Кәсіпорындар өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруы
Кәсіпорындар өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруыКәсіпорындар өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін керекті еңбек құралдарды және материалдық жағдайларды қамтамасыз ету керек. Олар өндірстік күштердің маңызды элементтері болып табылады және олардың дамуын анықтайды. Еңбек үрдісінде негізгі құралдар өте жоғары орын алады, өзінің жиынтығында олар өндірістік-техникалық базасын құрастырады және кәсіпорынның өндірістік күш-құатты анықтайды. Ұзақ уақыт бойы пайджалану барысында негізгі құралдар кәсіпорынға келіп және пайдалануға жіберіледі; тозады; жөндеуге ұшырау арқылы физикалық қасиеттері қалпына келеді; кәсіпорынның ішінде ауысады; ескіріп қалғанына байланысты немесе әрі қарай пайдалануды тиімдету үшін кәсіпорыннан шығарылып алынады. Үздіксіз ғылыми-техникалық прогрес негізінде еңбек құралдарын сандық көлемін көбейту және сапалық жақсарту – бұл еңбек өнімділіктің ұдайы өсуінің шешуші алғы шарты. Жедел техникалық прогрес жағдайында техниканың жетілдірілуі үнемі өтуде, ескі техиканы ауыстыратын жаңа, жоғары өнімділікті механизмдердің және аппараттардың түрлері құрастырылуда. Өндірістік үрдісте негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет көрсету) жаңа негізгі қорларды шығаруға салынатын күрделі салымдарды техникалық прогрес жағынан да, және сонымен бірге дұрыс жоғары тиімді пайдалану жағынан да өте жоғары маңызға иеленеді. Негізгі және айналмалы қорларды тиімді және үнемді пайдалану кәсіпорынның бірінші деңгейдегі мақсат болып табылады. Негізгі қорларды тиімді пайдаланғанын талдағаннан кейін негізгі көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жалпы тиімділігін бағалауға болады. Жалпылама сипаттайтын маңызды көрсеткіштер бойынша – қорқайтарымы және қор сыймдылығы, — осы кәсіпорында соңғы үш жыл бойы негізгі қорлар соңғы жылы тиімді пайдаланылды. Сонымер қатар еңбектің ең жоғары өнімділігі 2006жылы қалыптасты, яғни бұл жылы жұмысшының бір басына негізгі қорлардың саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда көп келетін. Бұл ең алдымен жалпы құрылымда жоғары үлес салмақты алатын жаңа қорларды еңгізу есебінен болды. Сонымен бірге кәсіпорында негізі құралдарды тиімді пайдалану есебінен өндіріс көлемін ұлғайтуға болады, бірақ ол үшін еңбектің өнімділігін көбейту керек. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін көтеру жалпы халық шаруашылығында да өте маңызды орын алады. Осы мақсатты шешу қоғамға қажетті өнімді өндіру көлемін көбейту, қалыптасқан өндірістік мүмкіншіліктің қайтаруды ұлғайту және халықты толығымен қанағаттандыру, мемлекетте жабдықтардың балансын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өнімнің өндірісінің рентабелділігін өсіру, кәсіпорынның жиналымдарын көбейту болып саналады. Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту оның айналымын жеделдету деп санауға болады, соңғысы өз кезегінде физикалық және моральдық тозу арасындағы айырманы қысқарту проблемаларын шешуге ықпалдасады, негізгі қорларды жаңарту қарқынын жетелдетеді. Негізгі қорларды тиімді пайдалану мәселелері қазіргі экономикалық реформалау кзеңінің тағы басқа мақсатымен тығыз байланысты — өндірілетін өнімнің сапасын көтеру, өйткені нарықтық бәсеке жағдайында жоғары сапалы өнім сұранысқа ие болып тезірек өткізіледі. Жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың негізгі құралдарды пайдалану интенсивті жолы — жұмыс жасап жатқан зауодтар мен фабрикаларды, әсіресе негізгі құралдардың жоғары тозуы тән кәсіпорындар үшін жедел техникалық қайта жабдықтау маңызды болып табылады. Бұл маңызда өндірістің мамандандырылуын дамытуға және жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың сәйкесті техникалық қайта жарақтануға көңіл аудармасқа болмайды. Кәсіпорынның мамандынуына тән емес өнімді өндірістен алып тастау, ірі индустриалды орталықтарға тартылатын, жұмысшы күштің резервтері бар кішігірім және орташа қалаларда арнайы өнеркәсіптік объектілерді құрастыру –бұның барлыңғы кәсіпорындардың бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ететін негізгі қорларды және өндірістік күш-құаттарды пайдалануын жақсарту мәселелерді шешу бойынша шаралардың қатарына жатқызылады. Өнеркәсіп кәсіпорындардың техникалық–экономикалық көрсеткіштерін талдау механизмдердің жаңа элементтері, оның ішінде кәсіпорынның мүлігіне салықты көбейту (өндірістік қорлар үшін қосымша төлем ақыларды нақты еңгізу), рентабелділікті және басқа да қаржылық көрсеткіштерді анықтау үшін жаңа әдістемелерді қолдану мүмкіндік негізгі өндірістік қорларды пайдалануына ықпалдасады. Негізгі қорларды анағұрлым толық пайдалану өнім өндірісінің көлемінің өзгеруі барысында жаңа өндірістік күш-құатты іске қосу қажеттілік азаяды, ал сонымен кәсіпорынның пайдасын тиімді пайдалануға (тұтыну қорға пайдадан салымдардың үлесін көбейту, жинақтау қордың көп бөлігін технологиялық үрдістерді механикаландыруға және автоматтандыруға бағыттауға мүмкіндікті туғызады) ықпалдасады. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін көтеретін техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық факторлары бойынша кәсіпорындардың ұдайы жұмысы табысты өндірістік-шаруашылық қызметтің, қаржылық жағдайдың тұрақтылығының, дамып жатқан нарықтық қатынастар жағдайында бәсекелік қабілеттілігінің өсірудің кепілі болады. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің халыққа жолдауы 2010ж. 2. Бабаев Ю.А. Теория бухгалтерского учёта: Учебник для вузов. – 2-е издание., переработанное и дополненное. – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2001. – 304 б. 3. Мельник М.В., Герасимова Е.Б. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия.: Учебное пособие М.: Форум, - 2008. – 192 б. 4. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: Оқу құралы.-Астана: «Фолиант» баспасы, 2005.-176б . 5. Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы. Практикум.-Алматы: Экономика, 2006.- 106б . 6. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы — Алматы: Экономика, 2003.- 252б. 7. Базарбеков Ж. Негізгі қорларды жіктеу // Бухгалтер бюллетені.-2005.- №37.- 4-6 бб. 8. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск.- 2002.- 687б. 9. Ковалев В.В, Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Москва.-2004.- 424б. 10. Экономика предприятия. Учебник/Под ред.проф. Сафронова Н.А. – М: «Юристъ», 2000.- 584 б 11. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности: Учебник.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 251б 12. Киреев В.Д., Пронченко А.Г. Экономика предприятия. Ростов н/Д: «Феникс», 2003.-506б. 13. Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы: Экономика. – 2008 – 791б. 14. Экономика предприятия. Учебник. Под ред. Горфинкеля В.Я., Швандара В.А. М: 2007, - 670б. 15. Сергеев И.В., Веретенников И.И. Экономика организаций (предприятий). М.: ТКВелби, Прспект, 2007 – 560б Скачать |