Корпоративті құнды қағаздар нарығы: Мәні және қазіргі жағдайы
Корпоративті құнды қағаздар нарығы: Мәні және қазіргі жағдайыҚор нарығының капиталға айналдыруын ұлғайту бойынша күрделі масштабты акциялар, көбінесе акция нарығында, Қазақстанда «голубые фишки» атты бағдарламасынан басталды. «Голубые фишки» бағдарламасы — қор нарығына мемлекет пакет акцияларын сақтайтын күрделі акционерлік қоғамдардың акциялары туралы Қазақстан Республиксы Үкіметінің «Құнды қағаздармен биржалық сауданы белсенділігі бойынша әрекеттер туралы» 1996 ж. 14 желтоқсанындағы № 1538 қаулысымен анықталған іс-шаралар кешенінің шартты атаулары. Аталған кешен, базалық АҚ тізімін анықтауды және қор нарығы арқылы сатуға жататын мемлекеттік пакет акциясының бөлігі банктерді қоса алғанда басқа да өнеркәсіптік салаларды өзіне қосады. Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің «Мемлекеттік пакет акциясының бір бөлігі қор биржасында жүзеге асатын шаруашылықты жүргізетін субъектер тізімін бекіту туралы» 1996 ж. 31 желтоқсанда қабылданған № 176 қаулысы мемлекеттік акция пакеттерінің бір бөлігі қор биржасында жүзеге асатын 22 АҚ тізімін және мемлекеттік акция пакетінің ары қарай бір бөлігі қор биржасында жузеге асырылу үшін сақталынған 34 АҚ тізімін анықтады. Берілген тізімдерге: мұнайгаз кешенінінің күрделі акционерлік қоғамдары, банк жүйелері, телекоммуникациялық салалр, алушы және өңдеуші өнеркәсіптік салалар, электрлік желілер және т.б. кірді. Аталған тізімдерге жекешелендіру бағдарламасына кірген акционерлік қоғамдар құрамына қатысты өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасында 1997ж 3 наурызында мемлекеттік акция пакеттерінің бір бөлігін бастапқы орнату үшін жетекші менеджерлерді таңдау бойынша күрделі шет ел инвестициялық банктерімен тендрге қатысуға шақырылымдар өсе бастады. Бұл тендр шарттарының негізгі тапсырмалары болып тек қана акцияларды сату емес, белсенді және өтімді құнды қағаздар нарығын құру болды. 1997 жылдың ортасына дейін, инвестициялық қорлары өкілдерімен үкімет жиналыстары және жұмыс жиналсытары өткізілді. Алматы қаласында 19 шет ел инвесторлы банктері және қорларының қатысуымен 1997 жылдың 25-25 шілесінде өткізілген жиналыс үлкен орын алды. Бұл жиналыс инвестициялық тендр бастамасы болып келді, осы жиналыстың қызығушылық білдіретін қатысушыларымен 13 АҚ мемлекеттік акция пакетінің бір бөлігін бастапқы орнату үшін жетекші менеджерлерді таңдау бойынша тендрге қатысу үшін 1997 жылдың 15 тамызына дейін тапсырыс беруді ұсынды. 1997 жылы әлемдік экономиканы қамтыған дағдарыс оқиғасына сәйкес, шет ел портфель инвесторлары отандық құнды қағаздар нарығынан өз қаражаттарын асыға шығара бастады және мемлекеттік акция пакетін сату тиімділігі туралы сөз жоқ болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 қарашасындағы № 1588 қаулысымен тендр нәтижесі шығарылды. Берілген қаулы, АҚ санын, алғашқы орнатылым процедурасы арқылы сатылатын мемлекеттік акция пакетінің бөлшегін 13-тен 5 дейін азайтты. Мемлекетке жататын акциялардың сатылымы басқа АҚ тоқтатылды. 