Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны


Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны

 

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі — бұл зкспорт және импорт тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялармен байланысты өндірістік шаруашылық салаларының қызметтері.

Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге әкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұлттың экономиканы тұрақтандыруда қосымша ынталандырудың елеулі факторы болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты — сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру. Бұл жөнінде соңғы кездерде республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден, кәсіпорын сыртқы экономикалық факторларға икемді және  жедел сезіну, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын ұтымды пай-далану мақсатында белгілі өндірістік ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері байланысы да болады: түрлі елдердің серіктестері шаруашылылық ыңтымақтастың шеңберінде Қазақстанмен кәсіпкерлікті   нақтылы   дамытуға   елеулі   ықпал   етеді,   оның   техникалық   және   технологиялық   деңгейінің   артуы,   ең   ақырында    экономиканың    өсуіне    әкеледі.   Соңында,    төртінші, тек   ұлттық   шаруашылық   кешенінде   тұйық   оңашаланған, сыртқы   пайдалы   бәсекеден   айырылған   кәсіпкерлік,  белгілі тиімділік  дәрежеге  жете  алмайды.

Солай болғандықтан, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасында үлкен маңызы болғандықтан, оған мемлекет тарапынан барынша ыңталы қамқорлық жасау қажет-ақ. Мемлекет дүниежүзілік рынокқа шығатын ұлттық кәсіпорындарды реттестіреді және қолдайды. Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі — активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы дүниежүзілік рынокте тауарлар мен қызметті  оған   әрі  дамытуды  қамтамасыз  ететін  нысаналы саясат.

Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық, импорттық, реэкспорттық және ыңғайласпа мәмілемелер болып ажыратылады.

Экспорт — бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге міндеттемесіз шығаратын тауарлар және шетел азаматтарының қызметі мен зиялылық меншіктің нәтижесіне  мүмкіндік  беретін  құқық

Импорт — шетел сатушыларынан сатып алынатын, сөйтіп, елдің кеден аумағына сатып алушылардың алып келетін тауарлары.

Реэкспорт — шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар, елдің аумағына оларды әкелу, осы тауарларды өзінің   бастапқы    түрінде    шетелдің    сатып    алушыларына қайта сату.

Ыңғайлас сауда (ыңғайласпа мәмілеме) — экспортты, импортты операцияларды ұйымдық-ұштастыру болып табылады. Экспортшы өзінің Тауар құнының барлығын немесе сатып алушының ыңғайласпа тауар құнының бір бөлігінің төлемін қабылдауға міндеттенеді. Бұган ыңғайласпа мәмілесі тауар айырбасы негізінде баспа-бас ыңтымақтастық мысал бола  алады.

 


Скачать