Кәсiпкерлiктiң ұйымдастырылу формалары
Кәсiпкерлiктiң ұйымдастырылу формаларыМемлекет басшысының 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жағынан жаңаруын жеделдетуге байланысты мәселелердi жан-жақты айтып бердi. Президент Жолдауында бәсекеге қабiлеттi экономиканың үлгiсiн таңдай отырып, бәсекелестiкке қарымы мол басым салаларды дамытуға кiрiсiп, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесiнiң дамуына жол ашылғандығы айтылды. Сондай-ақ елбасымыздың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал етеді. Қазірдің өзінде «серпінді» аталудан үміткер жүзден астам жоба пайда болды. Ақтөбе облысындағы үшінші Жаңа жол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинаттары мен мыс қорыту зауытын салу, Атырау қаласында алғашқы интеграциялансған газ-химия кешенінің, Астана қаласында шина жасау кешенін құру жөніндегі жобаларды іске асыруды жалғастыруды атап өтті. Тұтастай алғанда «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын жаңа деңгейге шығаруы тиіс. Кәсiпкерлiктiң ұйымдастыру формаларының салыстырмалы талдауын жүргiзе отырып, олардың әр қайсысының оң және терiс жақтары болатындығын айтуға болады. Бiздiң көзқарасымызша, біріккен кәсiпорын әр түрлi елдердiң капиталдары шоғырланған оптималдық ұйымдастыру формасы болып табылады (өндiрiс, сатып алу, сату, қызмет көрсету, т.б.) бiрлестiктiң ұзақ мерзiмдi мәселелерi жөнiнде келiсiмi бар, анықталған экономикалық нәтижеге жету мақсатында кәсiпорындарды бiрлесiп басқару, салынған капиталдарымен сәйкес пайда мен залалды бөлуде жақтардың қатысуы өндiрiстiң масштабынан үнем мүмкiндiгi бар біріккен кәсiпорындары шоғырланған, сол сияқты шетелдерге өндiрiс өнiмдерiн өткiзу Қазақстанда біріккен кәсiпорын құрудың қажеттiгi, біріккен кәсiпкерлiк әлемдiк экономикалық шаруашылықтың жүйесiне елдiң кiруiне мүмкiндiк жасайды, сол сияқты рынок инфрақұрылымын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Біріккен кәсiпорын үшiн алдыңғы технология, жоғарғы еңбек өнiмдiлiгi, еңбек ақы деңгейiнiң жоғарылауы ауыспалы экономикаға оң ықпал жасайды. Қазақстан қолайлы инвестициялық жағдай жасауға ұмтылуда. Қазақстандағы инвестициялық қызметтi реттейтiн бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленiп iске қосылды. Шетел инвесторларын қызықтыратын экономикалық факторлар: Қазақстанның бай табиғи ресурстары, аграрлық және өнеркәсiптiк әлеует, стратегиялық орналасқан жерi, iшкi саяси тұрақтылығы, сол сияқты инфляциялық процестiң тұрақтылығы, кәсiпорындардың қаржы жағдайының жақсаруы, банк ставкаларының төмендеуi және т.б. Инвестициялық климат – рыноктың реформаларының пiсiп жетiлу критерийi, меншiк құқықтарының тұрақтануына, сол елдегi жалпы жағдайға әлем қауымдастығының сенiмi. Соңғы жылдары шетелдiк инвесторлардың ОҚО экономикасын дамытудағы ролi өсуде. Капиталистiк мемлекеттердiң ұйымдарының қатысуымен біріккен кәсiпорындарды дамыту батыстың жасанды шектеулерi саяси және экономикалық сипат алады. Сонымен қатар Шығыс-Батысқа қатысты біріккен кәсiпорындардың дамуына iшкi рыноктың сыйымдылығы, ҚР қомақты ғылыми-техникалық әлеуетi, табиғи ресурстардың байлығы сияқты факторлар әсер етедi. Бiздiң елiмiздiң кәсiпорындарының сыртқы экономикалық қызметiнiң тиiмдiлiгiн жетiлдiру кедендiк тариф, валюталық ауытқу, бюджеттiк салықтар, несиелiк саясат және т.б. сияқты iшкi және сыртқы факторлармен тiкелей байланысты. Бұл мәселелердiң барлығы да әлемдiк экономиканы интеграциялау дәрежесiне тiкелей байланысты. Бiздiң стратегиялық мiндетiмiз – бәсекеге қабiлеттi елдердiң қатарынан лайықты орын алу. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Скачать |