1998 жылдың сәуір айында инвестициялық банктермен келіссөздерді өткізу бойынша екі тендрлік комиссия жиналыстары өткізілді. Қаржы Министрлігімен алғашқы төрт «голубых фишек» (көгілдір фишкалар): «Актөбемұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазақмыс» Корпорациясы», «Усть-Каменогорский титано-магниевый комбинат» мемлекеттік акция пакетінің бір бөлігін орналастыруды өткізу бойынша тендр жеңімпаздарының мандаттарына қол қойылды. Ең ауыр қиыншылықты шешу Қазақстанның Акционерлік Ұлттық Жинақ Банкіне қатысты болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстанның Акционерлік Ұлттық Жинақ Банкінің сұрақтары» туралы 1998 ж. 18 маусымындағы № 559 қаулысымен 1998 жылдың III-тоқсанының аяғына дейін 10% көлемінде жарғылық капиталдан 301 200 000 тенге соммасына қор нарығында аталған банкінің мемлекеттік акция пакетінің бір бөлігін сату қарастырылды. Алайда көрсетілген мерзімде, үкімет бұл акциялардың сатылуы туралы хабарландыру берген жоқ, ал 1998ж 6 желтоқсанында өзінің «Қазақстанның Ұлттық Жинақ Банкі» ашық акционерлік қоғамының акция эмиссиясы туралы» № 1247 қаулысымен жоғарыда аталып кеткен қаулысымен бекітілген мемлекеттік акция пакетінің бір бөлігін сату туралы шешімінің күшін жойып, мемлекеттік мүлік Департаментіне және қаржы Министрлігіне «НСБК-групп» ААҚ келіу бойынша шығарылым және 301 200 000 тенге соммасында төртінші эмисся акциясын ашық орнату мәселесін қарастыру мақсатымен банк акционерлерімен ортақ жиналысты өткізуді тапсырды. 1998 жылдың 14 ақпанындағы Қазақстан Республикасы примьер-министрінің № 40-р өкімімен мемлекеттік акция пакетін орнату бойынша инвестициялық тендр жеңімпаздарымен келіссөздерді өткізу бойынша жұмыс клмиссиясы құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік меншікті тиімді басқару бойынша іс-шара жоспарын бекіту туралы» 1998ж 19 маусымындағы № 575 қаулысымен акционерлік қоғамдар («Казахстанның Алюминдері», «Қазхром», «Соколовско-Сарбайское таулы-байытылған өндірістік бірлестігі», «Казцинк», «Оңтүстік-Қазақстан мысты-химиялық комбинаты»), тізімі, халықаралық және ішкі қор нарығында жүзеге асыруға көзделген мемлекеттік акция пакеттері бекітіліді. 1998 жылы 5 қарашада өткізілген жұмыс комиссиясының жиналысында, 1998 жылдың 15 желтоқсанына дейін халықаралық және отандық қор нарығында «Соколовско-Сарбайское таулы-байытылған өндірістік бірлестігі» АҚ, «Казахстанның алюминдері» АҚ, «Қазхром» АҚ, «Қазцинк»АҚ мемлекеттік акция пакеттерін орнату бойынша өкілетті мандаттарға қол қою тендрлерін өткізу туралы шешім қабылданды. Осы отырыста, «Оңтүстік-Қазақстан мысты-химиялық комбинаты» АҚ мемлекеттік акция пакетін KASE-ке сату туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, акцияның жалпы санынан 90% көлеміндегі аталған акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакеті өзінің капиталында 1998ж 20 қарашасында 524 779 300,08 теңгеге биржалық сауда-саттық барысында сатылды. 1998 жылдың 25 қарашасынан 31 желтоқсанына дейінгі мерзім аралығында «екінші эшелонды» кәсіпорындардың мемлекеттік акциялар пакетін ұйымдасқан қор нарығына шығаруды жүзеге асыру аясында KASE 38 акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакеті сатылымға шығарылды. Сауда-саттық барысында «екінші эшелонның» 5 акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакеттері 766 450 372,10 тенге соммасына сатылды («Оңтүстік-Қазақстан мысты-химиялық комбинаты» АҚ мемлекеттік акциялар пакеті бойынша келісімдер есебісіз), олардың 1998ж 1 қаңтарына нақты 169 494 563,00 тенге соммасы төленді. 