мен завды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені; 13) қатысушы-сақтандыру ұйымы — Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы; 14) меншікті капитал - Сактандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының оның міндеттемелеріне азайтылған активтері мен сақтандыру телемдеріне кепіддік беру резерві; 15) уәкілетті орган - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау женіндегі мемлекеттік орган; 16) шартты міндеттемелер қатысушы-сақтандыру ұйымынын төтенше жарналарды төлеу үшін ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемелері; 17) төтенше жарналар — осы Заңвда кезделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы сияқты негізгі үғымдар пайдаланылады. Сөйтіп, осы Заңның 3-тарауының «Қорды құру тәртібі және оның органдары» деп аталатын 5-бабына орай: 1) Қор коммер-циялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Қордьщ ұйымдық-құқықтык нысаны акционерлік қоғам болып табылады; 2) Қордың кұрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісім бойынша Қордың қаржылық есептілігінің көлемін, табыс ету тәртібі мен мерзімдерін айқындайды; 3) Қордың қызметіне жалпы басшылықты бес адамнан түратын директорлар кеңесі жүзеге асыра-ды. Директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның бір өкілі, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан бір өкіл, құрылтайшының бір екілі, Қордың ағымдағы қызметіне басшы-лықты жүзеге асыратын, құрылтайшы тағайындайтын Кордың бас директоры және Қордың бір өкілі кіреді; 4) Қордьщ банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашы-лады. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Қордың ағымдағы каржылық-шаруашылык қызметін жүзеге асыру мақсатында Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктер-де ашылуы мүмкін.
3. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Заңы 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11- III және 20 желтоқсандағы №13-111 ҚР Зандарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтылатын азаматтарды әлеуметтік қорғаудын, мемлекет жүзеге асы-ратын нысандарының бірі ретінде Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандырудын, құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін белгілеуге ат салысатын осы Заңның құрылымдық бөлімшелері былайша мазмұндалған: 1-тарау. Жалпы ережелер (1—13-баптар). 2-тарау. Әлеуметтік аударымдар (14— 19-баптар). 3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау (20—24-баптар). 4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан үстап қалу (2 Скачать |