1999 жылдың 10 желтоқсанында «Қазақстанның Ұлттық Қор Банкі» ашық акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетінің бір бөлігін жекешелендіру бойынша тендр өткізілді, «Азия-Инвест» консорциумі өткізілген тендр жеңімпазы болып шықты. Нәтижесінде мемлекеттің үлесі аталған банкінің жарғылық капиталында 50% дейін және 1 акцияға төмендеді. Бұндай әдіспен, бүгінгі күні «көгілдір фишкалар» бағдарламасын ұйымдастырушылар пікірі бойынша акция нарығының жоғары өтімділік негізін құрау керек болған алғашқы 22 инвестициялық қатысқан кәсіпорындардың 2001 жылы нарықта «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ААҚ (12,1%) (2000 жылы — «ШЫМКЕНТМҰНАЙОРГСИНТЕЗ» ААҚ қарапайым акциялары — 16,2%) жеңілдікпен пайдаланушы акциялары айналымда болды. Реттеуші органдарға қор нарығының берілген сегментін дамытуға қабілетсіз деп кінә артуға болмайды. 2002 жылы 120 акционарлік қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакеттерін және жылжымайтын мүлік және мүліктік кешендердің әлеуметтік саласындағы 800 нысандарды жекешелндіру жоспарланып отыр. Қаржы Министрілігінің деректері бойынша 2001 жылы 84 АҚ және 11 мүліктік кешендер мемлекеттік акциялар пакеттері сатылымға шығарылды, олардың 69 және 8 сатылды. 2000 жылмен салыстырғанда сатылған мемлекеттік акцилар пакеттер саны 2 есеге көбейді (33 болған). Әлеуметтік сала нысандарының және жылжымайтын мүліктердің былтыр 1564 сатылымға шығарылды, олрадың 1002 нысаны сатылды.[1]. Мысалға, 1999-2000жж Қазақстан Республикасының құнды қағаздарын дамыту бағдарламысымен анықталған құнды қағаздар нарығының негізгі бағыттарын ары қара» жүзеге асыру бойынша 2001-2003жж іс-шара жоспарына сәйкес, Ұлттық Банкінің пікірі бойынша Қазақстандағы акция нарығын белсендіруге әсерін тигізетін бірнеше іс-шаралар тізімі көзделген. Жоғарыда белгіленген қаулымен, халық бөлігіндегі акционерлік қоғамдардың төлем тәртібін және құнды қағаздар бойынша кірісті төлеу, корпоративтік басқару ережесін және оның қызметін жетілдіру, олардың қызметінің «айқындылығын» жоғарлату мақсатында мемлекеттік емес құнды қағаздар эмитенттерінің қызметін мемлекеттік реттеуді оңтайландыру қарастырылған. Қазақстанда бірнеше жылдар бойы жоғары өтімді акциялардың болмайтындығын жалпы болжауға болады. Бұндай болжаудың негіздері, акция нарығының дамуы бойынша келесі факторлар негізінен алынған: - жеке меншік құрылымының жағдайы және қор нарығының параметрлері; - шаруашылық айналым ақшамен және қор нарығының капиталға айналу деңгейімен қаншалықты қамтылған тәуелділігі; - эмитетнттердің транспаренттілігінің талдауы; - жекеменшік құрылымы және қор нарығының параметрлері. Жекеменшік құрылымы қор нарығының құрылымын анықтайтыны бәріне мәлім. Жекеменшік құрылымы қаржы нарығының құрылымын қатал анықтайды. Осыдан пайда болған негізгі себеп тергеудің байланыстылығын талдап көрейік: Бүкіләлемдік банктерінің деректері бойынша, жекеменшік және Қазақстандағы нарықтың жуық мінездемесі төмендегідей көрсетіледі: - 60-70% кем емес акционерлік капиталдары Қазақстанда күрделі немесе бақылаудағы пакеттеріне жиналған; Скачать |